Ардақты айбын асқан алашымнан
Ақылды азаматтар жаратылған
Ақ тулы Абылайлар – дара тұлғаң
Бұқар жырау байламды бағыт беріп,
Бірлігімнен қазақтың бағы ашылған.
Төле би, Әйтеке мен Қазыбектер
Ой түйінін қопарған нақ асылдан
Қабанбай, Бөгенбай мен Наурызбайлар –
Қазақты алып шыққан нақ асылдар
Кеңгірбай, Алшынбай мен Құнанбайлар
Ақ сұңқардай аспанда аласұрған.
Ұлы Абай, Мұхтар менен Шәкәрімдей
Семейдің даласында дана туған.
Бас иіп, бақ тіледім бар анаға
Ардақты асылдарды ана туған.
Сырлы сөзді сарала санаңдағы,
Құдіретті өнер дарыған саған-дағы
Арқырап келіп қалған аманбысың,
Азулы алты қарыс Аманғазы?!
мәтінінің айбын асқан алашымнан ақылды азаматтар жаратылған ақ тулы абылайлар – дара тұлғаң бұқар жырау байламды бағыт беріп, бірлігімнен қазақтың бағы ашылған. төле би, әйтеке мен қазыбектер ой түйінін қопарған нақ асылдан қабанбай, бөгенбай мен наурызбайлар – қазақты алып шыққан нақ асылдар кеңгірбай, алшынбай мен құнанбайлар ақ сұңқардай аспанда аласұрған. ұлы абай, мұхтар менен шәкәрімдей семейдің даласында дана туған. бас иіп, бақ тіледім бар анаға ардақты асылдарды ана туған. сырлы сөзді сарала санаңдағы, құдіретті өнер дарыған саған-дағы арқырап келіп қалған аманбысың, азулы алты қарыс аманғазы?! өлеңнің мағынасын айт
Тілім менің - таусылмайтын байлығым. Ең құдіретті де қастерлі өз ана тілім. Шыр етіп дүниеге келгеннен бері ана тіліммен өсіп келемін. Ана тілі арқылы алғашқы әліппені таныдым. Содан бері міне, өз ана тіліммен сусындап келемін. Өз тарихымды танып білдім. Туған тіліміздің абыройын асқақтату – әрбір азаматтың борышы. Себебі, біздің болмысымыз, салт - дәстүріміз, дініміз, мәдениетіміз осы тілімізде жатыр. Тәуелсіз елдің жас ұрпағын парасатты, білімді, іскер, қабілетті, ұлтжанды етіп қалыптастыруда мемлекеттік тіліміздің атқаратын қызметі өте жоғары. Сондықтан да туған еліміздің мемлекеттік тілін білуге міндеттіміз. Өйткені, тіл - ата - бабамыздан бізге қалған аманаты. Ата - баба мұрасын жалғастыру, оның мәртебесін көтеру мына баршамыздың міндетіміз, парызымыз. Тіл арқылы ақындарымыз бен жазушыларымыздың. даналардың сөздерін, өлең - жырларын оқып білеміз, олардан ғибрат аламыз. “Өнер алды – қызыл тіл” деген осыдан шыққан болар. Елінің болашағын ойлаған,. құрметпен қараған әрбір азамат ана тілін сақтап қалуы үшін қолынан келген көмегін аямауы тиіс. Асыл қазынамызға айналған қазақ тілінің құндылығының арта беруіне әрдайым өз үлесімді қосамын. Тәуелсіз Қазақстанның көгінде көк байрағымыз желбіреді, әр қазақтың жүрегінде Әнұранымыз айтылды, өзіміздің қазақ тілімізбен қайтадан қауыштық. Қазақстан Республикасының тіл туралы Заңы қабылданды. Бұның бәрі Елбасының көреген саясатының арқасында деп білемін. Ендігі біздің міндетіміз тілімізді сақтап, сол тілде сауатты жазып, ойымызды қазақ тілінде таза жеткізу, ардақтап құрметтеу.