Айгүл Кемелбаеваның «Шашты» әңгімесі өткен жылдың құйрықты жұлдызындай жарқ етіп, сөзге көңіл суарған көпшіліктің айызын бір қандырып, қапысыз бабамұратты бағзы заманның шежіресіне қанық еткен-ді. Әңгіме өрісі кең, кей тұста этнографиялық, кей тұста тарихи мағлұматтарға жүгінсе, кей тұста атбегілік әуселесі әулиелікке ұласқан қазақтың дегдарлығын паш етеді, кей тұста ел мен жердің аңысын аңдығандай географиялық әу-жайға қанықтырып қояды. Жазушының жұрнақ пен жалғауға шолақ, қайыруы тез, ұғынуы күрделі сөз байламдары кібіртіктетіп, екі үш қайтара оқуға байлап қоятыны бар. Әйтсе де, Айгүл идеяның тінін қиялдан өрмейді, тарихи негізі бар оқиға желісін кейінгіге шынайы ұқтырмақ болғандай. Ұлттық құндылықтар мен өшпес мұраттар, дін мен ділді, адамшылық пен азбандықты ту еткен шығармасының кең ауқымына, терең иіріміне қарап эпикалық әңгіме деп тануға болады. Құлдық қамытына байланған иісі қазақ, руы қыпшақ Кенжебекті түркпеннің құлақ-кесті құл-атбегісі «қаңбақша ауып, тамырсыз дедектеген» Тасқұл-қаңлы «Ай-Күн жарықсыз болмас» деп жұбатады. Жылқышы ата түркпен мен қазақ руларының аталас, дағды қалпын айырып, екі елдің жаугершілік мінезінен сыр шертеді. «Қазақылық заманнан үш жүз бір ту астына біріксе, ер түрікпеннен бөлек, Өр Алтайдан Еділге өтіп, қырғидай тиген құба қалмақтан, Ысық көлдің арғы жағынан жөңкіліп тиісетін жауынгер тайпа қырғыздан. Ормандай кәпір орыстан, сірә да жеңілмес еді». Алты бақан алауыз болғанымен, «кертағыдай бұл қазақ бүлікшіл, өлермен халық екенін көрсет!» деп баланы түрікпен ат бәйгесінде қаракөк тұқым, аузымен құс тістеген хас жүйрікпен қашырмақ болады. «Жылқы әулие, әулиеге тапсырдым!». Көз алдыңызға көкірек кенересін даналық кемсерген, әулие-абыз қарияның зор пішіні келе қалады. Ғазиз, абыройлы өлімнің алдында құлқамыт өмір-дің түк мәні жоқ. «Өмір мен өлім деген не тәйірі!». Құлдықтан қашу зор үрей, алдын тосып құмдақ шөл, сусыз шөлейт, алаөкпедей көбік құсқан ағынды дария тұр, бірақ, ата балаға қанат береді, құлдықтың түбі тексіздік, тамырсыздық деп көрсетеді. Тексіздік үлкен таңба, қала берді жұтылу. Жазушы қазақтық санадағы тексіздікті бүгінгі құлдыққа да саяды, санаң құлдықтан азат болсын деп үгіт етеді. Қазақ пен қазанатты айыру – ұлттың ар-қасиетіне сына қағу. Жылқыны сүю – Тәңірді әспеттеумен тең бе дерсің қазаққа. Жылқыға құмарлықтың өзі рухтың, ойдың да Жаратқанымен табысуға аңсары емес пе екен? «Қазақ атқа мінбесін, қазақ атқа мінсе, бір дене, бір жанға айналып кетеді». Жазушының көркем шығармаларында, эсселік әдеби толғаныстарында жылқы жануары туралы тәтті тамсаныс, ерен көзсіз махаббат жырдай есіледі. Бұл тақырыпқа қалам тербеуінің өзі – қазақтың ежелгі өмірлік құндылықтарын қайтарып алып, бүгінгі санасы тұтас тамұқтай ұрпаққа уыздай ұсынбақ болғандай. « – Бұрынғы көнекөз жұрт көкірегі ерен көркем еді, толған ай көрсе шашты, жазғы сәуле құйылса түкті деп жатушы еді». Жазушы құдайға қараған қазақтың жұпар аңқыған сәуле санасын аңсармен сағынып, беттескендей, бөрілі қазақты құшақ басқандай жазуы ненің сипаты? «Ойсыз, доссыз, бақытсыз» қорқытты ма екен? «Түрікпен Қорқытқа көр қазба дейді. Мен айтамын, Қорқытқа көр қазылсын, уақыты келсе даяр тұрады!». Шығармада «бастары қосылмайтын ақырзаман жастарының» ойсыз, бақакөзденген ұландардың бөрігін алып түсіп, төсінен басып, ұйқылы ояу ұлттың намысына тиер бұзаутіс қамшының ащы шықпыртындай сөздер көп-ақ. Түрікпен «аш құлақ та