1991 жыл - еліміздің «Қазақстан» деген атпен бүкіл әлемге алғаш қадам басқан жылы. Сол сәттен бері міне 20 жыл да өте шықты. Қазіргі Қазақстан әлем сахнасында мақтанарлықтай беделге ие. Жас мемлекетіміз осындай аз ғана уақыттың ішінде көптеген ірі экономикалық, саяси және әлеуметтік жетістіктерге қол жеткізді. Қазіргі таңда Қазақстан жас мемлекет бола тұра, көптеген елдерден әлдеқайда алда. Еліміздің аяғынан нық тұруы, ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және экономикамыздың жедел қарқынмен дамуы - қазіргі таңда негізгі стратегиялық бағыттар. Бүгінгі Қазақстан – тек өзі орналасқан аймақта ғана емес, бүкіләлемдік проблемаларды талқылауда және шешуде ықпалды рөл атқаратын ел. «Қаз тұрып, қадам басқан тәуелсіздік сәбилік тұсауын өміршең уақытқа кестірген кезден бастап, осынау 20 жылдың бедерінде айшылық жерді алты рет аттаған алып секілді, дәуір жалынын мығым ұстап, тізгінін бекем қаға білді» - деп Елбасымыз айтқандай, егемен Қазақстанды бүгінде барша әлем танып отыр.
Коктемги кун шуагы корингенде, ауада тазалык пен женилдик сезингенде, халайык коктемнин басты мейрамын куте бастайды. Улыстын Улы куни, ягни 22-наурыз - ол кыспен коштасу мейрамы. Наурыз мейрамына арнап, каламызды адеми безендиреди: далада кииз уйлер кояды, улттык ойындар уйымдастырады жане турли сайыстар откизиледи. Наурыздын басты тагамы - наурыз коже. Наурыз коже жети турли даннен туратын касиетти ас. Олар: тары, арпа, бидай, бұршақ, күріш сияқты дандер. Наурыз мейрамын биз де асыга кутип, куана карсы аламыз!