В
Все
М
Математика
О
ОБЖ
У
Українська мова
Д
Другие предметы
Х
Химия
М
Музыка
Н
Немецкий язык
Б
Беларуская мова
Э
Экономика
Ф
Физика
Б
Биология
О
Окружающий мир
Р
Русский язык
У
Українська література
Ф
Французский язык
П
Психология
А
Алгебра
О
Обществознание
М
МХК
В
Видео-ответы
Г
География
П
Право
Г
Геометрия
А
Английский язык
И
Информатика
Қ
Қазақ тiлi
Л
Литература
И
История
vitalia4420
vitalia4420
15.08.2021 12:33 •  Қазақ тiлi

Айтылым
1-тапсырма. суреттерге қарап, тауларды салыстыр. әр таудың ерек-
шелігін еске түсіріп, сипатта.
жетісу алатауының оңтүстіn
хантәңірі шыңы
мұғалжар таулары
сарыарқаның ұсақ шоқылы таулары. ​

Показать ответ
Ответ:
dariavasilevskayaa
dariavasilevskayaa
15.05.2020 01:17
«Достық» туралы  нақты ой айтқан философ А.Шопенгауэр өзінің  «Өмірлік данышпандықтың афоризмдері» деген  еңбегінде: «Нағыз шынайы достық адамдардың бір-бірімен терең, таза және адал қарым-қатынасын қажет етеді. Бұл дегеніміз – досыңыздың қайғысы мен қуанышына ортақтаса білу  деген сөз.  Осының бәрі адамның табиғи өзімшілдік, өркөкіректік қасиеттерін жояды» депті.Шынайы достық қандай да болмасын өмірлік жағдайларда досыңа көмекке келіп, оны қолдай білуді талап етеді.  Өзінің досынан белгілі бір нәрселерді қажет ететін адам  шынайы достыққа лайық емес.Бұрын адал достық ең жоғарғы адами құндылық саналатын, сондықтан оны белгілі ақындар жырға қосқан. Біздің ойымызша, бұрын достыққа үлкен  сезіммен және жауапкершілікпен қараған. Достық үшін құрбан болуға да дайын болған. Бұрын асыл қасиет саналған достық бүгінде жай ғана қарым-қатынас немесе іскери байланыспен ғана шектеледі. Яғни, қазіргі таңдағы қарым-қатынас киноға бару және бірге отырып теледидар қарау шеңберінде қалған сияқты.Мүмкін бізге достар да, достық та қажет емес шығар?Әрине, жоқ! Қазір бізге достық бұрынғыдан бетер қажет. Достық – бұл өмірдегі ешнәрсемен бағаланбайтын құндылық. 
Дос табу оңай, ал оны сақтау одан да қиын. Достық қатынасқа нәзіктікпен қарап, берік сақтау керек. Өйткені ол да баптауды қажет ететін нәзік өсімдік сияқты. Біздер достықты сақтау үшін жан-тәнімізбен  еңбектенбеуіміз керек. Қайтарымын қажет етпей, берудің жолдарын үйрену керек. Сенім мен жарқын көңіл – достықты берік ететін тірек саналады. Өзі шынайы дос бола білген адамның достары да көп болады және жер бетінде өзін жалғыз сезінбейді.
0,0(0 оценок)
Ответ:
сдаддае
сдаддае
25.03.2021 09:32
Құстар өзгеше болып жаратылған құбылыс иесі. Бейне біздің аспан Әлеміндегі қорғаушымыз сияқты. Сияқты емес солай да. Себебі көк аспан олардың туған мекені. Көкті құссыз, құсты көксіз елестету қиын. Біздің көгімізде құстар сайрап жүрсе, жердегі адамдар да тыныш, бейбіт өмір сүре алады. Біз көкке қарағанда көзіміз ең әуелі ұшқан құсқа түседі. Көп жағдайда күйкі тірлікпен олардың тыныс - тіршілігіне мән беріп, тіпті көкке көз тастап, бір де қарамаймыз. Ал, олардың көкте ұшқанын, жерге қонғанын зер салып, бақылап қарайтын болсаң, олар бейне бір жұмбақ құбылыс сияқты. Ешнәрсені ашып айта алмайды. Қуанышы да, реніші де ішінде сияқты. Бір құдіретті күшің болып, құстардың тілін меңгеріп алсаң, яғни құстардың тілін түсінер болсаң, тіпті басқаша әлемде өмір сүрген болар ма едік. Өзім солай ойлаймын, себебі, құс киелі жануар.

Құстар қос мекенділерге жатады. Яғни жер де, көк те құстың мекені болып саналады. Көк - құстың еркін мекені. Ал жерде көктегі сияқты емін - еркін сайраңдай алмайды. Себебі жерде оларға төнетін қауіп көп. Құстарды көбіне жердің бетінде жүргенде бірден ұстап алу қиын. Себебі құстар көп жағдайда адамдардан үркіп тұрады. Солай үйреткен де. Кейбір адамдар құсты ебін тауып ұстап алса, оларды ойыншыққа айналдырып, алғымына жіп байлап, қанатын кесіп қорлағысы келеді де тұрады. Құстарды үркек қылып қойған өзіміз. Олар неге адамдарды көрсе үрке қарайды? Олар өте сезімтал. Қай жер өзіне құт - мекен бола алатынын ерте бұрын - ақ сезген. Сөйтіп, олар көкте қанаттарын оңды - солды сермеп ұша алады. Өйткені оларға көктен төнетін ешқандай қауіп жоқ.
0,0(0 оценок)
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота