Ата 1) Оқиға қай кезде болды? Қамбар мен балалар не әңгімелесті? 2) Ары қарай не болды? Қандай құстар ұшып келді? 3) Оқиға немен аяқталды? Құстардың қандай пайдасы болды?
Спорттың адам өмірінде алатын орны зор екендігін бәріміз білеміз. Спортпен айналысқан адамның денсаулығы мықты, өзі шыдамды болады. Біздің ата-бабаларымыз "тәні саудың – жаны сау” - деп бекер айтпаған. Спорттың қай түрімен айналысу адамның қабілетіне байланысты болады. Бұл туралы ұлы ойшыл Ибн Сина да өз шығармаларында айтқан. Ол сондай-ақ спортты мағынасына қарай жеңіл, ауыр, ұзын, қысқа сияқты бірнеше түрге бөлген. Денсаулық пен өмірді дамыту үшін кем дегенде спорттың 33 түрінен жаттығу жасау керектігін айтқан.
менің күн тәртібім. мен таңғы сағат 08:00де тұрамын. Сағат 08:30да таңғы асымды ішіп, мектепке барамын. Сабағымыз сағат 09:00да басталады, сөйтіп мен мектептен 14:00де шығып, автобуспен үйге қайтамын. Түсте яғни, сағат 14:30дарда түскі асымды ішіп, сабаққа кірісемін. Үй жұмысын орындап болғаннан кейін біраз уақыт теледидардағы мультфильмдерді көремін. Ал кешке жұмыстан анам мен әкем келеді. Ата-анаммен бірге тамақтанып, анама үй шаруаларын істеуге көмектесемін. Сағат 22:00де ұйқыға батамын. Міне, менің күнделікті күн тәртібім осындай!