Қасиетті туған жердің тау тасы да, топырағы да, талға біткен жасыл жапырағы да қымбат.
Осыншама бағасы, құны
байлықпен
өлшенбейтін жасыл белдерді, асқар тауларды
сүймеу мүмкін емес. Асыл армандарымызды
әрқашан туған жермен байланыстырамыз.
Себебі туған жер ол біздің ой өлшеміміз
бойынша тарихы терең отанымыздың белгісі.
Жер ана - қасиетті туған жер. Ол - біздің тылсым
тарихымыз. Туған жер топырағын иіскеуге зар
болып кеткен боздақтар қанша ма?! Туған жер
үшін соғысқа түсіп туған жер топырағы
бұйырмаған қандастарымыз қанша ма?!
Қазақстан бүгінде жер асты да, үсті де
байлыққа кенелген тәуелсіз ел. Жері байдың елі
бай
болар. Еліміз
тұғырлы
мемлекеттер қатарынан көрінсін.
деген
ОСЫ
Бауыржан Момышұлы — Кеңес одағының батыры, жазушы, Екінші дүниежүзілік соғыстың даңқты жауынгері, әскери қолбасшы, стратег және тактик.Бауыржан Момышұлы 1910 жылдың 24 желтоқсанында Жамбыл облысының Жуалы ауданындағы Көлбастау ауылында туған. Дулат тайпасының Шымыр руынан.1941 ж. Ұлы Отан соғысы басталысымен, Бауыржан даңқты генерал-майор И.В.Панфиловтың басшылығымен Алматы маңында жаңадан жасақталған 316 атқыштар дивизиясының құрамында майданға аттанады, батальон, полк командирі қызметтерін атқарады.Батальон командирі ретінде аға лейтенант Бауыржан Момышұлы Мәскеу үшін шайқаста 207 рет ұрысқа қатысты.
Мен соғысты жеп көрем
Талай өткен ғасырлар:
Еш соғыссыз өтпеген,-деген ашу-ыза талай батырларымыздың жүрегінде ерімес мұз болып қатып қалғандай. Сол алапат соғыстың аяқталғанына, яғни Ұлы Жеңіске 70 жыл толып отыр. Қазақстандықтардың майдан даласындағы ерліктері мен батылдығы ешқашан ұмытылмайды.
Екінші дүниежүзілік соғысты әзірлеуші және бастаушы фашистік Германия болды. Бірінші дүниежүзілік соғыста жеңілген Германия өзін отарлар бөлісуден құр қалған мемлекетпін деп есептеді. Сонымен қатар өздерін шығу тегі жағынан таза қанды арийлердің ұрпақтарымыз деп, дүние жүзіне билік жүргізгісі келді. 1933 жылы Германияда фашистік партия сайлауда жеңіске жетті де, оның жетекшісі Адольф Гитлер елде қатал фашистік тәртіп орнатты. Гитлерлік Германия өзінің агрессиялық соғыс жоспарын жүзеге асыруды 1939 жылы бастады. 1939жылы 1 қыркүйекте Польша жеріне басып кірумен Екінші дүниежүзілік соғыс басталды. Еуропа елдерін бірінен соң бірін бағындыра отырып, 1941 жылы өзінің басты қарсыласы деп есептеген КСРО шекарасына жақындады.
1941 жылы 22 маусымда таңғы сағат 4 шамасында фашистік Германия әскері КСРО-ның батыс аумағына баса-көктеп кірді. Гитлердің соғыс жоспары "Барбаросса" деп аталды. Ол сол бойынша КСРО¬-ны қысқа мерзім ішінде жаулап алып, оны болашақ соғыс жорықтары кезіндегі шикізат, адам қоры көзіне айналдырмақшы болды. Кеңес халқы тарапынан әділетті бұл соғыс тарихи әдебиеттерде "Ұлы Отан соғысы"деп аталды.
Соғыстың бетін аулақ қыліміз аман, тыныштық болса екен