Шалкиіз жас кезінен-ақ ер жүрек жауынгер әрі талантты жырау ретінде даңққа бөленді. Жігіттік шағы Ноғай ордасындағы Мұса бидің маңайында өткен. Кейіннен Үлкен Орданың әміршісі, Мансұрұлы Темір бидің және ноғайлы Жүсіп бидің төңірегінде, өмірінің соңғы кезін қазақ ханы Хақназар маңында өткізді. Жырау туындылары әсерлі, өткір, аз сөзге көп мағына сыйғызған сұлу сазды көркемдігімен ерекшеленеді. Шалкиіз шығармалары ой, мазмұн жағынан қисынды, жүйелі келеді. Мысалы, өлең жолдары бірінде аздау, кейбіреуінде көбірек он бір шумақтан тұратын “Би Темірге айтқаны” толғауын алайық. Кеше ғана Темір би сарайында шалқып жүрген өзі би, өзі батыр атақты жырауды бүгін тағдыр түзге тентіретсе, жыр дүлдүлінің бақ, мансабын көре алмаған орда маңындағы “күйбеңдескен көп жаман” жанындай санап, бек сенген Темір биді бұған қарсы қойса, жырау не демек, өз көңіл-күйін қалай жеткізбек!
«Қарты бар үйдің-қазынасы бар», – деп, дана халқымыз айтқандай,үйінде қариясы бар жанұя – шынында да, қазыналы, берекелі жанұя. Ақсақалы сиреген ауылдан ар-иман қашады», – деген қанатты сөздер бар. Өйткені, кез келген қазақ шаңырағындағы ата-ана өз баласын үлкендерді сыйлауға тәрбиелейтіні ақиқат.
Үлкендерге құрмет көрсетуде сөзімен де, ісімен де өзгеге өнеге қалдырған пайғамбарымыз (с.ғ.с.) тағы бір хадисінде: «Кішілерімізге мейірімді болмаған, үлкендерімізге құрмет көрсетпеген адам бізден емес», – деген. Қасиетті Рамазан айында Қарағанды облыстық орталық мешітінің Бас имамы Өмірзақ қажы Қазкенұлының бастамасымен қаламыздағы қарттар үйіндегі қамкөңіл қарияларымыз бен ақ жаулықты аналарымызға арналып ауызашар дастарханы жайылды.
Шарапатты істің шапағатын көріп жатқан қарттарымызға Алла үйінде жайылған дастарханда бас қосқан құрметті қонақтарға сый-құрмет көрсетілді. Қарттарымыздың алды тоқсанның төріне шыққандар. Қарияларымызды тағы бір қуантқан нәрсе, арнайы көлікпен алып келіп, ауыз ашар соңында жеткізіп салды. Қазақ: «Төріңнен қарт кетпесін!», – деген ғибратты сөзін қашанда жадынан шығармағаны абзал.