АЙТЫЛЫМ ЖАЗЫЛЫМ өркениет, өңдеу
-тапсырма.
Сұрақтарға жауап бер.
1. Ежелгі сақтар туралы не білесің?
2. Ежелгі сақтар, көшпелілер мәдениеті туралы айтылған қандай ғалымдардың сөзін
білесің?
3. Геродот кім? Оның сақтар туралы айтқан пікірін білесің бе?
4. Суретке қара. Суреттердің ежелгі сақ мәдениетіне қандай қатысы бар? Ғаламторды в
де дереккөздерді пайдаланып, осы заттар туралы ақпарат жина. Заттардың атауларын
қай ғасырға жататынын анықта, жаз. Сабақ тақырыбымен қандай байланысы бар деп
ойлайсың?
ғасыр, отырықшы, бірге
Сақтар (сақалар) — б.з.б. 1-мыңжылдықта Орта Азия мен Қазақстан, Шығыс Түркістан аумағын мекен еткен ежелгі тайпа. Олар қуатты тайпалық одақтары массагеттер, исседондар, аландар, каспийлер, сарматтардан тұрған. 2) Сақтар аң стилін Алдыңғы Азия мен Иранға жорық жасаған кезінде қабылдаған. Бұл өнер б.д, д. 7-6 ғасырда қалыптасқан. Аң стилі дегеніміз түрлі жануарлардың бейнелерін ыдыс-аяққа, киімге, тұрмыс заттарына, түрлі әшекейлерге, қару-жараққа салған. Сақтар күнге, найзағайға, жел-дауылға табынған. Сақтар мифологиясында сәйгүлік ат күнмен, отпен байланысты болған. Дүниені жаратқан көк тәңірісі Митра, жердікі Варуна, жер астыныкі Индира секілді құдайлар болған. 3) Геродот (гр. Ἡρόδοτος)– ежелгі дәуірдегі грек тарихшысы, «тарих атасы» деп танылған, әйгілі "Тарих" кітабының авторы, жиһанкез. Ол шамамен б.з.б. 484 – 425 жылдары өмір сүрген. Геродот Кіші Азиядағы Каликарнас қаласында дүниеге келіп, жас кезінде әміршілерге қарсы топта болғаны үшін елінен қуылған. Біраз уақыт Самос аралында тұрып, көп жерлерді аралаған, Қара теңізге дейін жеткен деген мәлімет бар.