АЙТЫЛЫМ 6-тапсырма. «Кубизм» стратегиясы бойынша сұрақтарға жауап бер. 1. Зертте. Жырдың тақырыбы қандай? Жырдың негізгі ойы қай бейнелер арқылы көрінген? Жыр қай ғасырда шыққан? 2. Суретте. Қозы мен Баянның махаббатын бейнелейтін жерлерді тап. 3. Салыстыр. Қозы мен Қодарды салыстыр. Олар — қандай кейіпкерлер? – 4. Қолдан. Жырда қазақтың қандай салт-дәстүрлері көрініс береді? Жырдан түсініксіз сөздерді тап. 5. Талқыла. Баянның өзін өзі өлтіруі дұрыс па?
Қазақстан облыстары мен қалалары туралы диалог
- Ағай, сәлеметсіз бе!
- Сәлем, Айбарыс! Қалың қалай, сабағың қалай?
- Бәрі жақсы, рахмет. Кеше өзіңіз тарих сабағынан көмектесіп едіңіз ғой, сол хабарлама дайындағаным үшін бүгін «бес» алдым.
- Жарайсың! Өте қуаныштымын!
- Ағай, ренжімесеңіз, тағы сіздің көмегіңіз керек болып тұр?
- Айта ғой, қандай көмек, қолымнан келіп жатса, көмектесейін?
- Бұл жолы географияға байланысты тапсырма. Қазақстан облыстары мен қалалары туралы хабарлама әзірлеуім керек.
- Оның еш қиындығы жоқ қой. Сұрақтарың бар ма, сұрай бер.
- Қазақстан Республикасының аумағында неше облыс пен қала бар?
- Қазақстан Республикасы 14 облысқа және 3 республикалық маңызы бар қалаға бөлінеді.
- Ол қандай қалалар, атап өтсеңіз.
- Астана қаласы — Қазақстан Республикасының елордасы, Алматы және Шымкент қалалары — республикалық маңызы бар қалалар.
- Жер аумағы бойынша ең үлкен облыс?
- Қарағанды облысы.
- Ал жер аумағы бойынша ең кіші облыс қайсы?
- Бұл сұрақтың жауабы: Солтүстік Қазақстан облысы болады.
- Ақмола облысының орталығын айта кетсеңіз?
- Ақмола облысының орталығы – Көкшетау қаласы.
- Ағай, уақытыңызды бөліп, маған көмектескеніңізге көп рахмет!
- Оқасы жоқ, бауырым! Тағы да «бес» аласың деп ойлаймын!
Салалас құрмалас сөйлем мынадай алты түрге бөлінеді :
1. Ыңғайлас салалас.
2. Қарсылықты салалс.
3. Себеп – салдар салалас.
4. Ілектес салалас.
5. Талғаулы салалас.
6. Кезектес салалас.