Ұлы Абайдың шығармашылық мұрасы-халқымыздың ғасырлар бойы маңызын жоймайтын рухани қазынасы.Маңызын жоймау былай тұрсын,заман өзгеріп,қоғамдық санада күрт сапырылыстарпайда болған сайын бұл қазына өзінің жаңа бір қырларымен жарқырай ашылып,қадірін арттыра түсетініне Абайдан кейінгі уақыт айқын көз жеткізді. Ақынның дүниеге келгеніне бір жарым ғасыр,ал өзінің мәңгі өлмес шығармаларымен халқына сөздің ұлы мағынасында ұстаздық ете бастағанына ғасырдан астам уақыт өтті.Содан бері оның артына қалдырып кеткен мұрасы елі мен жұртының рухани өміріндегі қай бұрылыстар мен қай құбылыстар тұсында да айнымас темірқазық,адастырмас құбыланама болып қызмет етіп келеді. Бұл күнде Абай сөзі әр қазақтың ағзасына ана сүтімен бірге дариды десе,артық айтылғандық емес.Ана сүті тән қорегі ретінде жас сәбидің буыны бекіп,бұғанасы қатаюына қызмет етсе,ақын сөзі оның санасына адамдық пен азаматтықтың ұрығын сеуіп қызмет етеді». (Ж.Ысмағұлов.)
Өнер-білім жолындағы ізденісін Абай өз бетімен үйрену арқылы дамытады,орысша кітаптарды көп оқиды. 80-жылдардың орта кезінен бастап,Абай ақындық жолға біржола бет бұрды.Бұл кездегі оның өлеңдерінің қай-қайсысы болсын-толысқан ой-сананың жемісі.Бұған дейін арагідік жазған өлеңін өз замандасы Көкпай атынан таратып жүрген Абай 1886 жылдан бастап өз атына көшірген.Осы жылдардан бастап Абай өлеңді үзбей жазуға тырысқан.Бірақ ел арасындағы шиленіскен тартыстар оның әдебиетпен бірыңғай шұғылдануына мүмкіндік бере бермеген.
Бүгінде елімізде үш тілді меңгеру - заман талабы болып отыр. Бұл тілдер- мемлекеттің ұлттық тілі болып саналатын қазақ тілі, халықаралық қарым- қатынас құралы деп мойындалған орыс тілі және әлемдік деңгейдегі қолдану жағынан бірінші орын алған ағылшын тілі. Қазір оқу орындарында, оның ішінде мектепте болсын, колледж немесе жоғары оқу орындарында болсын, барлық жерде жоғарыда аталған үш тілді меңгеруге барлық жағдай жасалып жатыр. Ал бізге үш тілді білу не үшін қажет? Ойлап қарасаңыз мұның да өзіндік артықшылықтары бар екен. Соның ішіндегі ең негізгісіне тоқталып өтсек. Қазіргі уақыт- ақпарат заманы. Бұл ақпаратты біз қайдан аламыз? Әрине, ғаламтор желісінен. Кез келген ақпаратты қазақ тілінде, болмаса орыс тілінде, орыс тілінде болмаса ағылшын тілінде табамыз. Болашақта да осылай бола бермек. Егер біз үш тілді жетік меңгерсек, алдағы уақытта ақпарат түрмен дұрыс жұмыс жасасақ, бәсекеге қабілетті бола аламыз. Және тілді меңгергендегі ие болатын көп мүмкіндіктің бірі ғана. Сондықтан үш тілді жетік білу- бұл жастар үшін, болашақта еліміздің дамуы үшін жасалған тамаша мүмкіндік деп есептеймін.
Ақынның дүниеге келгеніне бір жарым ғасыр,ал өзінің мәңгі өлмес шығармаларымен халқына сөздің ұлы мағынасында ұстаздық ете бастағанына ғасырдан астам уақыт өтті.Содан бері оның артына қалдырып кеткен мұрасы елі мен жұртының рухани өміріндегі қай бұрылыстар мен қай құбылыстар тұсында да айнымас темірқазық,адастырмас құбыланама болып қызмет етіп келеді.
Бұл күнде Абай сөзі әр қазақтың ағзасына ана сүтімен бірге дариды десе,артық айтылғандық емес.Ана сүті тән қорегі ретінде жас сәбидің буыны бекіп,бұғанасы қатаюына қызмет етсе,ақын сөзі оның санасына адамдық пен азаматтықтың ұрығын сеуіп қызмет етеді».
(Ж.Ысмағұлов.)
Өнер-білім жолындағы ізденісін Абай өз бетімен үйрену арқылы дамытады,орысша кітаптарды көп оқиды.
80-жылдардың орта кезінен бастап,Абай ақындық жолға біржола бет бұрды.Бұл кездегі оның өлеңдерінің қай-қайсысы болсын-толысқан ой-сананың жемісі.Бұған дейін арагідік жазған өлеңін өз замандасы Көкпай атынан таратып жүрген Абай 1886 жылдан бастап өз атына көшірген.Осы жылдардан бастап Абай өлеңді үзбей жазуға тырысқан.Бірақ ел арасындағы шиленіскен тартыстар оның әдебиетпен бірыңғай шұғылдануына мүмкіндік бере бермеген.
Қазір оқу орындарында, оның ішінде мектепте болсын, колледж немесе жоғары оқу орындарында болсын, барлық жерде жоғарыда аталған үш тілді меңгеруге барлық жағдай жасалып жатыр.
Ал бізге үш тілді білу не үшін қажет? Ойлап қарасаңыз мұның да өзіндік артықшылықтары бар екен. Соның ішіндегі ең негізгісіне тоқталып өтсек. Қазіргі уақыт- ақпарат заманы. Бұл ақпаратты біз қайдан аламыз? Әрине, ғаламтор желісінен. Кез келген ақпаратты қазақ тілінде, болмаса орыс тілінде, орыс тілінде болмаса ағылшын тілінде табамыз. Болашақта да осылай бола бермек. Егер біз үш тілді жетік меңгерсек, алдағы уақытта ақпарат түрмен дұрыс жұмыс жасасақ, бәсекеге қабілетті бола аламыз. Және тілді меңгергендегі ие болатын көп мүмкіндіктің бірі ғана. Сондықтан үш тілді жетік білу- бұл жастар үшін, болашақта еліміздің дамуы үшін жасалған тамаша мүмкіндік деп есептеймін.