АЙТЫЛЫМ
10-тапсырма. «Жаз» өлеңі туралы айтылған пікірді дәлелдейтін мысал-
ды мәтіннен тауып түсіндір.
Абайдың «Жаз» деген өлеңіндегі етістіктен тізген жолдары жырын
жандандырған. «Бұл — Абайдың тілінің тазалығы, ақындығының күштілігі»
деп білу керек (Ілияс Жансүгіров)
Менің сүйікті спортшым
Елімізде ауыз толтырып айтып, мақтанатындай спортшылар аз емес. Менің бір емес, екі бірдей сүйікті спортшым бар, олар әр түрлі спорт түрінің шеберлері болғанымен, барша қазақ халқы оларды мақтан тұтады.
Солардың ішінде ең алдымен Александр Винокуровты атап айтқым келеді. Ол - Қазақстанның және Астана Pro Team велокомандасының ең белгілі велошабандозы, «Vino» (Вино) деген атпен белгілі. 2012 жылғы Лондондағы XXX жазғы Олимпиада ойындарының чемпионы, Сидней Олимпиадасының вице чемпионы, әлем біріншілігінің қола жүлдегері, «Вуэльта» көпкүндігінің (2006 жыл) жеңімпазы. Оның есімі Қазақстанның спорт тарихына алтын әріппен жазылды десем, артық болмайды деп ойлаймын, себебі ол Қазақстаннан шыққан Олимпиада ойындарында алтын иеленген тұңғыш велошабандоз.
Еліміз Серік Сапиевті де мақтан тұтады. Ол - ең танымал боксшылардың бірі, олимпиада чемпионы, халықаралық спорт шебері, Қазақстанның бокс бойынша еңбек сіңірген спорт шебері. Оның есімі Қарағанды қаласында бокс орталығына берілген болатын.
Болашақта мен жоғарыда есімі аталып кеткен Серік Сапиев сияқты әлемге танымал спортшы болуды армандаймын. Бокс үйірмесіне аптасына үш рет барып, бар ынта - жігеріммен жаттығып жүрмін.
Менің сүйікті ұстазым.
«Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға...» деп ұлы Абай атамыз айтқандай, ұстаз болу – аса үлкен жауапкершілік пен мамандыққа деген сүйіспеншілікті талап ететін игі ас. Ұстаздық – ең қиын мамандықтардың бірі, себебі еліміздің ертеңі болып саналатын жас ұрпаққа өнегелі тәрбие мен сапалы білім беру мұғалімдердің басты міндеті саналады.
Ұстаз – біздің қолымызға қалап ұстатып, әріп танытып, білім нәрімен сусындататын екінші анамыз. Болашақ ел басқаратын тұлғаларды, ақ халатты абзал жандарды, ғалымды, кегшілерді, кез келген мамандық иесін ұстаздар тәрбиелейді. Шәкірттерінің бойына жақсы қасиеттерді дарытып, адамгершілік рухта бағыт - бағдар беруде ұстаздың еңбегі зор. Осындай үлкен жауапкершілікті мойнына алып, оқушыларды үлкен өмірге даярлайтын, оқушыларының әрбір жетістіктеріне бірге қуанып, алға жетелейтін де ұлағатты ұстаздар.
Менің сүйікті ұстазым өзіміздің сынып жетекшіміз, әрі қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Бақтылы Жақсылыққызы. Апайымыз бізге тек қана сабақ оқытып қана қоймай, сонымен қатар бойымызға ізгі қасиеттерді дарытуда. Мектептегі екінші анамызды әріптестері білікті маман ретінде таныса, оқушылар ізгілі ұстаз ретінде сыйлайды. Бақтылы Жақсылыққызы менің болашақта мамандық таңдауыма үлкен себепші болды, бойыма тілге деген құлшынысымды оятты.
Осындай егемен еліміздің ертеңін ойлайтын білімді, саналы ұрпақ тәрбиелейтін ұстаздарымыз көп болса екен деймін.