Ата-анасын ардақ тұту, өзінің перзенттік парызын бір сәтке де есінен шығармау - жас ұрпақтың адамшылығы-
ның белгісі. Біздің дінімізде де, ділімізде де, дәстүрімізде
де «ата-ана» ұғымы қастерлі де қасиетті. Қазақы отбасын-
да ата-ана - шаңырақтың шамшырағы, отбасының ұйыт-
Қысы.
Дәстүрі мен дінін сабақтастыра білген момын халқымыз
қашанда әкені шаңырақтың иесі, қамқоры, қорғаны деп
таныған. Аналарымызды сол шаңырақтың алтын босағасы,
киелі тұтқасы іспетті құрметтеп, қастерлеген. «Алты аға
бірігіп, әке болмас, жеті жеңге бірігіп, ана болмас», деп
түйіндеген.
Ата-ананың көңіліне шаңның тозаңындай да кірбің түсі-
руге болмайтынын, бұл мәселенің үлкен жауапкершілікті
қажет ететінін әрбіріміз түсінуіміз керек.
осы мәтіннен ой екпінін табыңдар делінген нужно только на правильный ответ
Астана - мақтанышым.
Астана – тәуелсіз еліміздің бас қаласы, отанымыздың жүрегі, мәдениеттің ошағы, ғылым мен білімнің ордасы. Арқаның төрінде сылдырап аққан Есілдің жағалауында орналасқан айбынды Астанамыз жас та болса, болашағынан зор үміт күттіретін қала.
Елорданы Алматыдан Ақмолаға ауыстыру туралы шешімді Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесі 1994 жылы 6 шілдеде қабылдады. Астананы ресми көшіру 1997 жылғы 10 желтоқсанда жүзеге асты. Президенттің 1998 жылғы 6 мамырдағы Жарлығымен Ақмоланың атауы Астана болып өзгертілді. Жаңа астананың халықаралық тұсаукесері 1998 жылғы 10 маусымда өтті. 1999 жылы Астана ЮНЕСКО шешімімен «әлем қаласы» атағын алды. Қазақстанның бас қаласы 2000 жылдан бастап Астаналар мен ірі қалалардың халықаралық ассамблеясының мүшесі. Астана – Азияның ең солтүстігінде орналасқан елорда.
Астана күн өткен сайын қарыштап дамып келеді. Бүгінде бүкіл әлем тамсанып, болашақтың қақпасы деп көз тігіп отыр. Шетелдіктер қызыға қарап, еліміздің беталысын жіті бақылап отыр. Халықаралық "ЭКСПО-2017" көрмесінің де Астанада өтуі тегіннен-тегін емес. Ол Елорданың әлемдік деңгейдегі шараны лайықты өткізе алатын орталық ретінде қалыптасқанын, мемлекетіміздің табыстары жоғары бағаланғанын және даму келешегінің кемелдігін айғақтайды.
Мен өз болашағымды елімнің бас қаласы Астанамен байланыстырамын. Осы жерде орналасқан іргелі оқу орындарының бірі Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде білім алғым келеді.
ответ:Қабанбай Қожақұлұлы, Қаракерей Қабанбай, Дарабоз (1692–1770) – қазақ батыры, жоңғарларға қарсы азаттық соғыстың даңқты қаһармандарының бірі. Шығыс Қазақстан облысының Үржар ауданында туған. Азан шақырып қойылған есімі — Ерасыл. Найман тайпасы ішіндегі Қаракерей руының Байжігіт тармағынан шыққан. Оның атасы Мәмбет те, әкесі Қожағұл да, Қожағұлдың ағасы Күшік те өз заманының аты шыққан батырлары болған. Қабанбайдың жеті жасында әкесі Қожақұл батыр жау қолынан қаза тауып, артынан Есенаман, Есенбай, Ерасыл атты үш ұл қалған. Қожақұл батырдың көзі жұмылған соң бас иесінен айрылған Мәмбет ауылдарына жыл сайын ойраттар шабуыл жасап, тал түсте жылқыларын айдап әкете беретін әдет тапты. Сондай бір кезекті шапқыншылық кезінде қалмақтар жылқы күзетіп жүрген Қабанбайдың ағасы Есенбайды қолға түсіріп, қорлап өлтіреді. Аямас жауыздар қанжармен жас жігіттің қарнын жарып, шалажансар күйінде далаға тастап кетіпті. Есенбай жалғыз інісі Ерасылды