В
Все
М
Математика
О
ОБЖ
У
Українська мова
Х
Химия
Д
Другие предметы
Н
Немецкий язык
Б
Беларуская мова
М
Музыка
Э
Экономика
Ф
Физика
Б
Биология
О
Окружающий мир
У
Українська література
Р
Русский язык
Ф
Французский язык
П
Психология
О
Обществознание
А
Алгебра
М
МХК
Г
География
И
Информатика
П
Право
А
Английский язык
Г
Геометрия
Қ
Қазақ тiлi
Л
Литература
И
История
марина1704
марина1704
10.10.2020 19:48 •  Қазақ тiлi

Ата заңда даламның кендігі өріліп тұр эссе

Показать ответ
Ответ:
ВладВишня
ВладВишня
02.09.2020 11:00
Халықтың күнделікті тұрмыс-тіршілігінде туындап жатқан жағдайлар, адам айтса сенгісіз оқиғалар кез-келген жанды бей жай қалдырмайтыны анық. Бүгінгі күні бізді байланыстырып қана қоймай, ырқымыздан тыс өз дегеніне көндіріп, көгеніне жіпсіз байлап алған билеуші күш бар. Ол интернет. Соның ішінде Facebook, Instagram, Whatsapp, BK т.б сияқты әлеуметтік желілерді бүгінде мектептегі балалардан бастап, егде жастағы адамдарға дейін пайдаланып, тұрақты тұтынушыларына айналған.

