Мен ұшін туған жер – адам өмірінде киелі орын алады. Нақты осы жер оны елімен, өткенімен және болашағымен байланыстырады. Міне, сондықтан да тіпті балалық шақтан бастап-ақ адамда кіндік қаны тамған жерге деген махаббат сезімі оянады. Біз үшін Отан ошақ басынан басталады: туған жер, туған көше, туған қала немесе мен үшін туған кент. Туған жер – әр адамның түпқазығы, рухының бесігі. Ауыл – тамыры тереңге жайылған қазақы дәстүріміздің қаймағы бұзылмаған ордасы. Адам туған елдің құдіретін, қасиетін одан алысқа барғанда ғана сезінеді. Ал бұл сағыныш сезімі басқа сезімдерден ерекше.

Қазақ тілін үйрену қажеттігі туралы.
1. "Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте" деген мақалды есте ұстап, әуелі өз ана тілімізді жетік меңгеруден бастайық.
2. "Өз тілің - бірлік үшін, өзге тілің - тірлік үшін" деп аталарымыз айтқандай, қазақ тілімен қатар өзге тілдерді де меңгеру - қазіргі заман талабы.
3. "Ана тілің алпыс тілге татиды" демекші, ана тіліміз - біздің бойымызға ана сүтімен дарыған байлығымыз.
4. "Тілін білмейтіндер емес, тілін білгісі келмейтіндер - мәңгүрт" деген мақалдағыдай мәңгүрт болмай, қазақ тілін үйренейік дегім келеді.
5. "Анам берген туған тілім,
Атам берген құрал тілім" деген мақалда айтылғандай, ана тілімізді дәріптеп, қадір тұтайық.