– 1) ауыл шаруашылық дақылдарынан тұрақты, сапалы, мол өнім алу үшін жерді өңдеп баптау тәсілдерінің жүйесі. Ежелгі арийлердің (біздің заманымыздан бұрынғы 2 – 1 мыңжылдықтар), сақтардың (біздің заманымыздан бұрынғы 9 – 2 ғасырлар), үйсін, қаңлы мемлекеттері тұрғындарының, ғұндардың, түркілердің мал шаруашылығымен бірге өзен аңғарларында, тау бөктерлерінде суармалы егіншілік – диқаншылықпен де айналысқаны белгілі. 20 ғасырдың басында Қазақстандағы егіс көлемі күрт көбейіп, 4,1 миллион гектарға жетті. Егістіктің басым көпшілігі (96%) дәнді дақыл болатын. Оның жартысынан көбі Ақмола, Торғай аймақтарында, қалғаны Қостанай, Ақтөбе, Жайық, Павлодар, Семей өңірінде егілді. Сырдария өзенінің төменгі жағында күріш, Жетісуда мақта егілді. Қазақстанда егін шаруашылығын одан әрі дамыту жолында, әсіресе, соғыс жылдары, одан кейін де көптеген жұмыстар атқарылды. Машина-трактор стансалары құрылып, егістікті күтіп-баптау жұмыстарын барынша
Павлиндер, тауыстар (лат. Pavo) – тауықтәрізділер отрядының қырғауылдар тұқымдасына жататын құс. 2 түрі бар: кәдімгі павлин (Р. crіstatus) және көкқанатты павлин (Р. mutіcus). Бұлар Үндістан түбегі мен Шри-Ланка, Суматра аралдарында қалың бұталар арасын мекендейді. Павлиннің дене тұрқы 110 – 125 см, салмағы 5 кг-дай болады. Әдемі құйрық үсті қауырсынының (жергілікті халық оны құйрық деп атайды) ұзындығы 120 – 130 см. Мекиендері реңсіз, сұр түсті. Көбіне жерде жүреді, жақсы жүгіреді, қауіп төнгенде ағаш басына шығып кетеді. Жәндіктер мен олардың дернәсілдерімен, құрттармен, моллюскалармен қоректенеді. 3 жасында жыныстық жағынан жетіледі. Полигамды. Күйге келген қоразы неше түрге боялған “көздері” бар әдемі құйрық үсті қауырсындарын желпуіш тәрізді жазып жіберіп, тік ұстай алады. Ұясын жерді шұңқырлап, оған құрғақ шөп пен жапырақ төсеп жасайды. Ондағы 4 – 7 қызғылт дақтары бар сұр түсті жұмыртқасын мекиені 30 – 35 күндей шайқайды. Балапандары тез жетіледі, бір айдан соң өз бетінше ұша алады. Көбеюден басқа уақытта топтанып тіршілік етеді. П-дер Қазақстанда тек хайуанаттар паркінде және жеке адамдардың қолында ұсталады. Павлиндердің саны жылдан жылға азаюда, сондықтан қорғауға алынып, халықаралық табиғат қорғау одағының “Қызыл кітабына” енгізілген.[1]
Объяснение:

Тауыс (Павлин)