Асан қайғының Желмаясына мініп желдіртіп, Сарыарқаны аралап жүргенде әр жерге айтқан сындары мынау екен. Балқаш көлі туралы: - Балығы тайдай тулаған, құстары қойдай шулаған,несібелі көл екен . Нұра өзенін көргенде: - Алты күнде ат семіртіп мінетін жер екен, — депті. Өлеңті өзенін көргенде, еш нәрсе айтпай, өлеңдете берген екен. Аз тұрып: - Өлеңтінің – суы май, Шідертінің шөбі – май! – деп жүре беріпті. Торғай өзенін көргенде: -Ағар суы бал татыған, ақ шабағы май татыған жер екен! – депті. Жайық өзенінен өткенде: - Суы татыған бал екен,жағасы сірескен тал екен ,-депті. 2-тапсырма. Тыңдалым мәтіні бойынша негізгі ақпаратты анықта. Төмендегі тірек сөздерді қолдан. 1. Балқаш балық тайдай құстары қойдай 2. Нұра алты күн ат семіру 3. Өлеңті суы шөбі май 4. Торғай суы бал ақ шабағы май 5. Жайық суы бал жағасы тал
Бұқара халық әрдайым тыныштықта, мәңгілік бейбіт өмір сүруді армандайды. Ал ұрпағының амандығы келешегінің кемелдігін білдіреді. Өткен тарихқа көз салсақ, адамзат небір сұрапыл соғыстардан көз ашпады. Қаншама елдер соғыс зардабынан құлдырап, азып-тозды. Талай жазықсыз жандар сол зұлматтың зардабын шекті. Мұның барлығы бейбітшілік кеткен жерді берекесіздік жайлайтындығын тайға таңба басқандай етіп анық көрсетуде.
Бейбітшілікті сақтау, соғыс отын тұтатпау, бейбітшілік үшін күресу қазіргі ХХІ ғасырдың да ең өзекті мәселелерінің біріне айналды. Содан болар, халықаралық қоғамдастық бейбітшілікті жалпыадамзаттық құндылықтар қатарына қосып отыр.