Әр заманға сай заман талабы да әр түрлі сипатта орын алады.Әр заманның өз ерекшелігі бар. Біз ғылым мен техника дамыған,адамдардың талай жетістіктерінің арқасында дамыған 21 ғасырда өмір сүреміз.Өз заманымызға қарай қоғамның алып отырған сипаты да сан-қилы.Қоғам-белгілі адамдар тобы,мемлекеттік қоғам деген сияқты.Адамсыз қоғам,қоғамсыз адам болмайтыны сөзсіз.Сол сияқты қазіргі қоғамның да өз ерекшеліктері бар.Біз қоғамның жастарға беріп жатқан тәрбиесіне тоқталсақ-қазіргі қоғам бізді ғылым мен техниканы жақсы білуге тәрбиелитіні сөзсіз.Оған мысал ретінде,қарастырсақ мектепте информатика сабағы өткізіледі,бізді компьютер тілін жақсы біліп,білімді болуға шақырады.Қазақстан білімді азаматтар тәрбиелеу үшін неше түрлі бағдарламалар жүргізіледі.Жіне тағы бір мысал келтірсек қазіргі қоғамның басты проблемасы-табиғаттың бүлінуі.Адамдар табиғатты ластауда,соның нәтижесінде адамдар ауруға ұшырауда.Соған байланысты,қоғам бізді табиғатты аялауға,қорғауға шақырады.Қазақстанда көгалдандыру шараларын жүргізетін Жасыл ел бағдарламасы бар.Олар бізді табиғатты сүйуге,аймалауға шақырады.
Табиғатты қорғау- біздің парызымыз Табиғаттың ғажайып әсемдігін көз алдына елестете отырып, өзің бір керемет сезімге бөленесің. Табиғаттың бар әсемдігін, бар кереметін, оның әрбір әсерін сөзбен де, жазумен де жеткізу оңай емес. Оның керемет көрінісі жаныңды тербетеді. Бұлттары аппақ мақтадай, шөптері жасыл кілемдей төселген. Табиғат - тіршілік көзі. Оның әрбір әсері адам өмірінде үлкен роль атқарады. Аяулы табиғатсыз осы ғаламда өмір сүру, тіршілік ету мүмкін емес еді. Жыл мезгілдерінің өзгеруі де, табиғатты одан әрі әсерлейді. Әр жыл мезгілі әр қилы. Төрт жыл мезгілі бізге төрт түрлі ғажайып күйін сыйлайды. Таудан сарқырап аққан өзеннің айналасында өксіген оттай жанған жануарларды көрудің өзі керемет көрініс емес пе?! Бау-бақшада өскен жеміс-жидектердің иісі мұрын жарады. Жайқалып өскен түрлі гүлдер көзге өз кереметтігін сыйға тартады. Аспаннан күннің көзі түскенде, жердің жүзі қуана қыбырлайды. Көлдер қойнын ашса, қаңқылдап оған құстар қонар.