В
Все
М
Математика
О
ОБЖ
У
Українська мова
Д
Другие предметы
Х
Химия
М
Музыка
Н
Немецкий язык
Б
Беларуская мова
Э
Экономика
Ф
Физика
Б
Биология
О
Окружающий мир
Р
Русский язык
У
Українська література
Ф
Французский язык
П
Психология
А
Алгебра
О
Обществознание
М
МХК
В
Видео-ответы
Г
География
П
Право
Г
Геометрия
А
Английский язык
И
Информатика
Қ
Қазақ тiлi
Л
Литература
И
История
Daina1115
Daina1115
27.04.2021 00:27 •  Қазақ тiлi

Аудиожазбадан (09.mp3) Мұстафа Өзтүрік мəтінін тындап, ондағы негізгі ақпараттарды қағазға түсіріңдер ​

Показать ответ
Ответ:
1BYRYNDYK1
1BYRYNDYK1
14.10.2022 19:20

Ұлы Жібек Жолы – Қытай жерінен басталып, Қиыр Шығыс пен Еуропа елдеріне беттеген керуен жолы. Бұл жолдың басым бөлігі Орта Азия мен Қазақстан жерінің үстімен өтті.

Жібек Жолы б.з.д III ғасырда сауда магистралі ретінде пайда болып, XVI ғасырға дейін қызмет етті. Жібек Жолының бойында орналасқан көне қалалар бірталай соғыс, өрт, аштық, апат-ойрандардың куәсі болды.

Ұлы Жібек Жолы арқылы тек сауда жүйесі дамып қана қоймай, Шығыс пен Батыс өркениеті тоғысып, мәдениет және дипломатиялық қарым-қатынас орнады.

VI-VII ғасырларда Қытайдан бастау алған керуен Жетісу мен Оңтүстік Қазақстан даласын кесіп өтетін. Отырар, Тараз, Сайрам (Испиджаб), Түркістан (Яссы), Суяб, Баласағұн т.с.с көне қалалар тек сауда ғана емес, мәдениет және ғылым орталықтары болды.

Ертеде Тараз қаласындағы сауда базарын көргендер «Тараз базары – әлем айнасы» дейтін. Себебі, бұл жақта кез келген дүниені айырбастауға, сату мен сатып алуға болатын. Мыстан жасалған тұрмыстық бұйымдар мен қару-жарақтар, киім-кешек пен ер-тұрмандар саудаға түсетін.

Отырар алқабына жүз елуден астам кішкентай қалалар кіретін. Бұл елді мекен қорған сарайларға бай болатын. Саудамен қатар, бұл аймақта білім мен ғылым саласы дамыды.

Түркістан (Яссы) ертеден «екінші Мекке» деп аталып кеткен. Бүгінгі таңда көне қала әлемдік туризм орталығына айналды.

Суяб пен Баласағұн қалаларында жыл сайын кең көлемде сауда жәрмеңкелері өткізілетін. Әр түрлі елден жиналған саудагерлер бас қосып, сауда қарым-қатынасын орнататын.

0,0(0 оценок)
Ответ:
McTawer0
McTawer0
28.01.2021 10:22

Абай өлеңдерінің бір алуаны - табиғат лирикасы. Табиғат - а ң еңбек етіп, өмір сүретін ортасы. Бар байлық, қазына, тіршілік, табиғат дүниежүзі әдебиетіндегі ірі классик ақындардың барлығының да шығармаларынан орын алды. Әр дәуір, әр жағдайға лайықты табиғатты әркім әртүрлі жырлады. Біреулер табиғат арқылы өмір сүретін, біреулер табиғатты суреттеу арқылы көңіл-күйін, өз көзқарасын айтып берді. Ал кейбіреулер белгілі бір кезеңдерде өмірдегі күрес-тартыстардан безіп, табиғатты ғана жырлап, өмірден безу көйгейін тартты. Қайткенмен де, табиғат көркем әдебиеттен үлкен орын алды. Иран тарихы мен әдебиетінің ірі маман-ғалымы Е.Э.Бертельстің айтуы бойынша, («Саади Ескандари». «Вал Искандерев») Зу-л-қарнайн қорғаны (қамалы) туралы аңыз тіпті Құранға да енген дейді. Ескендір - дүниежүзі әдебиетінен кең орын алған әдеби қаһармандардың бірі.

 Абай - өз заманының оқымысты ақыны. Оның шығармаларын зерттегенде, шығыс, батыс, орыс әдебиеті, олардың тарихын, аңыз, әңгімелерін көп білетіндігіне таң қалмасқа болмайды. Ескендір жайлы да ол әртүрлі мәліметтермен танысқандығы күмән келтірмейді. Бірақ дәл қандай қорларды пайдаланғандығын айту қиын. Әйтсе де ол, ең алдымен, шығыс әдебиеті, ол тілдердегі Александр туралы жазылған тарихи деректерді жақсы білген деп топшылауға болады. Өйткені шығыстың ұлы классиктерінің шығармаларымен Абай жасынан таныс. Сондықтан Александр туралы Фирдоуси, Низами, Навои, Эмир Хосров (Әмир Хысрау) сияқты ұлы ақындардың жазғандарымен жақсы таныс болғаны байқалады. Демек, біз Абайдың «Ескендір» поэмасын осылармен салыстыра зерттегеніміз жөн.

Объяснение:

0,0(0 оценок)
Популярные вопросы: Қазақ тiлi
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота