Бауырсақ – шай, қымыз, шұбат ішкенде дастарқанға салады. бауырсақты жоғары немесе бірінші сортты бидай ұнынан пісіреді. оны қамырды ашытып та ашытпай да дайындауға болады. салма – ұннан дайындалатын тамақ түрі. салманың аты әр жерде әртүрлі: салма, кеспе, жайма, шелпек, нарын, үзбе т.б. салманы сорпаға, не суға қатты етіп қамырдан дайындайды. дәмді болуы үшін оның қамырына бір-екі жұмыртқа салған жөн. қамырды оқтаумен жұқалап жайып, одан соң пышақпен жіңішкелеп кесіп, не болмаса қолмен үзіп, қайнап тұрған сорпаға пісіріледі. қаттама нан. май, жұмыртқа, сүт құйып, қатты етіп иленген қамырды жұқалап жайып, жайманың бетіне май жағады, оны оқтауға орап, пышақпен бірнеше етіп бөліп, әр бөлікті қайтадан жаяды. бөлшектелген нан қазанда қыздырылған майға пісіріледі. таба нан – табаға пісірілген нан. тандыр нан – тандырға пісірген нан. талқан – қуырылған бидайдан, арпадан, жүгеріден ұнтақтап дайындалады. ерте кезде талқан дайындаудың екі тәсілі болған. бірі – қол диірменге тарту, екіншісі – келіге түю. талқан аса дәмді әрі құнарлы тамақ. оны майға, кілегейге, қаймаққа араластырып жеуге де, шайға салуға да болады. жент (қоспа) – қыста қатпайтын, жазда бұзылмайтын өте дәмді тағам. жент былғау шеберлікті талап етеді. ақталған тарыны келіге түйіп (немесе диірменге салып) ұнтақтайды. оған құмшекер, ұнтақталған ірімшік салып араластырады. содан соң, қазанға жылқының майын құйып ысытып, жаңағы араластырған тары мен ірімшікті салып, оттың болмашы табында араластырады. жент майды бойына сіңірген соң, ыдысқа салынып, салқын жерге қойылады. айран – ұйытылған сүт. оны қаймағы алынған сүттен де, қаймағы алынбаған сүттен де ұйытуға болады. ол үшін сүтті 5-10 минут қайнатып, қанжылым қалыпқа түскенше суытады. содан соң ұйытқы (ашытқы) қосып араластырады да, ыдысты жақсылап бүркеп тастайды. ол 1–2 сағат аралығында ұйып болады. ұйыған айран ашып кетпеуі үшін оны бетін ашып салқын жерге қояды. айранды сусын ретінде, тағам ретінде де пайдалануға болады. қатық сиырдың, қойдың, ешкінің қаймағы алынбаған сүтінен ұйытып әзірленеді. қатық піскен сүттен де ұйытылады. қатық ұйыту үшін жылы сүтке ұйытқы құйып, ыдыстың бетін жауып, күн түспейтін жылы жерге 2-3 сағаттай қояды. қаймағы алынбаған сүттен ұйытылған қатықтың бетіне қалың қаймақ тұрады. ал кілегейі алынбаған шикі сүттен ұйытылған қатықтың бетіне қалың кілегей жиналады. шалап көбіне жаз айларында шөл басатын бірден-бір пайдалы сусын. шалап дайындау үшін алдымен айран немесе шұбатты үлкен ыдысқа құйып алады да үстіне су қосады. сөйтіп қасықпен жақсылап араластырады. бір литр айран немесе бір литр шұбатқа бір литр су қосу керек. шалап түйе сүтінен ашытылады. бұл әрі сусын, әрі тағам. қымыз – биенің сүтінен дайындалатын денсаулыққа шипалы әрі жұғымды сусын. қымыз қазақ халқының ұлттық тағамдарының ішіндегі ең құрметті дастарқан дәмінің бірі. сары қымыз дертке шипа, денеге күш. қымыз негізінен жылқы терісінен тігіліп, әбден – тобылғы түтінінің ысы сіңген сабада не болмаса ағаш күбіде ашытылады. қымыздың ашытқысы «қор» деп аталады. дәкеге түйген қорды сабаға не күбіге салып, оның үстіне бір шелектей жаңа сауған салқын саумалды құйып, ыдыстың сыртын жылылап орап тастайды. қор езіліп саумалға тегіс тарағанда саумалдың дәмі қышқылданады. сөйтіп, жаңа қор жасалады. жаңа қордың үстіне салқындатылған (әйтпесе қымыз ірімтектініп кетеді) саумалды құйып, әр жолы саумал құйылған сайын піспекпен жарты сағаттай пісіп араластырып отырады.
1. Сан есімі бар мақалды табыңыз
А) Бес саусақ бірдей емес
В) Екі қолын бірдей көтерді
С) Ортада екі ұзын көше жатыр
D) Он оқушы саябаққа барды
Е) Екі қолда он саусақ
Бұл барлық нұсқаларда сан есім бар.
2. Лепті сөйлемді табыңыз
А) Апырай, табиғат ана шебер-ақ қой
3. Омоним болатын сөзді табыңыз
А) дүние
Дүние - өмір
Дүние - зат
4. Қысаң дауысты дыбысты табыңыз
А) ы,і,и
5. Етістік құрамына қарай бөлінеді
А) 2
6. Етістік құрамына қарай бөлінеді
А) дара,күрделі
7. Қазақ тіліне тән дыбыстар саны
A) 9
8. Тұйық буын деген не?
A) дауыстыдан басталып дауыссызға бітеді
9. Еріндік, жіңішке әрі қысаң дауысты дыбыстарды табыңыз.
A) ү
10. Үнді мен қатаң дауыссыздар қатар келген сөзді табыңыз.
A) Қыста қар қалың жауды.
11. Үндестік заңына бағынбайтын қосымшасы бар сөзді табыңыз.
B) балалар
12.Синоним сөздерді табыңыз.
A) шыдамды, төзімді
C) қария, қарт
D) әдемі, көрікті
E) атамекен, отан
Бұл 4 нұсқада дұрыс
13. Мақалды табыңыз.
A) Жері байдың елі бай.
14. Антонимді табыңыз.
A) ашық,жабық
15. Қайталама қос сөзді табыңыз.
A) тау-тау,көре-көре
16.Қосарлама қос сөзді табыңыз
A) ата-ана, әке-шеше
17.Қысқарған сөздерді табыңыз
A) БҰҰ,ТМД,АПИ
18. Қате жазылған қатарды табыңыз.
A) АҚШ-на,ТМД-ғы,ҚазМУ-не
19. «-ау, -еу» қай сөз табының жұрнағы.
A) Сан есім
Мысалы: біреу, екеу
20. Етістікке қатысты емес терминді табыңыз.
B) рай
21. Жалғау жалғанбайтын сөз табын табыңыз.
B) Етістік
22.Көптік жалғауын табыңыз
A) –лар, -лер
Мысалы: жануарлар
23.Тәуелдік жалғауын табыңыз
A) –ың,-ің,-ыңыз,-іңіз
Мысалы: Сіздің затыңыз.
24.Жіктік жалғауын табыңыз
A) –мын/-мін
25.Септік жалғауын табыңыз
A) –дың,-дің