Авар - (авар. аварал, магIарулал) - негізінен Дағыстанда тұратын халық. Біразы Азербайжанның солтүстігін және шығыс Грузияны
мекендейді. Чечня мен Қалмыкияда кездеседі. 2002 ж. мәліметімен Ресейде
999,8 мың адам, Азербайжанда (1999 ж) - 49,8 мың, Түркияда 2005 ж.
мәліметімен 53 мыңнан астам аварлар бар.
Тілі - авар тілі, кавказ тілдерінің дағыстан тобына жатады.
Негізгі кәсібі - мал шаруашылығы, егіншілік, бау-бақша өсіру. Көптеген
аварлар өнеркәсіп орындарында жұмыс істейді. Интеллигенцияың ұлттық
кадрлары өсіп жетілді. Аварлар халқының әдебиеті мен өнері едәуір
дамыған, әсіресе бейнелеу өнері өте бай келеді (ағаш ою, кесте тоқу, тас
қашау, алтыннан әр түрлі заттар жасау жағы басым).
Діні - суниттік мұсылмандар.
Сұрақтарға жауап жаз.
1.Аварлық кісінің «Елді аңсау»суретінде өзін тауды басқан тұманға теңеуінің
себебі неде?
2.Тікенек басындағы құстың оқиғасы мен суретші өмірінде қандай
ұқсастықтар бар? Айырмасы қандай?
3.Анасы адасқан ұлын неге кешірмеді?
«Отан – отбасынан басталады» дегендей отанды сүю- отбасынан басталатыны рас!
Себебі, отбасы – бала тәрбиесінің ең алғашқы ұжымы.Адамның жеке басының қалыптасуы отбасынан басталады.Оның ер жетіп өсуі, бойындағы алғашқы адамгершілік белгілер отбасында қалыптасады, сондықтан да туған үйдің жылуы – оның көкірегінде көп жылдар бойы сақталып, мәңгі есінде жүреді.
Отбасы – табиғат сыйлаған кереметтердің бірі. Жеке адамның бойындағы ар-ұятын , ақыл-ойын ,адамгершілігін , мәдениеттілігін тәрбиелеуде отбасы – алғашқы қадам.Отбасы – өте қажетті, басқадай еш нәрсемен өзгертуге болмайтын баспалдақ.
Отбасында адам бойындағы асыл қасиеттер жарқырай көрініп, қалыптасады. Отанға деген ыстық сезім – жақындарына, туған-туысқандарына деген сүйіспеншіліктен басталады. Сол себепті де біз отбасын Отанның кішкентай бір бөлшегі ретінде қарастырамыз.