Қарны ашқан күшік тауда қаңғып жүрсе, қасқыр жүгіріп келіп: — Ей, күшік, мен сені жеймін! – депті.
— Қой, көкешім, қой! Әуелі мені тойғыз, сонан соң жерсің, – депті күшік.
Қасқыр:
— Жарайды, жарайды! Менің соңымнан қалмай ере бер, – депті.
Екеуі бірге келе жатып, бір топ сиырды көріпті. Қасқыр өзінің жолдасына қарап:
— Маған қарашы: менің көздерім, құлақтарым, аузым, құйрығым қандай екен? – депті.
— Сенің екі көзің шоқтай қызарып жайнаған, екі құлағың жымиған, аузың арандай ашылған, құйрығың артқы екі аяғыңның арасына қыстырылып, жас шыбықтай болыл майысқан, – депті күшік.
— Мен не қылар екем, соны қара, – депті де қасқыр шапшып барып, бір бұзаудың тамағына жабысады да тұншықтырып өлтіріп, күшікті де тойғызады, өзі де тояды.
— Мен тойдым, сенің етіңді енді жемеймін. Қош бол! – дейді де қасқыр желе жортып, кетіп қалыпты.
Күшік бұзаудың жемтігінің қасында қалып, үш күндей тегін етке тойып жатыпты. Ақырында, іші пысқан соң, қаңғып жортуылға шыққан екен, бір аш мысыққа кез болып, оған:
— Ей, мен сені жеймін! – депті.
— Қой, күшеке, қой! Әуелі мені тойғыз, сонан соң жерсің, – депті мысық.
— Жарайды! Менімен бірге еріп жүр, – депті күшік.
Біраздан соң бұлар бір топ түйеге келіпті.
Күшік:
— Мысық! Маған қарашы: менің көздерім, құлақтарым, аузым, құйрығым қандай екен? – депті.
— Несін айтасың! Сенің көзің бозарып тұр, құлақтарың салпайып тұр, аузың аңқайып тұр, тілің салақтап, құйрығың салпаңдап тұр, – депті мысық.
Сонда бұған күшік:
— Енді мен не қылар екенмін, көр! – депті.
Күшік жүгіріп барып, бір түйенің аяғын тістейін дегенде, түйе мұны дәлдеп тұрып, басқа теуіп қалыпты, күшік сол арада сеспей қатыпты. Сонда мысық айтыпты:
— Әй, мақтаншақ! Сен әліңе қарамай, қиын іске қолыңды созасың! Сенің етіңді енді мен жеймін, – депті.
ПЕРЕВЕДИТЕ ОЧЕНЬ НАДО
Пока голодный щенок бродил по горам, прибежал волк:
- Эй, щенок, я тебя съем! - он сказал.
- Давай, тетя, давай! «Сначала накорми меня, а потом будешь есть», - сказал щенок.
Волк:
- Хорошо, хорошо! Следуй за мной, - сказал он.
Идя вместе, они увидели группу коров. Волк посмотрел на своего товарища:
- Посмотри на меня: как у меня глаза, уши, рот и хвост? - он сказал.
«Твои глаза красные, уши улыбаются, рот широко открыт, хвост зажат между задними лапами, и ты согнулся, как молодая веточка», - сказал щенок.
«Смотри, что я собираюсь делать», - сказал волк.
- Я наелся, я больше не буду есть твое мясо. До свидания! - сказал волк и убежал.
Щенок оставался с добычей теленка и в течение трех дней ел бесплатное мясо. Наконец, когда он проголодался, он пошел на прогулку и встретил голодного кота.
- Эй, я тебя съем! - он сказал.
- Давай, детка, давай! «Сначала накорми меня, а потом будешь есть», - сказал кот.
- ХОРОШО! Следуй за мной, - сказал щенок.
Через некоторое время они подошли к группе верблюдов.
Щенок:
- Кот! Посмотри на меня: как у меня глаза, уши, рот и хвост? - он сказал.
- Что ты говоришь! «Твои глаза бледные, в ушах звенят, рот открыт, язык вял, а хвост виляет», - сказал кот.
Тогда щенок сказал:
- Что мне теперь делать? - он сказал.
Когда щенок побежал и попытался укусить одну из лап верблюдов, верблюд заметил ее и пнул вторую, и щенок замер. Тогда кот сказал:
- О, горжусь! Вы все еще усердно работаете! Я съем твою плоть сейчас.
голодный щенок ходил в горах, волк подбежал к нему:
эй, щенок, я тебя съем! - сказал
перестань, дядя, перестань! покорми меня сначала, потом ешь - сказал щенок
волк : хорошо, хорошо Я один не останусь
вместе шли, одну группу коров нашли
волк на свою дорогу посмотрел
на меня посмотри : мои глаза, уши, рот, хвост какие? - сказал
извини остальное перевести не могу)