Қарашаның жиырма бесі Сынып жұмысы
4-бөлім.Сүйіспеншілік пен достық
Сабақтың тақырыбы:Бөлім бойынша жиынтық бағалау.Қайырымдылық.Есімшенің сөйлемдегі қызметі
Оқыту мақсаты:О.6.Оқылым стратегияларын қолдану: комментарий жасау, іріктеп оқу, зерттеп оқу.
ӘТН.4.Есімшенің сөйлемдегі қызметін тілдесім барысында қолдану
Сабақтың мақсаты:Оқылым стратегияларын қолдану
Мәтінді мұқият оқы, тапсырмаларды орындауда ескеріңіз.
Аязды күні қала сыртында шаңғымен серуендегенге не жетсін! Орман шетімен жол бойын жағалап келе жатыр едім, көлденең кесілген бір ізге көзім түсті.
Міне, қызық, мынау құс жолы ғой. Шиырланған ізден кіп-кішкентай құс табанының бедері ап-айқын білініп тұр. Кәдімгі жалғыз аяқ жол дерсің. Ол құс неге ары-бері жүре берген? Таңданғаным сондай, бұл қандай құс екенін білуге деген әуестік жеңді. Ізбен келе жаттым. Іздері кіп-кішкентай екенін білдім.
Бір кезде әлгі із қар үйіндісіне келгенде жоқ болып кетті. Тізерлеп отырып қардағы қуысқа қолымды тықтым. Саусағымды шым еткізіп бірнәрсе тістеп алғандай болды. Қолымды еріксіз тартып алдым. Содан кейін тағы да әрекеттеніп, ұзынқұйрықты сарғылт түсті торғайды ұстап алып шықтым. Ол жүрегі тулап тұрса да, босануға әрекет еткен жоқ. Жерге қоя беріп едім, ұша алмайды екен. Кішкентай құстың әл-дәрмені жоқ, қарны ашқан, әрі тоңса керек. Мен оны қолғабымның ішіне салып алдым да, үйге алып келдім. Көпе-көрнеу өлімге тастап кетуге дәтім бармады.
Үйге келген соң, торғайға жем-су бердім. Қарны әбден ашқан екен. Ол тіпті жем сұрап секектеп артымнан қалмай еріп жүретін болды. Біраз күннен кейін торғай ұша алатын халге жетті. Көктемде торғайды алғаш көрген жеріме алып келдім. Ол жеп-жеңіл көтеріліп, жасыл бұйра қайың арасына кіріп көрінбей кетті.
1-тапсырма. Төмендегі сұрақтарға пікіріңізді білдіріңіз.
1.Адамдар бойындағы қайырымдылыққа жататын қандай жақсы қасиеттерді бағалайсыз?
2.Адамдар бойында қайырымсыз неліктен жаман қасиеттер болады деп ойлайсыз?
Дескриптор Білім алушы
- сұрақтарға дұрыс жауап береді;
- тақырып бойынша өз пікірін білдіреді.
2-тапсырма.Мәтінді оқып шығып, тақырып қойыңдар.
1.
2.
Дескриптор Білім алушы
-мәтін мазмұнын түсінеді;
-мәтін мазмұнын ескере отырып, тақырып қояды.
3-тапсырма. Бұрыс па? Дұрыс па? сұрақтарының «Дұрыс» нұсқасын толтыр.
Бұрыс Дұрыс
Міне, қызық, мынау түлкі жолы ғой.
Жерге қоя беріп едім, ұша алады екен.
Тауға келген соң, торғайға жем-су бердім.
Мен оны тонымның ішіне салып алдым да, тауға алып келдім.
Дескриптор Білім алушы
- кесте бойынша берілген ақпараттарды іріктейді;
- дұрыс нұсқасын толтырады.
4-тапсырма. Мәтіннен есімшелерді тауып, олардың түрлену ерекшелігін түсіндіріңдер, сөйлемдегі қызметін анықтап жазыңдар.
Үлгі: серуендегенге не жетін!-түбірі-серуен-зат есім,-де- зат есімнен етістік тудыратын жұрнақ, -ген-есімше жұрнағы, -ге- барыс септігі, сұрағы неге не жетін?толықтауыш.
Дескриптор Білім алушы
-мәтіннен есімшені табады;
-есімшенің түрлену ерекшелігін түсіндіреді;
-есімшенің сөйлемдегі қызметін анықтап жазады.
Жетістіктері соңғы 3 жылда:
Республикалық олимпиаданың және ғылыми жобалар конкурстары:
1 алтын, 5 күміс , 11 қола медаль, 9 грамота
Халықаралық олимпиада:
"Ғылым әлемін ашамыз" - 6 жүлделі орын және 2 грамота
"Компьютерлік физика" Мәскеу қ. - 3 жүлделі орын
"Математика және жобалау"Мәскеу қ. - 4 қатысушы
Азия-тынықмұхиттық математикалық олимпиадасы - 1 оқушы
Кипр -1 орын
Фиджип-Евроталант (Франция)- 1золото, 1 күміс және 12 диплом
Оқушысы Қазбеков Диас "атағына ие болды, " жыл Оқушысы - 2012"
Ғылыми-техникалық жобалар бойынша республикалық олимпиадалар:
1 алтын, 5 күміс, 11 қола медаль және 9 алтын медаль
Халықаралық әйелдер олимпиадасы:
«Ғылым әлемін аш» - 6 жүлде және 2 грамм
«Компьютерлік физика». Мәскеу - 3 жүлде
«Математика және технологиялар» Мәскеу - 4 қатысушы
Азия-Тынық Мұхиты математикалық олимпиадасы - 1 қатысушы
Кипр -1 Құрметті орын
Fijiep-Eurotalant (Франция) - 1 алтын, 1 күміс және 12 диплом
Құжаттар Оқушы Қазбеков Диас «2012 жылғы оқушы» атағына ие болды