Аяз би әділ болды. Тура билік етті, нашарларға қарасты. Баяғы өзінің жыртық тоны мен жаман тымағын ордасының маңдайшасына шегелеп қойды. Кейде хандықпен көңілі ауытқып, тура жолдан таяйын десе, шегелеулі тоны мен тымағына қарап: «Ай, Аяз, баймын деп аспа, ханмын деп таспа! Аяз әліңді біл, құмырсқа жолыңды біл!» - деп, көңілін басушы еді дейді. Жырдың тақырыбы
Әдеби жанры
Негізгі идеясы
Жыр сюжеті
Дүйсенбі күні Мәжілісте «Мемлекеттік тілдің латын графикасындағы әліпбиінің бірыңғай стандарттарын енгізу мәселелері туралы» парламенттік тыңдау өткізілгені белгілі. Онда Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында көрініс тапқан осынау іргелі жобаға байланысты ордалы ойлар айтылды. Уақытпен үндескен бағалы бастаманы қызу қолдаған республика жұртшылығы мемлекеттік маңызды мәселеге орай байыпты пікір білдіруде. Бүгін біз солардың бір бөлігін оқырман назарына ұсынып отырмыз.
Күз келді. Күн қысқарып, түн ұзарды. Күн сирек көрініп, аз жылытады.
Маса, шыбын, құрт-құмырсқа жоқ болып кетіпті, құстар да жылы жаққа
ұша бастады. Қарлығаштар көптен көрінбейді. Аспанда тырналар да
тізіліп ұшып барады. Күзде күн суытып, барлық жан- жануарлар, жәндіктер қысқы ұйқыға кетеді. Егін жиналады. Жапырақтар сарғайып, жерге түседі. Сонымен қатар бұл мезгілді «Алтын күз!» деп айтып жүрміз. Өйткені жер беті сарғайған жапырақтарды жамылып, алтын түске боялатыны белгілі. Күздің сұлулығына көзің тоймайды.
Күздің байлығы- бау- бақшамызда әбден пісіп жетілген көкөністер мен жемістер, егіннің иіліп тұрған бастары, қап-қап картоп, малдың, құстың, аңның әбден семірген кезі. Дастарқаның молшылыққа , ет пен майға толы кезең. Сонымен қатар күз кезінде қауырт жұмыс, қысқыға дайынындық. Күздің соңғы күндерінде дала есігін айқара ашып, кіріп келетін қысқа деген дайындық кезі. «Күздің бір күні, қыстың бір айын асырайды» деп дұрыс айтылған. Күзде ерінбей еңбек етсең, қыста қысылмай өмір сүресің. Жауын – шашынның көбеюі, күннің суытуын, желдің суық ызғарынан күздің келіп қалғанын да білеміз. Күзде күннің көзі жиі жылулығын жер бетіне сыйлайды.Оған қоса жаздағы піскен күздегі піскен азықтың бәрін жинап салқын жерге тастап соны қысқа амалдайды. Және алдағы қысқа дайындалып кезек береді.