тиыш құлақ» дер, бірақ «мен» – мен қазақпын – «Тұрлаусыз өскен құландай қыпшақ қаныңды сатпа!» дейді. Жазушының ішкі дүниесі ышқынып, ызалы қолы уақытынан кеш сермегендей, адуынды мінезбен Кенжебектей ұландарын қайрап, түйреп өтеді. Шығарма сәтті аяқталған. Пессимизм біздің буынға түскен буынқұрт, жазушы осыны жақсы ұғады. Ата сертке, қазақтың жомарт жүрегінің дұғалы лебізіне иланады. Батасыз ердің көгермейтінін біледі. Жазушының стиліндегі төкпелі жырдай алақұйын сөйлем легі, асқақтап шапшитын елірме пафос ерен рух қанатын байлайды, жайдақ аттай сылбырлықпен ел мен жердің аңысын шертіп, қазақтық кемел дүниетанымға бөктіреді. А.Кемелбаеваны оқу – қарысып қатқан қолтығыңды сөгу, қамау теріңді алу, зиялы зердені талап етеді. Әуелгі туындыларынан-ақ, шұбалаңқылау, энциклопедиялық ірі біліммен танылған шығармагердің бар міні сол – ұлан-ғайыр төгілген тіркестерге бар білімін сарқып жұмсау шығар. Бірақ әдебиеттің негізі көркем тіл, көмбеленген астарлы тіл деп ұқсақ, Айгүлде бұл олқылық қайта өз бағын асырып отыр. Жұлдызын жарқыратып тұр. Тіпті, диалогтарындағы ежелгі сөйлеу мәнерін-де ақпараттық нығыздық бар. А.Кемелбаева эпостық емеурінне «Концептуалдық кесте» стратегиясы
Кейіпкер
Іс- әрекеті мен мінезі
Автордың осы кейіпкерге көзқарасын шығармадағы тілдік қолданысы арқылы дәлелдеу
Кенжебек
Тасқұл
Атажан
Бір сөзің мың жыл жүрсе дәмі кетпес.
Қарадан хакім болған сендей жанның
Әлемнің құлағынан әні кетпес!
...Ай, жыл өтер, дүние көшін тартар,
Өлтіріп талай жанды, жүгін артар.
Көз ашып, жұртын ояу болған сайын,
Хакім ата, тыныш бол, қадірің артар
Ақ киімді, денелі, ақ сақалды,
Соқыр, мылқау, танымас тірі жанды.
Үсті-басы ақ қырау, түсі суық,
Басқан жері сықырлап, келіп қалды.
Дем алысы - үскірік, аяз бен қар,
Кәрі құдаң - қыс келіп, әлек салды.
Ұшпадай бөркін киген оқшырайтып,
Аязбенен қызарып ажарланды.
Бұлттай қасы жауып екі көзін,
Басын сіліксе, қар жауып, мазаңды алды.
Борандай бұрқ-сарқ етіп долданғанда,
Алты қанат ақ орда үй шайқалды.
Әуес көріп жүгірген жас балалар,
Беті-қолы домбығып, үсік шалды.
Шидем мен тон қабаттап киген малшы
Бет қарауға шыдамай теріс айналды.
Қар тепкенге қажымыс қайран жылқы
Титығы құруына аз-ақ қалды.
Қыспен бірге тұмсығын салды қасқыр,
Малшыларым, қор қылма итке малды.
Соныға малды жайып, күзетіңдер,
Ұйқы өлтірмес, қайрат қыл, бұз қамалды!
Ит жегенше Қондыбай, Қанай жесін,
Құр жібер мына антұрған кәрі шалды.
Желсіз түнде жарық ай
Желсіз түнде жарық ай,
Сәулесі суда дірілдеп,
Ауылдың жаны терең сай,
Тасыған өзен күрілдеп.
Қалың ағаш жапырағы
Сыбырласып өзді-өзі,
Көрінбей жердің, топырағы,
Құлпырған жасыл жер жүзі.
Тау жаңғырып, ән қосып
Үрген ит пен айтаққа.
Келмеп пе едің жол тосып
Жолығуға аулаққа?
Таймаңдамай тамылжып,
Бір суынып, бір ысып,
Дем ала алмай дамыл қып,
Елең қағып, бос шошып.
Сөз айта алмай бөгеліп,
Дүрсіл қағып жүрегі,
Тұрмап па еді сүйеніп,
Тамаққа кіріп иегі?
Жасымда ғылым бар деп ескермедім
Жасымда ғылым бар деп ескермедім,
Пайдасын көре тұра тексермедім.
Ержеткен соң түспеді уысыма,
Қолымды мезгілінен кеш сермедім.
Бұл махрұм қалмағыма кім жазалы,
Қолымды дөп сермесем, өстер ме едім?
Адамның бір қызығы - бала деген,
Баланы оқытуды жек көрмедім.
Баламды медресеге біл деп бердім,
Қызмет қылсын, шен алсын деп бермедім.
Өзім де баска шауып, төске өрледім,
Қазаққа қара сөзге дес бермедім.
Еңбегіңді білерлік еш адам жоқ,
Түбінде тыныш жүргенді теріс көрмедім
Вот выбирай!