Қарттар біздің қазынамыз. Сол қазынаны дұрыс бағалап,қадірлеу біздің парызымыз. Аталардың әрбір сөзі біз үшін үлкен тәрбие. Аталар туралы сөз туындаса ойға еңбірінші Абай атамыз келеді. Абай атамыздың қара сөздерін күнделікті өмірде сағат сайын қарап, пайдалануымызға болады десем, артық болмас. Пайда ойлама, ар ойла, Талап қыл артық білуге,- дейді, өзі қысқа айтылғанмен, қандай мағыналы. Тағы бірде: Қайғы келсе қарсы тұр, құлай берме, Қызық келсе, қызықпа, оңғаққа ерме. Жүрегіңе сүңгіде түбін көзде, Сонан тапқан - шын асыл тастай көрме. Ал, Бауыржан Момышұлы атамыз: Үміт өрге тартады, үмітсіздік көрге тартады,- дейді. Бауыржан атамыз тәртіптілікті қатты бағалаған, "Тәртіпке бас иген құл болмайды, тәртіпсіз ел болмайды,- деген. Міне, аталар сөзі-асылдың көзі.
Пайда ойлама, ар ойла,
Талап қыл артық білуге,- дейді, өзі қысқа айтылғанмен, қандай мағыналы.
Тағы бірде:
Қайғы келсе қарсы тұр, құлай берме,
Қызық келсе, қызықпа, оңғаққа ерме.
Жүрегіңе сүңгіде түбін көзде,
Сонан тапқан - шын асыл тастай көрме.
Ал, Бауыржан Момышұлы атамыз: Үміт өрге тартады, үмітсіздік көрге тартады,- дейді. Бауыржан атамыз тәртіптілікті қатты бағалаған, "Тәртіпке бас иген құл болмайды, тәртіпсіз ел болмайды,- деген.
Міне, аталар сөзі-асылдың көзі.