Қайран, Тарбағатай! Сен тау болып жаралғалы, құтты қоныс қойнауың мал мен жанға талай толып, талай солды ғой. Не ықылым оқиғалар өтпеді сенің сонау адыр-қырқа, белдеріңде?! Сен екеуміз білетін сыр қанша, жыр қанша?! Қазақ даласының қара шаңырағы Қаратаудан кейін тарих көшін басынан көп асырған шежіре тау – сен-ақ шығарсың, Тарбағатай! Бір халықтың екі түрлі тағдырын қос бүйіріңе теңдеп алып, сол орныңда та жатыр екенсің-ау, жарықтығым. Бақыт пен сордың арасын осылайша қақ бөліп, туған елдің шығыстағы бір қамалындай, осы қалпында мәңгі мызғымай тұра бер, қайран алтын босағам! Қандай сипаттама Қаратауға қатысты айтылған?
Қазақтың қара шаңырағы
2. Құтты қоныс қойнауы
3. Туған елдің шығыстағы қамалы
4. Бір халықтың екі түрлі тағдыры бар
5. Қайран алтын босаға
2. Автор Тарбағатай тауын қалай қабылдайды?
A) Табиғаттың ерекше сыйы ретінде.
B) Жастық шағының куәсі ретінде.
C) Маңғаздықтың, асқақтықтың символы ретінде.
D) Балалық шағының куәсі ретінде.
E) Тарихи кезеңдер куәсі ретінде.
Сарыарқа — Қазақстанның ірі физикалық-географиялық және табиғи-тарихи аймағының бірі. Сарыарқа – халықтық атау. Сарыарқаға Қарағанды, Ақмола облыстарының жері толықтай, бұрынғы Торғай, Семей, Павлодар облысының біраз жері кіреді. Қарағанды облысының территориясы, негізінен, Сарыарқаның орта бөлігінде орналасқан. Сондықтан да жергілікті халық осы өңірді ежелден Сарыарқа, Арқа даласы деп атаған. Сарыарқа атауы «жер бетіндегі өсімдіктері күйгендіктен сарғайып жататын кең де үлкен жон, жалпақ үстірт, сансыз адырлы қырқа» ұғымын білдіреді.
Сарыарқа – қазақтың байлығының көзі ғана емес, сонымен қатар өнердің, мәдениеттің және тарихтың кеніші. Сарыарқаның асыл тумалары, сонау Абылай заманындағы Бұқар жырау, Қаз дауысты Қазыбек, ақындар Шөже, Шашубай, Доскей, жазушы С.Сейфуллин және ақын Қ.Аманжолов, композиторлар Тәттімбет, Мәди, Ұлы Отан соғысының қаһарманы Н.Әбдіров ғалымдар А.Чижевский және Е.Бөкетов, қазақтың тұңғыш ғарышкері Т.Әубәкіров сияқты атақты адамдар Сарыарқаның атын шығарған. Көмірлі өңірдің халқы Қазақстанның тұңғыш Президенті Н.Назарбаевты да өзінің бел баласы деп есептейді. Өйткені ол жас күнінен бастап Теміртаудағы атақты Қазақстан Магниткасында тау-кенші болып еңбек жолын бастаған. Еліміздің тарихынан орын алған «адамзат ажалының аралындай» КарЛАГ-та жас ғұмырларын «тар жол, тайғақ кешумен» өткізген небір совет және шет елдің жүздеген оқымыстылс, зиялы қауым өкілдері тар қапаста жүрсе де Қарағандыда тұңғыш өнер ошақтарын ашқан «алғашқы қарлығаштар» болып табылады. Бұл өнер қайраткерлерінің артынан ызғарлы, қайғылы сұмдыққа толы жылдары туындаған өнер мұралары қалды. Қазіргі кезде бұл мұралар әлем жұртшылығының қызығушылығын тудырып отыр.
Ала жіп аттамау. Қазақ дүниетанымында ала жіп туралы әр түрлі ұғымдар мен түсініктер бар. Мысалы, баланың тұсауын кескенде, адамдар қатты ренжіскенде тағы басқа әдет-ғұрып қағидаларында „ Ала жіп “ бейнесі қолданылады. Соның бірі- Ала жіп аттамау деп аталады және ол адалдыққа, адамгершілікке сай қолданылатын теңеудің бір саласы десе де болады. Бұл теңеу „ешкімге қиянат жасама, біреудің мал-мүлкін ұрлама“ деген терең мағынаны білдіреді. Біреудің „мен ешкімнің ала жібін аттаған жоқпын“ деген сөзі оның ақ-адалдығын білдіреді.