маңдайынан шертпей, қатты еркелететін. Ағасы Есенбайдың кегін алу үшін іргелес Тоқта тауын жайлаған қалмақ күреніне жалғыз өзі аттанып, құныкер Өлжа жырғал ноянды қапысын тауып өлтірген. Міне сол күннен бастап қазақ жері қашан жаудан тазарғанша қылышын қынабына салмаған. Осыдан кейін Ерасыл 5–6 жыл Зайсандағы Керей ішіне кетіп, әпкесі Меруерт пен жездесі Бердәулеттің қолында болған. Осында жүріп жылқыға шапқан жабайы қабандарды жайратып, «Қабан батыр» атанған. Оның алғашқы қатысқан ауқымды соғыстарының бірі — 1718 жылғы Аягөз шайқасы. Осы ұрыста Найман қолын басқарған Қабанбай асқан ерлігімен көзге түскен. 1723 жылы Түркістан қорғанысына, 1726 жылы Бұланты шайқасына, 1730 жылы Аңырақай-Алакөл шайқасына, кейін Шыңғыстау, Ертіс бойындағы шайқастарға қатысып, Абылай ханның бас батырларының біріне айналған. 1741 жылы Шыңғыстаудағы Шаған шайқасында ақбоз атпен топ жарып, жауға шапқаны үшін «дарабоз» атанған. 1751 жылы Арқадан екі түмен қолмен Оңтүстік Қазақстанға Қабанбай — Ханбаба (Барақ сұлтанның үлкен ұлы) жорығы жасалған. Ұлы жүз жасағын өзіне қосып алып, Сыр бойы, Шымкент, Сайрам, Ташкент қалаларын жоңғарлардан тазартып, Ташкентте Төле бидің билікке келуіне көмектескен. Шыршық өңірінде Жоңғарияға айдалып бара жатқан бірнеше мың қарақалпақты құтқарып қалған. 1752–1754 жылдары Жетісу, Тарбағатай, Алтай өлкелерін жоңғарлардан азат ету жорықтарында Қабанбай басқарған қазақ әскері алдымен Іле, Балқаш, Қаратал өңірлерін жаудан тазартуға қатысқан. Осыдан кейін қазақ жасақтары Тарбағатайдың күнгейі мен теріскейінде 2 бағытта шабуылға шыққан. Күнгейдегі әскер тобын басқарған Қабанбай сарбаздарымен Қарақол мен Нарынды, Үржар мен Қатынсуды, Алакөл мен Барлықты азат етіп, терістік бағыттағы Бөгенбай әскеріне қосылған. Баспан-Базар, Шорға, Маңырақ шайқастарында қатысып, Зайсан, Марқакөл, Күршім өңірлерін азат етті. Қазақ жері басқыншылардан азат болғаннан кейін Қабанбай 1756 жылы жоңғар билеушісі Әмірсананы қуып келген қытай әскерінің бетін қайтаруға ат салысқан. Шығыс аймақтарға ел көшіру, қоныс бөлу ісіне араласқан. Жоңғар үстемдігі кезінде қолдан шығып кеткен Шонжы, Нарынқол, Кеген өңірлерін қырғыздардан қайтарып алуға қатысқан. Қытаймен бітім жасалғаннан кейін, 1758 жылы қыркүйекте Барлықтан Үрімжі қаласына 300 жылқы айдап барып, қазақ-қытай саудасын бастап берген. Әкесі Әтеке жырықтың кегін алу үшін 500 адамдық қолмен келген қырғыз батыры Қарабекке ауырып жатқанына қарамастан қол бастап, қарсы шығып, Қабанбай жекпе-жекте Қарабекті өлтірген. Сол сәтте өзі де ат үстінен құлап түсіп, қазаға ұшыраған. Қабанбайдың 2 әйелінен жеті ұл туған. Қабанбайдың Үмбетей, Кішкентай, Сырымбет, Едіге, Байтық, Мойнақ, Әлі деген жеті ұлы болған. Оларды «Жеті Қабанбай» деп атаған. Осының Әлісі жоңғардың соңғы ханы Әмірсананың Мәней деген қызына үйленіп, одан бес перзент көреді. Оларды шешесінің атымен «Бес Мәней» дейді. Батырдың ұрпақтары бұл күнде Шығыс Қазақстан, Алматы облыстарының жерінде мекендегенімен, олардың арғы аталары оңтүстік жақтан ауып келіп, Есіл, Нұра бойын қоныс еткен. Бұл өңірдің 1728–1762 жылдар аралығында батырдың да құтты мекені болғаны белгілі. Қайтыс болғаннан кейін Қаракерей Қабанбайдың денесі осы ата мекеніне әкеп жерленген көрінеді.
Объяснение: