В
Все
М
Математика
О
ОБЖ
У
Українська мова
Х
Химия
Д
Другие предметы
Н
Немецкий язык
Б
Беларуская мова
М
Музыка
Э
Экономика
Ф
Физика
Б
Биология
О
Окружающий мир
У
Українська література
Р
Русский язык
Ф
Французский язык
П
Психология
О
Обществознание
А
Алгебра
М
МХК
Г
География
И
Информатика
П
Право
А
Английский язык
Г
Геометрия
Қ
Қазақ тiлi
Л
Литература
И
История
KristinkaOvchin
KristinkaOvchin
05.07.2022 09:27 •  Қазақ тiлi

Қай сөйлемдерде ыңғайластық жалғаулықтар, қай сөйлемдерде қарсылықты жалғаулықтар бар екенің анықта. Төмендегі кестеге сөйлемдерді жаз: Мұғалім келмеді және сабақ болмады. Мен кеше досыма бардым, бiрақ ол үйде болған жоқ.
Валера мен Алмат мектепке бармады. Кун шықты, сонда да суық болды. Алмат пен Рахат жақсы дос. Мен де, сен де бұл көшеде тұрамыз.

Ыңғайластық жалғаулықтармен сөйлем
Қарсылықты жалғаулықтармен сөйлем

Показать ответ
Ответ:
kapyringeorgy
kapyringeorgy
13.12.2022 06:35

Бір күні Сократ хакім бір Аристодим деген ғалым шәкіртіне құдай табарака уа тағалаға құлшылық қылмақ турасында айтқан сөзі. Ол өзі құлшылық қылғандарға күлуші еді.

- Әй, Аристодим, ешбір адам бар ма, сенің білуіңше, қылған өнерлері себепті адам таңырқауға лайықты? - деді.

Ол айтты:

Толып жатыр, қазірет.

Бірінің атын аташы, - дейді.

Гомерге бәйітшілігі себепті, Софоклге трагедиясы себепті, яғни біреудің сыйпатына түспектік, Зевксиске суретшілігі себепті таңырқаймын, - деп, соған ұқсаған неше онан басқа өнерлері әшкере болған жандарды айтты.

Объяснение:

Жә, олай болса һәмма мақұлыққа да қара, өзіңе де қара, жанды бәрімізге де беріпті. Жанның жарығын бәрімізге де бірдей ұғарлық қылып беріп пе? Адам алдын, артын, осы күнін - үшеуін де тегіс ойлап тексереді. Хайуан артын, осы күнін де бұлдыр біледі, алдыңғы жағын тексермекке тіпті жоқ. Хайуанға берген денеге қара, адамға берген денеге қара. Адам екі аяғына басып тік тұрып, дүниені тегіс көрмекке, тегіс тексермекке лайықты һәм өзге хайуандарды құлданарлық, пайдасын көрерлік лайығы бар. Хайуанның бірі аяғына сеніп жүр, бір өзіңдей хайуанды құлданарлық лайығы жоқ. Адам өзі өзіне сенбесе, адамды да хайуан секілді қылып жаратса, ешнәрсеге жарамас еді. Хайуанға адамның ақылын берсе, мұнша шеберлік, мұнша даркарлік, бір-біріне ғылым үйретерлік шешендік салахият ол денеге лайықты келмейді. Қай өгіз шаһар жасап, құрал жасап, неше түрлі сайман жасап, сыпайылық шеберліктің үдесінен шығарлық қисыны бар? Бірақ а болмаса, бұл ғажайып ақылды және ғажайыппен жасаған денеге кіргізіп, мұнша салахият иесі қылғаны хиқметпенен өзге хайуанға сұлтан қылғандығына дәлел емес пе? Ол дәлел болса, а артық көріп, қамын әуелден алланың өзі ойлап жасағанына да дәлел емес пе? Енді а ң құлшылық қылмаққа қарыздар екені мағлұм болмай ма? - депті.

0,0(0 оценок)
Ответ:
Luna28u
Luna28u
20.05.2021 20:44

Киіз үй бөліктеріне қатысы бар бата - тілектер:

Шаңырағың биік болсын!

Шаңырағың шайқалмасын!

Керегең кең болсын!

Түндігің түтінді болсын!

Қос босағаң берік болсын!

Ақ босағадан аттаған келін оң аяғымен енсін!

Ұлттық ұғымда киіз үй және оның әрбір құрамдас бөлшегі қасиетті деп саналады. Соған орай ата-бабаларымыз әрбір затқа лайық ұлықтау, теңеу, бейнелеу сияқты ойлы ұғымдармен бірге тәрбиелік  мәні бар қағидалы, қанатты сөздер де шығарған. Ол қанатты сөздер шаңырақтан басталады. Шаңырақ – киелі мүлік.  Атадан балаға мұра болып келе жатқан үйді қара шаңырақ деп құрметтейді. Қара шаңыраққа сәлем беру, одан дәм тату - ежелгі халық жоралғысы. Шаңырақ деген сөз «үй, отбасы» деген тұтас ұғымды да бейнелейді. Жаңа үйленгендерді «шаңырақ көтерді» дейді. «Шаңырағың биік болсын!» деген батаның ең үлкені саналады. Жалпы, жоғарыда аталып кеткен бата – тілектерді жас жұбайлар үйленіп, шаңырақ құрғанда айтады. Үйің кең, қонағың көп, берекелі үй бол деген мағыналы сөздер.

 

0,0(0 оценок)
Популярные вопросы: Қазақ тiлi
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота