В
Все
М
Математика
О
ОБЖ
У
Українська мова
Д
Другие предметы
Х
Химия
М
Музыка
Н
Немецкий язык
Б
Беларуская мова
Э
Экономика
Ф
Физика
Б
Биология
О
Окружающий мир
Р
Русский язык
У
Українська література
Ф
Французский язык
П
Психология
А
Алгебра
О
Обществознание
М
МХК
В
Видео-ответы
Г
География
П
Право
Г
Геометрия
А
Английский язык
И
Информатика
Қ
Қазақ тiлi
Л
Литература
И
История
Кндр15
Кндр15
07.03.2021 13:26 •  Қазақ тiлi

Автордың жазған «Оқырманға арнау сөзіне» негізделе отырып, роман-эссенің тарихи және көркемдік құндылығына талдау жүргізіңіз. Мың шақырымдық ұзақ сапардың алғашқы қадамнан басталатыны сияқты, қолыңыздағы «Қазақтыі Қанышы» аталған роман-эссеге бұдан отыз бес жыл бұрын, 1963 жылдың жазында ұлтымыздың біртуар ғалымы Ә.Марғұланмен оңаша сұхбат үстінде алғашқы сүрлеу салынғаны – бүгінде естелік ретінде айтар сыр.

Әрнеге еліккіш, қиял қантына мінген кезде Айға да қол сермеп жүрген жасаң кезім. Әмбе техникалық мамандықты игеруіме Қаныш ағаның зор өнегесінің әсері болған. Әрі Әлекеңдей үлкен кісінің өзіме сенім артып, еліктіре сөйлегені еркімді баурап, тоқ етерін айтқанда, ойды ой қозғап әсерлендім де, төрт-бес хикаят жазған ғылыми-қиял дүниесін жайына қалдырып, қалтарыс-қақтығысы мол, шың-құздары биік, оппа-жарлары терең ұлы ғалым өмірінің күрделі жыңғылына сүңгідім де кеттім. Бұл істің соңында, жоғарыда айтқандай, соншама ұзақ жүрерімді білсемші сонда?!.

Жоқ, о күнде мұны бағдарлай алмадым. Ізденістің ондаған жылдарға жалғасып, ғалымның өткелі көп асу-белдерін зерттеп жете түсінудің қиыншылғы өз алдына, сол жолда өзімің де сансыз мол кедергі-тосқауылдарға жолығып, жан азабына түсерімді, кейбір пенделердің академик Қ.Сәтбаевтың іргелі де ұлы еңбектерін халық жадынан ұмыттыруды көздеген қиянатына тап боларымды, әрине, білгенім жоқ. Сөйтсе де құдай маған төзім берді, «Әділдік әрқашанда жеңеді, сол үшін күресумен қоса қиыншылыққа шыдау керек!» деген Қаныштай асылдың қайраткер рухы жебеп, жақсы күндерді үмітпен тосуыма себепші болды. Жақсылық туар деп қарап та жатпай, бір жығылып, бір тұрып жүріп, ғасырдың соңғы ширегінде өзім құштар болып тандаған қаһарманымның ғұмыр жолын баяндаған үлкенді-кішілі алты кітапты дүниеге келтіріппін. Нақтылы түстесем, олар - «Жазушы» ба 1973 жылы шығарған «Туған жердің асылы» атты көркем әңгімелер жинағы; төлтума нұсқасы Алматыда қиянатпен тоқтатылып, көп бейнетпен Москвада «Молодая гвардия» ба ң «Тамаша адамдардың өмірі» (ЖЗЛ) сериясы бойынша 1980 жылы жарық көрген «Сатпаев»; жариялылық заманы туған шақта, яғни 1988-1989 жылдары осы ғұмырнаманың қазақ және орыс тілдерінде жаңа тараулармен толықтырылып, әсем көркемделіп әрі көп мыңдық таралыммен қайыра басылған екі кітабы; тоқырау һәм рухани құлдырау заманында басымнан кешкен қиянаттар мен ғалымның дүние жүзіне мәшһүр атағын жасыту мақсатымен ұйымдастырылған әділетсіздіктер туралы бүкпесіз сыр шерткен «Қуғындалған «Сәтбаев» (А., «Шабыт», 1994) және Павлодар облыстық әкімшілігінің тапсырмасымен арнайы жазылған «Қаныш елі» атты үш тілде (қазақша, орысша және ағылшынша) әрі түрлі түсті көркем де тарихи суреттермен безендірілген альбом-кітап.