Осы кезекте әлеуметтік желінің пайдалы жақтарын тоқталып өтсек. Бұл арқылы адамдар таныстарын, достарын, әріптестерін тауып, олармен байланыста бола алады. Сондай-ақ қазір әлеуметтік желі арқылы өз бизнесін жүргізіп отырғандар бар. Өйткені бұл ақпарат алмасудың тиімді әрі арзан жолы. Әрбір адам өзіне тиесілі ақпараттарын ешқандай шығынсыз жариялай алады. Мысалы: Жұлдыздар өздерінде болып жатқан жаңалықтарымен, суреттерімен бөліссе, ақын жазушыларымыз оқырмандарына шығармаларын жариялап, әртүрлі компаниялар өздеріне жұмысшы іздеуде желінің көмегіне жүгінеді. Сонымен қатар, желідегі қызықты топтарға тіркеліп, өз ойларыңызбен қызығушылықтарыңызбен бөлісе аласыз.
Ал, зиянды жақтарына келсек, Қазірде әлем халқының 60%-ға жуығы бетпе-бет тілдесуден гөрі ғаламтор арқылы тілдесуді жөн санайды. Әлеуметтік желі адамдарды шынайы өмірден аластатады. Бұл әсіресе жастар арасындағы күрделі мәселе. Күн-түнімен желіні пайдаланатын бала жан-жағындағы адамдармен шынайы араласудан қалады. Оның желіге тәуелділігі сондай бас алмастан отырып, уақыттың қалай өтіп кеткенін байқамайды. Тұйықталып ғаламторға тәуелді болады. Ғаламтор әрбір үшінші отбасының ажырасуына себеп болады екен. Ғалымдардың пайымынша, жастар көп жағдайда әлеуметтік желіде туындаған жанжалдың кесірінен ажырасатын көрінеді. Ғалымдардың әлеуметтік желі туралы зерттеулерінде, «Инстаграм» желісі депрессияға ұшырататын желі деп аталған. «В Контакте», мамандардың пікірінше, суицидке апаратын желі болып шыққан. Мүмкін, оның еліміздегі жасөспірімдер арасында суцидтің белең алып тұрғанына да ықпалы бар шығар. Айта кетерлік бір жағдай, елімізде 16 жасқа толмаған балалардың әлеуметтік желіні қолдануына заңмен тыйым салынуы мүмкін. Осындай бастама көтерген депутаттар ата-анасының рұқсатынсыз ғаламтордан жеке парақша ашпауы тиіс деген.
Өйткені, интернетте суицидті ашық жазатын сайттар мен жат ағымды насихаттаушылар көбейген. Қазақстан өзіне-өзі қол салған балалардың саны бойынша әлемде үшінші орыннан түспей келеді.
0,0(0 оценок)
Ответ:
anelya41
anelya41
23.02.2023 06:22
Шәкәрім Құдайбердіұлы (1858-1931) Туған жері: қазіргі Шығыс Қазақстан облысының Абай ауданындағы Шыңғыстау бөктерінде шілденің 11-де дүниеге келген. Қызметі: ақын, жазушы, философ, тарихшы, композитор. Араб, парсы, түрік, орыс тілдерін жетік білді Еңбектері: «Өмір», «Сәнқойлар», «Ызақорлар», «Құмарлық», «Қалжыңбас», «Тойымсыз нәпсі» сияқты дидакалық өлең-жырларында боямалы ажарлы, жасанды мінез бен жағымсыз қылықты сынға алады. Ғашықтық сезім таза, пәк жүректен маздайтынын айта келіп («Анық асық әулие», «Шын сырым»), адамгершілік ақ жолға, өнер-білімге үндейді («Жастарға»), 1905 жылы Шәкерім қажылық сапар шекті. Меккеге барған бұл сапарын пайдаланып, ақын өзінің байырғы арманын жүзеге асырды. Стамбұл, Париж кітапханаларынан туған халқының тарихына байланысты кітаптарды оқыды. Осылай жинаған материалдар негізінде «Түрік, қырғыз, қазақ һәм хандар шежіресі» (1911) кітабын, қисындарын халық мүддесіне түсіндіру мақсатымен «Мұсылмандық шарты» деген еңбек жазды (1911). Мағжан Жұмабаев (1893-1938жж.) Туған жері: Бұрынғы Ақмола губерниясының Ақмола уезіндегі Плуденовский болысы (қазіргі Солтүстік Қазақстан облысы,Булаев ауданының «Молодежный» совхозы орналасқан жер). Қызметі: қазақ өлеңінің дүлдүлі, лирик, эпик ақын. Еңбектері:  1. «Шолпан»өлеңдер кітабы (Қазан,1915ж.) 2. «Өлеңдер жинағы»кітабы (Ташкент,1923ж.) 3. «Педагогика» (1923ж.) 4. «Батыр Баян » поэмасы («Шолпан» журналы,Қазан,1922ж.) 5. «Қойлыбайдың қобызы »поэмасы («Еңбекші қазақ »газеті,1927ж.) 6. «Қорқыт » поэмасы. Жүсіпбек Аймаутов (1890-1931ж.ж.) Туған жері: Павлодар облысының,Баянауыл ауданына қарасты қазіргі Жүсіпбек Аймаутов ауылы (бұрынғы Семей губерниясы,Кереку уезі,Қызылтау болв\ысының бірінші ауылы). Қызметі: қазақтың көрнекті жазушысы, қазақ әдебиетін қалыптастырушылардың бірі,прозашы, ақын, драматург, аудармашы, ғалым, журналист, педагог-ұстаз, жазушы, сыншы, әнші, музыкант. Еңбектері:  1. «Қартқожа» орманы (Қызылорда,1926ж.) 2. «Ақбілек» романы («Әйел тендігі» журнал,1-саны,1928ж.) 3. «Күнікейдің жазығы»повесі ( «Жаңа әдебиет » журналы, 1-саны,1928ж.) 4. «Комплекспен оқуту жолдары»(мұғалімдерге арналған көмекші құрал) (Қызылорда,1929ж.) 5.«Тәрбиеге жетекші» кітабы (Орынбор,1924ж.) 6. «Психология » оқулығы (Қызылорда,1926ж.) 7. «Жан жүйесі және өнер таңдау» зерттеу еңбнгі (Москва,1926ж.) 8. «Рабиға» пьесасы (Орынбор,1922ж.) 9. «Сылаң қыз» пьесасы (Орынбор,1922ж.) 10. «Мансапқорлық» пьесасы (Москва, 1925ж.) 11. «Ел қорғаны » пьесасы (Ташкент,1925ж.) 12. «Қанапия-Шәрбану» пьесасы (Ташкент,1925ж.) 13. «Шернияз» пьесасы (Москва,1925ж.) 14. «Терме» жинағы (Ташкент,1925ж.) 15. «Тау еліндегі оқиға» аударма роман (Ташкент,1925ж.) Міржақып Дулатов (1885-1935ж.ж.) Туған жері: бұрынғы Торғай уезінің Сарқопа болысының үшінші болысы. Қызметі: қазақтың аса көрнекті ағартушысы, қоғам қайраткері, ақын,жазушы, жалынды көсемсөз шебері. Еңбектері:  1. «Оян,қазақ » өлеңдер жинағы (Уфа,1909ж.) 2. «Азамат» өлеңдер жинағы (Қазан,1913ж.) 3. «Терме »өлеңдер жинағы (Орынбор,1915ж.) 4. «Бақытсыз Жамал »романы (Қазан,1910ж.) 5. «Оқу құралы» оқу кітабы (Орынбор,1924ж.) 6. «Қирағат »(оқулық). 7. «Балкия» (пьеса). Ахмет Байтұрсынов (1873-1937ж.) Туған жері: Торғай облысы, Торғай уезі, Тосын болысы, Сарытүбек қыстағы (қазіргі Қостанай облысы, Жангелдин ауданы,аққол ауылы). Қызметі: аса көрнекті ғалым, ақын, түркітанушы, көрсемсөзші, ағартушы, аудармашы-ұстаз, қоғам қайраткері, публицист-журналист, ҚазПИ-дің профессоры, этнограф, фольклорист, композитор әрі орындаушы, қазақ тілі білімі, алфавиті, ба зі және қазақ әдебиеті теориясының негізін салушы, қазақ әліппесін (төте жазу) жасаушы, алғашқы оқу құралын жазған.  «Қазақ »газетінің бас редакторы (1913-1918ж.ж.),Алашорда үкіметі мен  «Алаш »партиясының негізін салушы әрі көсемі. Еңбектері: 1. «Қырық мысал »(мысалдар жинағы, Петербург, 1909ж.) 2. «Маса »(өлеңдер жинағы, Орынбор,1911ж.) 3. «Тіл құрал » (3 бөлімнен тұрады) (Орынбор, 1924ж.) 4. Әдебиет танытқыш (Ташкент,1926ж.) 5. Баяншы (Методикалық жазбалар,Қазан, 1920ж.) 6. Тіл жұмсар (2бөлімнен тұрады.) 7. Оқу құралы (Балалар әліппесі). 8. Әліппе (Орынбор,1912ж). 9. Сауаташқыш (Ересектер әліппесі,Орынбор, 1914ж.) 10. Әліппе-астар (Әліппеге методикалық нұсқау). 11. Оқу құрал (хрестоматия). 12. «Ер Сайын » жыры (Москва,1923ж.). 13. «23 жоқтау » (Москва,1926ж.). 
0,0(0 оценок)
Популярные вопросы: Қазақ тiлi
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота