АЙТЫЛЫМ 11
-тапсырма.
Мәтін бойынша сұрақтарға жауап бер.
1. Тауда аюлардың қандай түрі бар?
2. Ерен-Қабырға тауында қандай аю өте сирек кездеседі?
3. Тауда тағы қандай аңдар кездеседі?
4. Тауда мекендейтін қандай аң «Қазақстанның Қызыл
кітабына» енген?
5. Тауда тағы қандай аң азайып барады мнеее
Менің туған күнім
Бүгін менің туған күнім. Мен он бес жасқа толып отырмын. Бұл күнді асыға күттім. Үйде ата - анам бауырларым сағат түнгі он екіден бастап құттықтап, маған тосын сый жасады, сыйлықтарын сыйлады. Мен өте қатты қуандым.
Таңертеңнен бастап көңілім көтеріңкі болды. Анам мен әпкем тәттілер әзірлеп, бүгін қонақ күтуге дайындалуда. Сабақтан келіп мен де оларға көмектесе кеттім. Кешке үйге қонаққа ағайын - бауырлар келеді. Жаңа әдемі көйлегімді кидім.
Қонақтар маған ақ тілектерін айтып, түрлі сыйлықтар ұсынды. Әпкем маған арнайы үлкен торт пісірген болатын. Ол өте дәмді шығыпты.
Туған күнім ойдағыдай өтті. Енді демалыс күні достарыммен кездесіп, тағы туған күн тойлайтын боламыз.