Міне, енді солардың бәрінің жиынтығы есебіндегі роман-эссені - қалың оқырманға бұрыннан танымал «Сәтбаев» атты деректі хикаяттың негізінде қайыра сомдалған, көптеген жаңа тараулар жіне бұрынғылар арасына соны оқиға, айғақтар қосылған жетінші туындымды қолыңызға алып отырсыз. Бұл басылымның алдыңғылардан бір өзгешелігі -

26

саяси тосқауылдар қол байлап, бұрын жаза алмай жүрген ұлттық жайттар, сондай-ақ, құдірет-күші мықты кешегі сөз тергеушілері (цензорлар) мен еріктері тежеулі әріпшіл редакторлар зорлықпен қиып тастап, жарық дүниеге шығармай келген ғалым өмірінің бүркеулі «ақтаңдақтары» түгел қосылып, ашық баяндалуы.

Мәңгі өлмес асылымыз, қазақтың атын әлемге танытып, мерейімізді асқақтатқан ұлы перзентіміз, ғұлама академик (үш бірдей ғылым ордасының), көрнекті қоғам қайраткері, қазақтың ұлттық ғылым академиясының. іргетасын қалаушы, әрі жеріміздің қазына байлығын көптеп тауып, ел игілігіне жаратуға (әсіресе қазіргі аса ділгір заманда) дәнекер болған ұлы геолог-барлаушы Қаныш Имантайұлы Сәтбаевтың туғанына 100 жыл толу мерекесін дүние жүзі халықтарының руханият ұйымы ЮНЕСКО да салтанатты түрде атап өтуге арнайы қарар (№ 234-10, 1997 ж., қараша) қабылдады. Бұл болса, Қазақстан Республикасының Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың ұтымды уәжімен айтқанда: «Қ.Сәтбаев еңбектерімен XX ғасырда қазақ халқы меңгерген ғылым көкжиегін әлем жұртына паш етеміз» деген сөз. Сайып келгенде, бұл - қазақ ғалымының мұрасын - ғылыми еңбектерін күллі дүние жүзінің білімдар қауымы танып, адамзат игілігіне ортақ асыл екендігін мойындау!..

Сөз соңында қолыңыздағы ғұмырнамалық романның ғалымның есімін әлем кеңістігіне мәшһүр еткен даңқты мерейтойы қарсаңында туған халқына тарту ретінд езірленгендігін ескерту парыз. Өз басым осынау аса мерейлі, шуақты мерекеге ат қосумен бірге, аман жеткенімді шексіз бақыт деп білемін!..

Показать ответ
Ответ:
Зозяська
Зозяська
21.12.2023 09:45
Автор Әбдіманап Марғұлан, жазған «Оқырманға арнау сөзіне» роман-эссеге айтылып, ондаған көркемдік құндылық, мамандықтары мен зорлықтары туралы талдауды өткізуге тапсырмасымыз. Біздің халық ғұлама Әбдіманап Марғұлан – ұлтымыздың ғалымы болып табылады. Шығармалары, киім-кеңдеулері өте әріптестермен беғеніліп жатады. Олардың бастағы китаптарында «Қазақтыі Қанышы», «Айқын сайырда» т.б. атты кітаптар бар. Әбдім
0,0(0 оценок)
Популярные вопросы: Қазақ тiлi
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота