Ауыл – дәстүрлі қазақ қоғамында ежелден қалыптасқан ұғым. Ж.Әбдірашев: «Ауыл – қаланың анасы, анасын ұмытпайды баласы» - деген екен. Ауыл – әр халықтың, соның ішінде қазақ халқының алтын бесігі, темірқазығы. Ұлтымыздың салт-дәстүрі, қаны мен жаны сол ауылдан басталады. Халық мақтанышына айналған әйгілі арыстарымыздың бәрі де сол ауылдан шыққан. Сондықтан да елімізді көркейтуге осы бастан өз үлесімізді қосуға тиіспіз. Ал біздің үлесіміз – сапалы білім алып, ел болашағын ойлайтын азамат болу. «Ауыл түбі – бірлік, қауым түбі – тірлік» деген мақал ауылдың этникалық, экономикалық және рухани маңыздылығын білдіреді. Ауыл адамдары қала адамдарына қарағанда салтты берік ұстанады, қарапайым, жомарт, ашық, кішіпейіл, бауырмал, мейірімді болып келеді. Себебі ұлттық салт-дәстүр, әдет-ғұрып барлығы ауылда жақсы сақталған. Ауыл адамдары кеш ұйықтап, ерте тұрады. Ауылда таза ауа, дала тып-тыныш болады. Қала өмірі тынымсыз тірліктен тұрады. Таңнан кешке дейін көліктің дауысы құлақ тұндырады. Қаптаған халық, у да шу. Қала адамдары барлық жаңалықтан хабардар 2-3. Мәтіннен берілген сөздердің антоним, синонимдерін табыңыз. Бүгіннен (антоним) - [1] Қолы ашық (синоним) -
Кітапхана — мәдени-ағартушылық ғимарат. Кітапхана ба з шығармаларын жинау, сақтау, насихаттаумен, оқырмандарға ба з шығармаларын берумен, мәдени-ағарту және ғылыми-көпшілік жұмыстарын ұйымдастырумен шұғылданады
Әрине, қазіргі заман ағымына қарай, техниканың дамығанына орай кітап оқу мен кітапханасына жазылу қалып барады. Дегенмен, менің ойымша осы мәселені барынша қолға алып, мектеп кітапханасының қорын кеңейтіп, қазіргі жастарға қызықты жазылған кітаптармен толықтырса, сонымен қатар түрлі әдеби кештер мен іс – шаралар ұйымдастырылып, жастарды кітап оқуға үгіттеу жұмыстары жүргізілсе, бұл мәселе оң шешімін табады деп ойлаймын. Сонда мектеп кітапханысының қоры көбейіп қана қоймай, оқырмандар саны да артар еді деп есептеймін.
Объяснение:
Объяснение:
Әлемде сіз бен біз білмейтін қызықтар көп-ақ, алайда, саяхаттар туралы айрықша ақпараттардың орны ерекше. Өйткені, кім болмаса да, сәби шағында ертегі оқып, оған бойлау барасында ел танып, жер көрсем деген ой туып, қияли көңіл жас бала асыл арманын жұдырықтай жүрегінің түбінде сақтап өседі. Ал, есейе келе ересек өмірдің торынан шыға алмай қалып жатады. Сол бала арманды көңіл күйсандығында көмулі қалдырмай, Жер жаһанды аралап, өзін де, өзгені де мойындатқан жандар бар екен. Ендеше, саяхатсүйгіш батырлармен таныс болыңыз!
Ең қарт саяхатшы
Профессор Сабуро Шочи соңғы дәрістік сапарына аттанғанда 106 жаста болатын. Ол 6 елге саяхат жасап, 56 700 шақырым қашықтықты бағындырған. Сабуро қарт жер шарын айнала саяхаттауда ең егде әлем шарлаушы ретінде танылды.
Ең ұзақ саяхат
Америкалық Рейд Стоув әлем мұхитында 1152 күн өткізген. Стоув мырза құрлықтарға тоқтамай өзінің «Энн» аталатын желкенді қайығында 80 мыңнан астам шақырым жол жүрген.
Антарктика арқылы велосипедпен жасалған ең ұзақ саяхат
Зертеуші Эрик Ларсон велосипедпен өзі нұсқаған нысаны, яғни, Оңтүстік Полюске жете алмады. Дегенмен, ол Антарктикада 340 миль жүріп өтуі негізінде рекорд жаңартқан батыр саяхатшы.
Велосипедпен жасалған ең тез саяхат
Джеймс Боуторп есімді ағылшын азаматы велосипедпен Жер шарын аралауды 174 күн ішінде жүзеге асырған. 20 елді кесіп өту үшін 18 мың мильді бағындыруға тура келді. Мұндай ерлік жасау үшін ерекше саяхатшыға велосипед педалін күніне 14 сағат айналдыруға тура келді.
Жер шарын жалғыз айналып шыққан ең жас саяхатшы
Лаура Деккер 14 жасында «Гуппи» яхтасына мініп Жер шарын айнала саяхаттауға аттанды. Ол мұхитта 70 мың (шамамен 50 мың шақырым) миль кешіп өтті. Лаура туған күніне бірнеше күн қалғанда үйіне қайта оралды. Рекордты саяхат Лаура Деккер өмірінің 1 жыл 1 күнін алды.