АЙТЫЛЫМ
10-тапсырма. Жұптық жұмыс. Сұрақтарға жауап беріп, диалог құрыңдар.
Орақшыларға нанды неден дайындады?
Жаңа наннан ең алдымен кімдер дәм татады?
Не себепті орақшылар бәрінен бұрын дәм татады?
Жаңа нанды қандай бидайдан дайындады?
Нан қалай піскен?
Нанға қандай иістер сіңген?
Наурыз, март (парсыша «нау» (жаңа) және «рыз» (күн) – Жаңа жылдың бірінші күні деген мағынаға ие. Ол – күнтізбелік жылдың үшінші айы (31 тәулік), көктемнің басы. Қазақтар бұл мейрамды Әз-Наурыз мейрамы деп те атайды. Халықтың ежелгі наным-сенімінде наурыздың алғашқы үш күнінде жер-көкті жарып ерекше дыбыс (гуіл) естіледі. Мұны тек қана жұмақтан шыққан қой, сол арқылы оны бағып жүрген қойшы ғана естиді. Бұл күні бүкіл табиғатқа, тіршілік иесіне, өсімдік, жан – жануарға ерекше сезім, қуат, қасиет нұры құйылады. Сол себепті, халқымыз «Әз болмай, мәз болмайды» деген.
Объяснение: