АЙТЫЛЫМ 8-тапсырма. Жұптық жұмыс. Сұрақтарға ойланып жауап беріп, диалог құрыңдар.
1. Үзіндінің негізгі идеясы, ойы қандай?
2. Қандай адамзаттық проблема көтерілген?
3. Алдыңа қойған мақсатың бар ма? Мақсатты не үшін қойдың?
4. Сен үшін «бақытты болу» деген — не?
Отбасыда бір шағын мемлекетке ұқсайды. Әкеміз- Елбасы, анамыз- ас үй министрі, ағамыз- қаржы министрі, әпкеміз- тазалық депутаты, ал мен бәріне көмектесушімін. Үйде әркімнің өз міндеттері бар. Әкеміз бізді асырап бағу үшін тынбай жұмыс жасайды. Анамыз біздің қарнымыз тоқ жүру үшін бәрін жасайды. Мен мектепке барамын, ал інім балабақшаға барады.
Әр демалыс күн ерекше күн, себебі бұл күні барлығы демалып үйде болады. Әжеміз ерте тұрып бәрімізге тәтті бәліш дайындайды, анам мен әкем күбірлеп жанында жүреді. Мен тұрып стөл үстін дайындап қасық пен шанышқыларды қоямын. Бұл менің міндетім. Танғы астан кейін бәріміз бірге үй жинастырамыз. Әр күніміз осылайша ерекше өтеді. Мен отбасымды жақсы көремін.
Бір сөзің мың жыл жүрсе дәмі кетпес.
Қарадан хакім болған сендей жанның
Әлемнің құлағынан әні кетпес!
...Ай, жыл өтер, дүние көшін тартар,
Өлтіріп талай жанды, жүгін артар.
Көз ашып, жұртын ояу болған сайын,
Хакім ата, тыныш бол, қадірің артар
Ақ киімді, денелі, ақ сақалды,
Соқыр, мылқау, танымас тірі жанды.
Үсті-басы ақ қырау, түсі суық,
Басқан жері сықырлап, келіп қалды.
Дем алысы - үскірік, аяз бен қар,
Кәрі құдаң - қыс келіп, әлек салды.
Ұшпадай бөркін киген оқшырайтып,
Аязбенен қызарып ажарланды.
Бұлттай қасы жауып екі көзін,
Басын сіліксе, қар жауып, мазаңды алды.
Борандай бұрқ-сарқ етіп долданғанда,
Алты қанат ақ орда үй шайқалды.
Әуес көріп жүгірген жас балалар,
Беті-қолы домбығып, үсік шалды.
Шидем мен тон қабаттап киген малшы
Бет қарауға шыдамай теріс айналды.
Қар тепкенге қажымыс қайран жылқы
Титығы құруына аз-ақ қалды.
Қыспен бірге тұмсығын салды қасқыр,
Малшыларым, қор қылма итке малды.
Соныға малды жайып, күзетіңдер,
Ұйқы өлтірмес, қайрат қыл, бұз қамалды!
Ит жегенше Қондыбай, Қанай жесін,
Құр жібер мына антұрған кәрі шалды.
Желсіз түнде жарық ай
Желсіз түнде жарық ай,
Сәулесі суда дірілдеп,
Ауылдың жаны терең сай,
Тасыған өзен күрілдеп.
Қалың ағаш жапырағы
Сыбырласып өзді-өзі,
Көрінбей жердің, топырағы,
Құлпырған жасыл жер жүзі.
Тау жаңғырып, ән қосып
Үрген ит пен айтаққа.
Келмеп пе едің жол тосып
Жолығуға аулаққа?
Таймаңдамай тамылжып,
Бір суынып, бір ысып,
Дем ала алмай дамыл қып,
Елең қағып, бос шошып.
Сөз айта алмай бөгеліп,
Дүрсіл қағып жүрегі,
Тұрмап па еді сүйеніп,
Тамаққа кіріп иегі?
Жасымда ғылым бар деп ескермедім
Жасымда ғылым бар деп ескермедім,
Пайдасын көре тұра тексермедім.
Ержеткен соң түспеді уысыма,
Қолымды мезгілінен кеш сермедім.
Бұл махрұм қалмағыма кім жазалы,
Қолымды дөп сермесем, өстер ме едім?
Адамның бір қызығы - бала деген,
Баланы оқытуды жек көрмедім.
Баламды медресеге біл деп бердім,
Қызмет қылсын, шен алсын деп бермедім.
Өзім де баска шауып, төске өрледім,
Қазаққа қара сөзге дес бермедім.
Еңбегіңді білерлік еш адам жоқ,
Түбінде тыныш жүргенді теріс көрмедім
Вот выбирай!