Астанада жаңа көпір бой көтерді Бұл туралы Ақорданың ба з қызметіне сілтеп, Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.
Велосипедшілер мен жаяу жүргіншілерге арналған көпірді және велосипед инфрақұрылымын «Өңірлердің Астанаға тартуы» жобасы аясында Атырау, Түркістан, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қостанай, Ақмола және Жамбыл облыстарының әкімдіктері тұрғызды.
Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев Елбасына көпірдің саябақ аймағындағы жаяу жүргіншілер легі мен велосипед желісін Есіл өзенінің оң жағалауымен жалғайтынын баяндады.
«Егер көпірге жоғарыдан қарайтын болсақ, онда оның пішіні Атырау облысының нышаны болып табылатын балыққа ұқсайтынын көруге болады», – деп атап өтті Нұрлан Ноғаев.
Жаңа көпір Астана тұрғындары мен қонақтарына көп жылдар бойы қызмет ететін Атырау облысының лайықты сыйлығы болмақ.
«Астана тұрғындары осы нысандарды дайындауға қатысқан барлық өңірлерімізге ризашылық білдіруі керек. Астананы бүкіл ел болып тұрғыздық және бүкіл ел қуанышқа кенелуі керек», – дейді қала тұрғыны Әсима Әлжаппарқызы.
Велосипед жолдары «ақылды технологиялармен» жабдықталған. Онда арнайы үстелдер мен велосипед қоятын орын, Wi-Fi және телефон қуаттайтын құрылғылар орнатылған.
Тексеру соңында Атырау облысының филармония және концерт қызметкерлері ұйымдастырған ашық аспан астындағы амфитеатр сахнасында театрландырылған «Елдің жігері – Астанама» атты концерттік бағдарлама көрсетілді.
2-тапсырма. Мәтіндегі қарамен берілген сөздердің қайсысы неологизм (жаңа сөздер), қайсысы термин сөздер екенін анықта.
Неологизмдер (жаңа сөздер)
Термин сөздер
КАЗАК ТИЛИ БЖБ 2ТОКСАН
Ата-әжелеріміз әрбір үйдің берекесін кіргізіп отқан асыл жандар десек қателеспейміз. Немере-шөбере дегенде кез келген әжеміздің жүрегі елең етіп елжіреп тұрары айдан анық. Әже тіпті немерелерін өз туған балаларынан артық жақсы көреді, барлық мейірім шапағатын төгіп,аяулы алақанында бағып қағып өсіреді.Ата мен әженің қолында тәрьиеоеніп өскен балалар көпшіл,зерек,мейірімді,ақкөңіл болып өседі.Себебі,кішкентайымыздан бізді шыншылдыққа баулып,біреудің ала жібін аттамауды,адал болуды құлағымызға сіңіріп өсіреді.
Конгресс кітапханасы (ағылш. The Library of Congress) – АҚШ-тың ұлттық кітапханасы, сонымен қатар әлемдегі ең үлкен кітапхана.
АҚШ конгресінің ғылыми кітапханасы болып саналатын кітапхана Вашингтон қаласында орналасқан. Ол билік мүшелеріне, жекеменшік фирмаларға, ғылыми орталықтарға, мектептерге және ғылыми жұмыскерлерге қызмет көрсетеді. Конгресс Кітапханасының бір арнайы бөлімі копирайт (авторлық құқық) дайындаумен айналысады. Копирайтты, Конгресс кітапхананың өзінің сайтында, арнайы бір бланкіні толтыру арқылы жасауға болады.