- Арман, қалай ойлайсың, біздің тыныс алып отырғанымыз ауа таза ма? - Жоқ, ауаны тап-таза деп айта алмаймыз. - Неліктен? - Себебі қазіргі кезде машиналар, әртүрлі көліктер көп жүреді. Зауыттар ауаны ластайды. Адамдардың бірі далаға қоқыс тастап кетеді, бірі шылым шегеді. - Арман, мен далада сірінкемен ойнап, от жағып жатқан балаларды көрдім. Олар да ауаны ластайды ғой, иә? - Әрине, ластайды. Отпен ойнағанның салдары ауаны ластаудан басқа да дерттерге әкелуі мүмкін. Бұл балалардікі дұрыс емес. Отпен ойнауға болмайды! - Ал лас ауадан адам ауыруы мүмкін бе? - Иә, осы айтып кеткен ауаны ластайтын заттар адамға ауру әкеледі. Сондықтан ауаны ластамауға тырысу керек. - Ал ауаны қалай ластамауға болады? - Ол үшін біздің істей аларымыз қоқыс тастамау және өсімдіктер өсіру. - Ал өсімдіктің қандай пайдасы бар? - Олар көмірқышқыл газын жұтып, оттегін бөліп шығарады. - Оттегі деген не? - Оттегімен тірі ағзалар адамдар, жануарлар, т. б. тыныс алады. - Міне керемет! Бізге мұғалім өсімдік әкеліңдер дегені осы екен ғой. - Иә, осылай таза ауаны сақтау керек.
Үйдің жанынан компьютер курсы ашылды. Оған баратындар үлкен кісілер. Олардың компьютерлік сауаттылықтары тіпті жоқ. Менің атам курс ашылғанына қатты қуануда. Ол қазір әлеуметтік желіде көп отырады. Бұрын компьютердің алдынан шықпайсыңдар,- деп бізге ренжуші еді. Ол алғашқы күндері компьютерді қалай қосып, сөндіруді білмей менен сұрап жүрді. Аздап сауаттылығы артып келеді. Құжаттарды қалай басу керектігін үйренді. Оларды қалай сақтап қою керек екенін көрсеттім. Әлеуметтік желі арқылы алыстағы достарымен хат жазып, хабарласады.
- Жоқ, ауаны тап-таза деп айта алмаймыз.
- Неліктен?
- Себебі қазіргі кезде машиналар, әртүрлі көліктер көп жүреді. Зауыттар ауаны ластайды. Адамдардың бірі далаға қоқыс тастап кетеді, бірі шылым шегеді.
- Арман, мен далада сірінкемен ойнап, от жағып жатқан балаларды көрдім. Олар да ауаны ластайды ғой, иә?
- Әрине, ластайды. Отпен ойнағанның салдары ауаны ластаудан басқа да дерттерге әкелуі мүмкін. Бұл балалардікі дұрыс емес. Отпен ойнауға болмайды!
- Ал лас ауадан адам ауыруы мүмкін бе?
- Иә, осы айтып кеткен ауаны ластайтын заттар адамға ауру әкеледі. Сондықтан ауаны ластамауға тырысу керек.
- Ал ауаны қалай ластамауға болады?
- Ол үшін біздің істей аларымыз қоқыс тастамау және өсімдіктер өсіру.
- Ал өсімдіктің қандай пайдасы бар?
- Олар көмірқышқыл газын жұтып, оттегін бөліп шығарады.
- Оттегі деген не?
- Оттегімен тірі ағзалар адамдар, жануарлар, т. б. тыныс алады.
- Міне керемет! Бізге мұғалім өсімдік әкеліңдер дегені осы екен ғой.
- Иә, осылай таза ауаны сақтау керек.

Объяснение: