Қазір ақпарат құралдарында, теледидар арналарында Қазақстандағы халықтар достығына байланысты әңгіме, сұхбаттар, көрсетілімдер жиі беріле бастады. Өйткені, оның өзіндік сыры бар. Қазақ ежелден бауырмал болғандықтан ұлт-нәсіліне қарамай, жалпы, адамзатты жақсы көреді. Ұлы Абайдың адамзатты сүй дейтін қағидасы бар емес пе. Адамдар арасындағы сүйіспеншілік пен махаббатты қасиетті дініміз ежелден уағыздап келеді. Бойында бұрыннан исламдық рухы бар қазақ халқы ынтымақ пен достықты қадірлейді. Еліміз әрдайым ұлтаралық достықты, ынтымақты басты ұстаным еткен. Соның нәтижесінде Қазақстанда ұлттар достығы қалыптасып, ұлтаралық жарасымдылық барынша жолға қойылған. Басты мақсат – ынтымақтастықты сақтау. Қазақстанда барлық ұлттар ұлттық салт дәстүрлерін сақтап, өз діндерін ұстанып, тату тәтті өмір сүріп жатыр. Еңбек еткен кез келген ұлт өкілінің тамағы ток, көйлегі кек.
1 мамыр – Қазақстан халқы мен ұлт өкілдерінің бірлігі мен ынтымақ күні. Мұндай айтулы күндер әр мемлекетте бар. Десе де, әр ұлт өкілінің қиын-қыстау заманда қалай келгендері, қазақтардың қамқор болғандары көкірегінде сайрап тұр. Қолы ашық, қонақжай қазақ халқы оларды жатсынбады. Қазақстанды мекен еткен түрлі ұлттар мен ұлыстардың өкілдері бейбітшілік бесігіне айналған елімізді мақтан еткісі келеді. Биыл уыздай ұйыған берекеміздің берекетін әйгілеп, осы айтулы күнді айрықша өткізбек. Әрдайым қазақ жерінде тыныштық болсын.(Мәтіннен бұйрық райды білдіретін білдіретін сөйлемді тауып жазыңыз
Ата-бабаларымыз «Дені саудың жаны сау» деп бекер айтпаса керек. Денсаулық мықты болса, а әр кез сымбатты көрініп, көтеріңкі көңіл-күйде жүретін болады.Қазіргі таңда таза ауаға шығып, табиғат аясында демалуға көп мүмкіндік бола бермейді. Сондықтан да ауасы тарылған ортада тыныс алуды үйренген жөн. Күнделікті таңертең оянған бойда төсектен тұрмастан 20 рет терең тыныстау керек, кейін 30-40 минут таза ауада жаяу жүріп, сергіген абзал. Мүмкін болса, таңертең жылы душ қабылдаса игі. Сондай-ақ, таңғы жаттығуларды жасауды ұмытпаңыз.
Менің сүйікті жыл мезгілім
Көктем - менің ең сүйікті жыл мезгілім.
Шуақты көктемді табиғатта тіршілік иесінің бәрі тағаттана күтеді десем, артық айтпаспын. Себебі көктем келісімен, айналадағы тіршілік атаулының бәрі көктем келісімен қысқы ұйқыдан оянып, табиғат ана қысқы ұйқысынан оянып, жер жүзі құлпыра түседі. Күннің көзі жарқырай түсіп, жылы жақтан құстар қайтып, бейне бір "көктем келді!" деп айналаға жар салғандай әндете түседі. Жердің бетіндегі қар еріп, алғашқы бәйшешектер шыға бастайды. Сәлден соң ағаштар бүршік жарып, олар кейіннен жапыраққа айналады. Осылайша табиғатқа жан бітіп, жанданғандай күй кешеді. Міне, осының бәрі ғажап бір көрініс емес пе?!