Астана - елдің жүрегі, сәулеті дәулетіне сай шаһар. Астананың 20 жылдық мерейтойына елорданың оң және сол жағалауларын
жалғайтын қазір салынды. Велосипедшілер мен жаяу жүргіншілерге арналған көпірді
және велосипед инфрақұрылымын «Өңірлердің Астанаға тартуы» жобасы аясында
Атырау, Түркістан, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қостанай, Ақмола және Жамбыл
облыстарының әкімдіктері тұрғызды.
Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев Елбасына кепірдің саябақ аймағындағы
Ажаяу жүргіншілер легі мен велосипед желісін Есіл өзенінің оң жағалауымен жалғайтынын
баяндады.
Кешірде Атырау облысының символы саналатын «Каспий бекіресі» корнатылды,
Композиция қоладан жасалған. «Егер копірге жоғарыдан қарайтын болсақ, онда оның
пішіні Атырау облысының нышаны болып табылатын балыкқа ұқсайтынын көруге
болады», – деп атап өтті Нұрлан Ноғаев.
Жаңа копір Астана тұрғындары мен қонақтарына көп жылдар бойы кызмет ететін
Атырау облысының лайықты сыйлығы болмақ.
«Астана тұрғындары осы нысандарды дайындауға қатысқан барлық өңірлерімізге
ризашылық білдіруі керек. Астананы бүкіл ел болып тұрғыздық және бүкіл ел қуанышка
кенелуі керек», – дейді қала тұрғыны дсима Әлихаппарқызiн.
Велосипед жолдары «ақылды технологиялармен» жабдықталған. Онда арнайы
үстелдер мен велосипед қоятын орын, Wi-Fi және телефон қуаттайтын құрылғылар
орнатылған
1. Мәтінде көтерілген басты мәселе:
2. Жаңа нысанын дизайнын суреттеп жазыңыз:
3. Жаңа нысанның екі артықшылығын көрсетіңіз:
4. Жаңа нысанның пайдасы қандай? Кем дегенде екi пайдалы тұсый көрсетіңіз:
5. Жаңа нысан туралы Сіздің пікіріңіз?
Қырғыз халқының мәңгілік мәдени ескерткіші, бүкіл тарихнама шежіресі, эпостық жүздеген дастандардың-поэзияның асыл маржанынан соғылған мұнарасы МАНАС ғасырлар бойы өзімен бірге ғажайып манасшылар әулетін, өзге де сирек жыраулар тобын, шеруін туғызып келеді. Манасшылар сонау көне ғасырлар бойына бір өздері бүкіл театр міндетін атқарған. Онда бір адам әрі баяндаушы, әрі шығарушы, әрі орындаушы, еркек-әйел рольдерін атқарушы, ойнаушы, қимыл-әрекет суретшісі, қомызшы, сазгер-бәрін кереметтей басын қосқан өлшеусіз талант иелері болған. Ең ғажабы- әлденеше айлар бойына айтылатын бұл ұзақ хикаяларды еш шатастырмай миында, зердесінде ұстау қасиеті.
Бір сәт қиялға беріліп, арманның жетегіне еріп, ертегідегідей алтын балық ұстап алсам, қайтер едім? Қандай тілек тілер едім? деген сұрақтарға жауап іздеп көрейінші...
Әрине, қазіргі материалдық қоғамда ең алдымен ойымызға көп ақша келетіні сөзсіз, себебі қалтаңда ақшаң жеткілікті болса, біраз нәрсеге қол жеткізуге болатыны сөзсіз. Ең бірінші ойыма ақша келгенімен, өмірдегі басты құндылық ақшалай байлық емес, денсаулық пен отбасының амандығы екенін ұмытпаған жөн. Ата - әжелеріміз "ақша - су, бүгін бар, ертең жоқ" демекші, ақша тез жұмсалып кетеді. Сондықтан мен ең алдымен отбасы мүшелері мен өзімнің амандығымды тілер едім. Бұл – бірінші тілегім делік.
Тағы не сұрасам екен? Келесі кезекте отбасыммен әлем елдеріне саяхатқа аттанар едім. Ел аралап, жер көру, басқа адамдар мен мәдениетпен танысу, әрі ағылшын тілін қолданып, үйрену – менің арманым. Сапар шеккен адам ел көреді, жер көреді, ой – өрісі кеңейеді, бой жазып қайтады.
Және үшінші тілегім - мектепті ойдағыдай аяқтап, еліміздегі беделді оқу орындарының бірі - С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетіне оқуға түсуді армандаймын. Бұл мені болашақта ғалым болуға бір қадам жақындатады. Аталған оқу орнын ойдағыдай тәмамдап, білімімді шетелде шыңдап, одан кейін елге оралып, медицина саласын дамытқым келеді.