А ң қол жеткізген ұлы игіліктерінің бірі – білім қазынасы. Ал білім сипаты алуан түрлі. Ол ұрпақтан – ұрпаққа ауызша, жазбаша түрде немесе көркем әдебиет арқылы да жеткен. Кітап а ң сан ғасырлық ақыл – ойының жемісі, тарихы мен тағылымының алтын сандығы. «Кітап дегеніміз – алдыңғы ұрпақтың артқы ұрпаққа қалдырған рухани өсиеті. Кітап оқудан тиылсақ, ой ойлаудан да тиылар едік» - деген еді Ғабит Мүсірепов. Кітап таңдап талғап оқи білу, оны түсіну мен түйсіну, алған әсеріңді өмір қажетіңе жарата білу – әрбір адамның білігі мен білімін, пайымы мен парасатын айқындайтын алғы шарттардың бірі. Міне осы асыл қазынаны оқу қазіргі таңда төмендеп отыр. «Кітап маған тақтан да қымбат», - деп атап көрсеткен Шекспир. Өкінішке орай көркем әдебиетке деген өз бетімен балалардың қызығушылығы азайды. Әдебиетке деген құлықсыздық пайда болды.
Туған жер – ауылым алтын бесігім. Оның адам өмірінде алатын орны ерекше, киелі ұғым. Туған жер, туған ел деген екі ғана сөзде қаншама мағына, қаншама ой жатыр десеңізші?! Туған жердің қадірін әр адам әрқалай түсінеді. Туған жер қадірі дүниедегі ең ұлы деген нәрсемен пара-пар. Себебі, ол – сенің әлпештеген анаң, аялап өсірген әкең, туған-туысың, аға-әпкең, сені білім жолына жетелеген ұстаздарың, сол білімге ұмтылу жолындағы тай-құлындай тебіскен жора-жолдастарың дүниеге келген жерің, қызыққа толы өткен балалық шағың, туған ауылың ауласы. Туған жер арқылы еліңнің өткені мен болашағын байланыстыра аласың. Нағыз балалық шақтан бастап адамзаттың отанына деген сезімі оянады. Отан дегеніміз не?- деген сұрақ туындайды.