Аудиомәтінді екі рет тыңдап, төмендегі тапсырмаларды орындаңыз. үш тіл – заман талабы 22 қыркүйек - қр халықтарының тілдері мерекесі. әр халық өз тілінде сөйлеуге, оқуға құқығы бар. әр азамат өзінің ана тілін біліп, сүюге, құрметтеуге міндетті. сонымен қатар, әр өзге де тілді үйреніп, оларға да құрметпен қарап, өз кәдесіне жаратып жатса, «жеті түрлі ілім біл, жеті жұрттың тілін біл» деп ата- айтпақшы, нұр үстіне нұр болады. сол себепті де біз бүгінгі шараны ана тілімізге және орыс тілі мен ағылшын тіліне арнаймыз. біздің еліміз – көп ұлтты мемлекет. елімізде жүздеген ұлт өкілдері достық пен бейбітшілікте өмір сүруде. аманаты - дәстүріміз бен туған тіліміздің аясы кеңейіп, әлемдік өркениетпен ұштастығын тауып жатыр. соның бір кепілі - ел болып атап өтіп жатқан - тілдер мерекесі. тіл қай ұлтта, қай елде болса да қастерлі, құдіретті. ол әрбір ға ана сүтімен бірге еніп, қалыптасады. «әр елдегі қазақ әр елдің тілін мықтап игерсе, ол - білім. ол шетел тілінде сөйлесе - тіпті жақсы. бірақ ана тілін тұншықтырып, көміп тастаса - ол кешірілмес күнә» деген н. ә. назарбаевтың сөзін басшылыққа ала отырып, мектепте оқытылатын тілдерден жарыс өткіземіз. жер шарында 900-ге жуық ұлт өмір сүреді. қазір біздің планетамызда 5651 тіл бар, ол тілдерде миллиардтан астам сөйлейді. өзінің тілін ана тілім деп атайтын бірден бір халық - қазақ. өйткені, халқымыз анасын қастерлеп, қадірлеген. ең қасиетті, киелі нәрсені анаға теңеген. сөз мүшесінің саны жағынан алғанда қазақ тілі жер жүзіндегі 5651 тілдің арасында 70-орында.
1. мәтіннің не туралы екенін анықтаңыз. a. тіл туралы b. өнер-білім туралы c. еңбекқорлық туралы d. ілік туралы 2 . мәтіннің негізгі идеясын табыңыз. 4 a. 22 қыркүйек - қр халықтарының тілдері мерекесі. b. біздің еліміз – көп ұлтты мемлекет. c. біздің планетамызда 5651 тіл бар. d. туған тілді құрметтеп, қастерлеу керек.
3. мәтіннің түрін ажыратыңыз. a. әңгіме b. сұхбат c. ертегі d. мақала
4. мәтін бойынша дұрыс/бұрыс ақпаратты анықтаңыз. (+ белгісімен белгілеңіз). no 1 2 ақпараттар әрбір өз ана тілін сүюі, құрметтеуі тиіс. жер шарында 800-ге жуық ұлт өмір сүреді. дұрыс бұрыс
5. төмендегі мақал-мәтелдерді қолданып, жұбыңызбен тіл туралы сөйлесіңіз. жұбыңызға • • • сұрақтар қойыңыз, жауап беріңіз. өнер алды – қызыл тіл. көп сөз - күміс, аз сөз - алтын. ойнап сөйлесең де, ойлап сөйле.
6. төмендегі сөйлемдерден терминдер мен неологизмдерді тауып, мағынасын ашыңыз. олармен сөйлемдер құрастырыңыз. • қазақстанда үштілділік білім беру жолдары жүзеге асырылуда. • лексика – сөз мағынасын зерттейтін сала. • ұлыбританияда тұратын 10 жасар соня – полиглот қыз.
Темперамент қасиеттеріндегі көптүрлілік даралық ерекшеліктер кешенін тұтастай сипаттай алмайды. Адамдар арасындағы айырмашылықтардың көптүрлілігі соншалық, олар өмірдің барлық қырларынан көрінеді. Адамдар тек сырт бейнесімен ғана емес, күллі психикалық құрылымымен, яғни басқа адамдар мен зеттаға қатысты әрекет-қылық мәнерімен, қарым-қатынасқа түсу тәсілдерімен ерешеленеді. Әр адамның психикасы мен тұлғасына қайталанбастық тән. Бұл адамның даралығын көрсетеді. Мінез – даралықтың негізгі құраушы бөлігі.
«Мінез» сөзі өмірде және көркем әдебиетте кеңінен қолданылады. Басқа адамдармен қатынаса отырып әр адам өз мінезі танытады және өзгенікін бағалайды. Күнделікті өмірде қауым мінезді «жақсы», «жаман», «ауыр», «жеңіл» деп сипаттайды. Ара қатынасымыз бұзылған жағдайда, әдетте: «Мінезіміз келіспеді»,- деп жауап береміз. Түрліше мінез иелері ұқсас жағдайларда әр-түрлі ірекет етеді, күйзеледі. Егер біз келесі адамның мінезін жетік білетін болсақ, онда бізге оның әрекеттерін түсіну де оңайға соғады, ендеше, ол адаммен қатынасудың тиімді стильін таңдап, белгілі жағдайлардағы әрекет-қылықтарын болжай аламыз.
Қазақ күресінен ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың жүлдесі үшін өтетін республикалық «Қазақстан барысы» турнирінің ақтық сыны өтетін күн де жақын қалды. Қыркүйектің 22-і жұлдызында еліміздің 14 облысы және Алматы мен Астана қалаларынан жиналған «барыс» атану үшін барын салмақ. Бүгінге дейін еліміздің бар аймағында іріктеу сыны жүргізіліп, әр облыстың ең мықты деген екі балуаны республикалық турнирге жолдама алды. 2012 жылғы іріктеу турнирінде жалпы жиынтығы 749 мың балуан бақ сынап, соның 32-і «Сарыарқа» кешенінде өтетін «Қазақстан барысы» турнирінің ақтық сынына қатысу мүмкіндігін иеленді. 2011 жылы тұңғыш рет өткен «Қазақстан барысы» республикалық турниріне іріктеу кезеңіне жалпы есебі 744 мың балуан қатысқан болатын.