Ғарыш – алаштың да аяулы арманы еді... Себебі ғарыш көгінде самғау, шексіздік әлемімен қауышу дүниежүзі елдерінің
әрқайсысының-ақ асыл арманы саналатын. Солардың қатарында ежелден өр туған қазақ та
ғарышқа құлшына қол созды. Армандады... Ел Тәуелсіздігінің қарсаңында сол арманына
жетті де. 1991 жылдың 2 қазанында тұңғыш қазақ ғарышқа ұшты! Айта салғанға ғана сондай жеңіл сөз. Ғарышқа ұшу жеңіл болып па еді?! Жеңіл болса, Юрий Гагариннің өзі неге 2500 әскери үздік ұшқыштың арасынан іріктеліп, таңдалып алынды? Тұңғыш қазақ ғарышкері суы тартылып, тұзды бораны үдеп тұрған Арал теңізінің аумағын сегіз күн бойы ғарыштан суретке түсірді. Сурет болғанда қандай! Мәскеу ол тұста «Наны көп Қазақстанға» ел аумағынан түсірілген көлемі 18х18см болатын ғарыштық суреттің бір данасын мемлекеттік бағамен 30 мың сомға сатқан! (Ол кездегі кеңестің 97 тиыны 1 АҚШ доллары екен.). гарыштық тәжірибе жасауға бейім қазақ ғалымдарының кейінгі тәжірибелерін Талғат Мұсабаев ұзақ мерзімді ғарышта өткізген үш сапарында (1994, 1998, 2001 жылдар)
ойдағыдай жүзеге асырды. Зерттеуші-ғарышкер кәдімгі бидай дәнінің клеткасына осы тектес әрі тұқымдас дақылдың ДНК-сын салып, генетикалық трансплантация жасады. Салмақсыздық жағдайында «буыны» босаған бөгде дақылға осылайша экспансиялық әрекет ету арқылы бірегей тәжірибе жасалынды. Тәуелсіз Қазақстанның ғарыш саласына қатысты тарихының жаңа парағы 2006 жылдың 18 маусымы күні ашылды. Осы күні «Байқоңыр» ғарыш айлағынан қазақстандық тұңғыш «KazSat» Жер серігі ұшырылды. Аса маңызды тарихи салтанатқа Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Ресей Президенті Владимир Путин қатысты. Қараша айында «KazSat» жер бетіне жиілетіп телехабарлар таратып, жедел интернет-коммуникациялық қызмет үлгілерін көрсете бастады. 2007 жылдың аяғында да қазақстандық Жер серігіне жоспарланған жұмыстың 70 пайызы жүктеліп, ақаусыз әрі қалыпты жұмыс істеп тұрды. Талғат Мұсабаевтың қамқорлығымен АҚШ азаматы Деннис Титоның халықаралық ғарыш кешенінде болып қайтуымен ғарыш саласындағы туризм дәуірінің басталғанын да көпшілігіміз білеміз. Талғат Мұсабаевтың ашық космоста болған уақыт мерзімінің ұзақтығына сәйкес Гиннестің рекордтар кітабына кіргені ше... Мұның бәрі де қазақ ғарышы
тарихының жарқын беттерінен алынды! Күні кеше ғана ғарышта болып қайтқан тағы бір қаһарманымыз – Айдын Айымбетов.
Ол қазір Ұлттық ғарыш агенттігінде кәсібіне сай лайықты қызметін абыроймен атқаруда. Айдын Айымбетов – Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен дүниеге келген 1991 жылғы «Қазақстан-Ғарыш» жобасының бүгінгі заңды жалғастырушысы.
Мәтіннің жанры қандай?
Мәтін қалай рәсімделген?
Мәтіннің құрылымы қандай?
Басқа қандай жанрлық ерекшеліктер байқалады?
Төрт түлік – мал: түйе, жылқы, қой, сиыр. Қазақ халқы осы төртеуін төрт түлік деп атаған. Ауыз әдебиетінде “төрт түлік малды құрадың” деген тіркес жиі кездеседі. Бұл дәулетіне сәулеті сай адамдарға арналып айтылған. Мысалы, “Байбөрі деген бар екен, Байбөрі малға бай екен, Төрт түлігі сай екен...”. Халық төрт түліктің әрқайсысының сақтаушы иесі бар деп ұғынып, оларды ойсылқара, қамбар ата, шопан ата, зеңгі баба деп атаған. Төрт түлікті кейде жұп тұяқ, тақ (тік) тұяқ деп те атайды. Қазақ төрт түліктің ішінде түйе малын байлық ретінде де, көлік ретінде де, азық ретінде де қатты қастерлеген. “Нар жолында жүк қалмас” деген мәтел осының айғағы. “Ат – ердің қанаты”, “Мінсең – көлік, жесең – ет” деп жылқы малын да аса жоғары бағалаған. Сондай-ақ қой мен ешкі, сиыр малының да өзіне тән ерекше қасиеттері болатынын ұмытпаған.Көшпелілердің, оның ішінде қазақтың төрт түлік малдың ішіндегі қастерлеп, пір тұтатыны – жылқы. Жылқы көшіп-қонуға төзімді әрі ыңғайлы, қысы-жазы жем-шөп тілемей жайылады.Оның азығы өзге малдан әлдеқайда асыл.Сол себепті де оның еті де,сүті де денсаулыққа шипалы екендігі ерте кезден – ақ белгілі. Жылқы бетегелі, көделі, селеулі, қауданды жерде жақсы өскен.Қазақ даласының батысында Мұғалжар тауынан басталып, Сарыарқаны қуалай отырып, аяғы Батыс Сібірге тірелетін кең өлкесінде жылқы малы көп өсірілген. Қазақтың жылқымен қатар ұстаған малы – түйе.Қазақта «Түйелі бай қонады сортаңды алып» деп басталатын өлең бар.Бұлай деудің себебі, ертедегі түйелер байлар суы тұзды көлдердің, теңіздердің, өзендердің бойларына, өсімдігі ащы, сортаң жерлерге қонатын болған. Түйе-жүк көлігі.Көшпелілердің, солардың ішінде қазақтың, ғасырлар бойы көбінесе жүгін көтерген мал-түйе.Оның ішінде ең төзімдісі әрі мықтысы – жалғыз өркешті нар.қазақтың «Нар жолында жүк қалмайды»деуі содан.Түйе жолға да шыдамды.Оның жейтін ащыларының ішінде тұз да бар. Түйенің етін бұл түлікті бақпайтын ел ұнатпайды, ал бағытындары оған құмар.Түйенің түбіті мен шудасы қымбат саналады:түбіттен иіріп тоқыған киім ең жылы, ең төзімді болады;шудадан жіп, арқан еседі. Түйенің сүті де асыл. Одан ашытатын қышқылтым сусынды Батыс Қазақстанда «шұбат», Түркістан жағында «қымыран» деп атайды.Ғылымның дәлелдеуінше, шұбаттың дәрілік қасиеті қымыздан да артық саналады. Қой да көшпелі елдердің ерте заманнан малданған түлігінің бірі.Ол әрі киім, әрі тамақ.Киім дегенде, оның жүнінен гөрі ертедегі көшпелі халыққа терісі қымбат болған. Өйткені қыс, күз айларында жылы киім керек.Оған илеген қой терісінен тігілген ішік, тон, тұлыптан жылы киім табылмайды.Қазіргі кездегі «дубленка»аталатын сәнді тон да осы қой терісінен жасалады. Ал жүнінен неше түрлі асыл жүн маталар тоқылады.Ол үшін биязы жүнді қойлар өсіріледі.Қазақ қойының жүні киіз басуға, кілем тоқуға, байпақ, пима дайындауға жұмсалады.Негізінен қойдың азықтық және киімдік пайдасы жылқы мен түйе түліктерінен артық.Онымен бірге қой малы көшіп-қону кезінде ұзақ жол жүрістеріне шыдамды болып келеді.Жеп-шөпті онша талғамайды.Тіпті өсімдігі ащылы болып келетін құм мен шөлде де қойдың теріп жейтін азығы көп. Ешкі де сондай.Қой мен ешкі көне заманнан бері бірге жайылып, бірге жусап келеді.Қойды отты-сулы жерлерге ешкінің серкесі бастайды. Ешкі мен қойдың сүтінен ұйытқан айран да, қайнатқан құрт пен ірімшік те қазақтың сүйікті асы. Ешкінің түбітінен ең жақсы шәлі тоқылады,оның қылшығынан есілген жіп пен арқан жылқы қылынан соң ең берігі саналады. «Ангор ешкісі» деп аталатын асыл тұқымды ешкілердің жүні өте құнды. Мал шаруашылығындағы тағы бір түлік-сиыр.Ертедегі көшпелі қазақтар сиырды аз малданған.Өйткені сиыр малы қөшіп-қонудың талабына сай келмей, отырықшылыққа ауысқаннан кейін ғана көбейген... Сиыр малы айрықша бағуды тілемейді, өріске өзі кетіп,мезгілінде өзі қайтып келеді.Қыс айларында сиыр тек қорада ғана күтіледі.Сондықтан басқа малдарға қарағанда ол күтімді көбірек керек етеді.
Ғаламтор туралы пікір әртүрлі. Ол жайында көп айтылады. "Ғаламторды дұрыс пайдалану-мәдениеттің белгісі" бұндай пікірмен қалай келіспейсің, әрине дұрыс айтылған. Егер біз тек ғаламтордағы атысып, бірін бірі өлтіріп жататын ойындарды ғана пайдаландық дейік, онда біз бір қанішер, жауыз болар едік, немесе тек әдепсіз жарнамаларды ғана көрсек, онда не болады. Міне, сондықтан ғаламторды тек қажетіңе, дұрыс пайдалану -мәдениеттің белгісі. Дұрыс пайдаланбаған ғаламтор адамзатқа қауіпті, ғаламторда ұзақ отырсаң, алтын уақытың босқа жойылады, көзіңнің көру қабілетіне зияны тиеді, ойлау қабілетің бұзылады, бір сөзбен денсаулығыңа кері әсер етеді. Әсем табиғаттың, өмірдің әсемдігін, адамдардың қадір қасиетін байқаудан қаласың.
"Ғаламторды дұрыс пайдалану- мәдениеттің белгісі. Дұрыс пайдаланбаған ғаламтор адамзатқа қауіпті" деген пікірмен толықтай келісемін. Себебі, ғылым мен техниканың дамыған заманында өз өмірімізді компьютерсіз, атап айтқанда ғаламторсыз елестету қиын. Ғаламтор пайда болғаннан бері адамдардың өмірін жеңілдетіп, барша сұрақтарға жауап табуға мүмкіндік пайда болды. Дегенмен, ғаламторды дұрыс пайдалана білеміз бе, бар мәселе осында. Дұрыс пайдалану дегеніміз - ең алдымен ғаламторға тәуелді болмай, яғни бар бос уақытыңды сарп етпеу керек деп ойлаймын. Одан кейін түрлі сілтемелердің барлығын баса бермей, абай болу керек. Өйткені қазіргі таңда ғаламторда алаяқтық кеңінен тарап кетті. Сондай алаяқ адамдардың қармағына түсіп қалмас үшін, бөгде сайттарға кірмей, байқау керек. Одан қала берсе, қазіргі таңда ғаламтордағы көптеген жағымсыз ақпарат адам психикасына да жағымсыз әсірін тигізеді. Міне, осының бәрі ғаламтордың кері әсері деп білемін. Бірақ, дұрыс пайдаланған ғаламтор таптырмас пайдалы құрал екені айдан анық. Себебі оның көмегімен біз кез келген құжатты басып, шығара аламыз; қалаған ақпаратты іздеп табу мүмкіндігі бар; Сонымен қатар ғаламтордың көмегімен әлеуметтік желіде жаңа достар/сырластар/сыныптастарды табу мүмкіндігі және әлемнің түкпір түкпіріндегі ағайын - бауыр, достармен сөйлесу мүмкіндігі.
Сондықтан да осынау пайдалы құрылғыны дұрыс әрі тиімді жағынан пайдалана білейік!