Ата-аналарыңның көмегімен немесе энциклопедияларды пайдаланып, ертедегіхалықтық ұғымдағы тәулік мезгілдерін ретімен жазыңдар. оларға түсінік беріңдер.үлгі: ақшам — қараңғы түсе бастаған кез.(20 )
Күн шығар алдындағы мезгіл-таң, азан. құлын сәрі – таң жаңа сыз беріп ата бастаған кез. Таң сәрі – жерге жарық түсе бастаған кез.
Күн көкжиектен көтерілген мезгіл-сәске. Оның мынандай атаулары бар: Сиыр сәске – күн артқан бойы көтерілген кез. Сәске түс – түске жақындаған мезгіл, сағат 12 шамасы. Ұлы сәске – тал түске жақындаған мезгіл.
Күннің орта мезгілі- түс. Бұл – түскі тамақ ішіп, тынығатын уақыт. Тал (талма, тапа–тал) түс – күннің қатты ысыған кезі, тынығатын шақ, сағат 1 шамасы. Шаңқай түс – көлеңкенің әбден қысқарған кезі, сағат 2 шамасы.
Күн еңкейген мезгіл-бесін.
Күн ұясына бата бастаған мезгіл-ақшам, ымырт. Оның мынандай атаулары бар: Алакеуім – күн ала көлең, ұясына бата бастаған мезгіл. Кеугім, кеуім – қараңғы түсе бастаған кез, ымырт. Намазшам – кешкі намаз оқылатын кез. Кеш – ымырт жабылып, қас қарайған мезгіл.
Түн мезгілі-Іңір – күн батып, қас қарайған кез. Қызыл іңір – қас қарайып, түн болған кез. Жарым түн – түннің ортасы.