. Қарсылықты бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлем құрастыру. Үлгі:
Қарсылықты салалас
Қазір бөгелген түйіні, қалаған тұжырымы осы еді, бірақ оны балаларға айтудың да, айтпаудың да орайын таппады.
Қарсылықты бағыныңқы сабақтас Қазір бөгелген түйіні, қалаған тұжырымы осы болғанмен оны балаларға айтудың да,
айтпаудың да орайын таппады.
1. Ағаштың арасына кіре, өкпек желден құтылдым, сонда да тоңған денемнің түршігуі басыла қоймады. 2. Беккер жолдастың түсінігі еске алынсын, бірақ бұл оқиғаны аяқсыз қалдыруға болмайды. 3. Жел ауаны тазартсын, -дауыл боп құтырмасын. 4. Күн жауып кетті, - оны елеген ешкім болған жоқ. 5. Ән басылып қалды, бірақ гитара сазы тоқталған жоқ-ты. 6. Теңіз тынышталды, бірақ еш нәрсе көрінбейді. 7. Бұл ел Жомартты бұрын да қадірлеуші еді ғой, дегенмен онысы тап мұндай дәрежеде емес-ті. 8. Күн сайын бір жаңалық болады, алайда бұл жаңалық ананы бұрынғыдай онша мазасыздандырмайды.
Ұлағатты сөздер:
1) Кімде - кім халқынан алмаса тәлім,
Оны үйрете алмас ешбір мұғалім.
Ж. Баласағұн.
Жалпы есімдер: халық, тәлім, мұғалім.
2) Тіл — жұрттың жаны. Тілінен айырылған жұрт — жойылған жұрт.
Халел Досмұхамедұлы.
Жалпы есімдер: тіл, жұрт, жан.
3) Сөз сайыста жеңілген де бір – тілі кесілген де бір.
Тоқсары.
Жалпы есімдер: сөз, сайыс, тіл.
Сөйлемдер:
Халқының қамын ойлап өскен ұрпаққа не жетсін!
Мына әңгіменің берер тәлімі мол екен.
Мұғалімнің айтқан әр сөзі менің есімде еді.
Қандай тілдерді үйренгің келеді?
Жұрттың бәрі қазір Алмажанның үйінде.
Жаны кіршіксіз таза адам болды.
Екі сөздің басын қоса алмаған деген масқара ғой!
Бұл сайысқа шынығам деп қатыстым.
Тілінің көркемін қара!
Менің атым Мен .. жастамын. Мен Қазақстанның астанасы Астанға бардым. Астана әсем қала екен. Астана қаласында әдемі жерлер өте көп екен. Астанада Бәйтерек, Хан-Шатыр,Пирамида, Мега, Океанариум, Ақ орда т.б әдемі жерлер бар екен. Ақ ордада Қазақстанның елбасы Нұрсұлтан Назарбаев отырады. Мен Астананы аралап көрдім. Астанаға басқа жақтардан адамдар көп келеді екен. Олар әр бір жерді аралап суретке түсіп қайтады екен. Астана өте әдемі қала. Астанаға міндетті түрде бару керек. Әсіресе Астана түнде өте әдем. Бәр жер жарқырап тұрады, көліктерде азаяды. Маған Астана өте қатты ұнады. Мен Астанаға тағы барғым келеді.
Туда где я точки поставила поставите свое имя и сколько вам лет!