Айтылым Берілген тақырыптардың бірін талдап, жабыңызбен диалог к
сөйлем). Диалог курауда тура, ауыспалы мағынадағы сөздерді
және бұйрықты сөйлемдердің интонациялық ерекшелігін ескеріңіз.
диалог
сездерді, сурауы, кабар
Ұсынылатын тақырыптар
1. Қазіргі кезде климаттың өзгеруіне адамдардың әсері бар ма?
2. Спортшы болғыңыз келеді ме? Неліктен?
3. Қандай олимпиада жеңімпаздарын білесіз?
4. Ұлы Жібек жолының өткен жерлерін айтып беріңіз.
5. Ұлы Жібек жолы Қазақстан мәдениетінің дамуына үлес қоса алды ма?
6. Болашақта қандай мамандықтар сұранысқа ие болады деп ойлайсыз?
Менің үйім
Біз қаламыздың орталығында төрт бөлмелі үйде тұрамыз. Үйіміз тоғыз қабатты үйдің үшінші қабатында орналасқан. Үйіміздің бөлмелері кең. Қарындасым екеуміздің әрқайсымызда өз жатын бөлмелеріміз бар. Жақында ата – анам үйге жөндеу жұмыстарын жасап, ас үй мен қонақ бөлмесін біріктірген болатын. Барлығымыздың ойымызша бұл өте ыңғайлы, әрі қонақ бөлмесі де кеңейіп қалды.
Үйіміздің ауласы да өте керемет – үлкен кісілер демалып, көлеңкеде отыратын ыңғайлы орындықтар, кішкене балалар ойнайтын ойын алаңы да бар. Ауланы осы қалпында ұстап тұру үшін көктем келісімен көршілер бірігіп, есік алдында сенбілік өткіземіз, себебі ауламыздың тазалығы өзімізге жақсы.
Үйдің орналасқан жері де өте ыңғайлы, қаланың орталығы болғандықтан кез – келген бағытқа қоғамдық транспорт жүреді. Үйіміздің дәл жанында ірі сауда орталығы, аурухана, мектеп, кітапхана, түрлі банктер мен кішігірім дүкендер орналасқан. Мектеп жақын болғандықтан мектепке он минут ішінде жаяу барамын.