«Артық болмас білгенің» айдарында баяндалған жанр түрлері- мен танысыңдар. Оқылым мәтіні мен «Ғибратты сөз» айдарында берілген мәліметтерді негізге алып, өздерің қалаған жанрда мәтін құрастырыңдар.
Еліміздің ертеңі және болашағы біздердің яғни, жастардың қолында. Мемлекеттің көркейуі де, төмендеуі де білімді жас ұрпаққа байланысты. Сондықтан, уақытты бос өткізбей, адам өзін-өзі дамытып, білімінің күшін нығайтса еліміз тек алдыңғы қатардан көрінеді. Мемлекеттің дамуына біздің бірден-бір көмегіміз сабақты жақсы оқу, оқыған бала ғана жетістіктерге жаңа бір мақсатқа жете алады.
Менің ойымша қазіргі заманның талабы да осы, білім алу. Қазіргі шығып жатқан жаңа технологияның бәрі дерлік жас мамандардың ойлап тауып жатқан жетістіктері. Осындай жетістіктерге жету үшін не істеу керек:
Біріншіден: өзіңді жаңа қырлардан сынап көру. Олар жаңа бір тілді меңгеру, қызықты спорт түрлеріне қатысу, логикалық есептер көптеп шығару, оқу біліміңді тереңдету.
Екіншіден: іздемпаздық және ниет ( желание дейміз ғой) . Адам іздене және ниеттене білсе көп белестер мен асулардан аса алады. Ізденпаз адамдар өз арман-мақсаттарына әлбетте жетуге тырысады.
Бұл келтірген мысалдардың барлығы адамды дұрыс ойлауға машықтандырады, тың ойларды жүзеге асыруға көмегін береді. Алайда, ең бастысы тынбай еңбек ету. Халқымыз “ Еңбек түбі— береке.” деп бекер айтпаса керек. Ерінбей еңбектенген адам ғана жаңа асулардан асады.
Белгілі жыршы-термеші Сүгір Бегендікұлын кім білмейді? Оның орындауындағы шығармалар мәдениетіміздің ұлттық қазынасына айналды. Әсіресе, батыс өңірінің, соның ішінде Маңғыстаудың дәстүрлі ән, жыр мектебін қалыптастыруда оның өзіндік үлесі мен қолтаңбасы бар. Бүгінде Сүгірдің сазы, Сүгірдің термесі кең-байтақ қазақ елін шарлап кетті. Шет елдерде де орындалып, қазақ деген халықтың терме өнерінің құдіретін әлемге таратып, паш етті. Оның шығармасын орындаушылардың бүтін бір тобы қалыптасты.
С.Бегендікұлы жақсы орындаушы болумен бірге, өзі ән-терме шығарып, өзіндік мектеп қалыптастырған белгілі сазгер де. Мәселен, қазіргі күнде сахнадан түспей орындалып жүрген «Сүгірдің термесі» соның бір мысалы. Оның қайталанбас, өзіндік мақамын айтыс ақындары да пайдаланып жүр. Осындай тума талантқа өзінің кіндік қаны тамған жерінде құрмет те аз көрсетіліп жатқан жоқ. Кызылсай ауылындағы орта мектеп оның атымен аталады. Мектеп алдына келісті ескерткіші де қойылды. Осының барлығы белгілі өнер иесіне деген халықтың ыстық ықыласы деп білген жөн.
Қашан да тума таланттар мен шығармашылық азаматтарға қамқор болып, қолдап жүретін Жаңаөзен қаласының әкімдігі өнер сүйер қауымның өтініші мен тілегін ескере отырып, термеші сазгердің Қызылсай ауылынан жеке мұражайын ашуға мұрындық болды. Және осы игілікті істің басы-қасында жүрген ауыл әкімдігі мен ақсақалдар кеңесінің еңбегін де ұмытуға болмайды.
Жаңа мұражайдың ашылуы ауылда үлкен той ретінде өтті. Ақындар айтысы мен мүшәйрасы, түрлі спорттық шаралар ұйымдастырылды. Сүгірдің шығармаларын қазіргі жас өнерпаздар келстіре орындады. Салтанатқа Жаңаөзен қаласы әкімінің орынбасары Исахан Сағынбаев қатысып, жаңа нысанның ашылуымен ауыл тұрғындарын құттықтап, Сүгірдің ізбасарлары жас толқынға дәстүрлі халық өнерін дамытып, насихаттауда ақ жол тіледі. Шараны ұйымдастырып, өткізуге атсалысқан бір топ азаматтарды марапаттады.
Осы арада айрықша бір айта кетер мәселе, соңғы жылдары аймақтың шығармашылық азаматтары мен жастарын көтермелеп, қолдау білдіру де жақсы бір дәстүрдің қалыптасып келе жатқандығы. Бұған бірнеше жергілікті авторлардың кітабының шығып, шығармашылық кештерінің өтуі куә. Соның бір мысалы ретінде жақында ғана елімізге белгілі дүлдүл күйші Сержан Шакраттың 75 жылдық мерейтойының аймақ көлемінде аталып өтуі.
Қазір Маңғыстауда рухани түлеу мен жаңару бар. Халықтық дәстүр мен өнерді құрметтеп, көкке көтеру бар. Бұл аймақтың жан- жақты кемелдене түскендігін көрсетеді. Жерлесіміз Сүгір Бегендікұлына көрсетілген құрмет соның бір мысалы.
Ел ертеңі—Біз.