«Қазіргі қоғамдағы әлеуметтік теңсіздік» Мәтінді мұқият тыңдап, төмендегі тапсырмаларды орындаңыз.
Кедейлік – жеке адамның, отбасының немесе әлеуметтік топтың қажетті игіліктер құнын өзі төлей алмайтын экономикалық жағдайы. Яғни өзінің өмірлік қажеттерін қамтамасыз етуге жағдайының жетіспеуі немесе негізгі тұрмыстық қажеттерін қанағаттандыру мүмкіндіктерінің жоқтығы. Кедейлік салыстырмалы түрде белгілі бір қоғамдағы тұрмыстың деңгейіне, қоғамдық байлықтың бөлінуіне байланысты болатын процесс. Оның пайда болуының негізгі себептері – саяси, экономикалық және демографиялық жағдайлар, саяси-экономикалық дағдарыс, жұмыссыздық, жалақы мен зейнетақының күнкөріс минимумынан төмендігі, халықтың әлеуметтік тұрғыдан нашар қорғалуы.
Кедейліктің асқынуы халық бұқарасының жаппай қайыршылануына апарып соқтыруы мүмкін. Кедейлік, материалдық жоқшылық рухани кедейлікке ұласады. Мұның салдары елде түрлі қылмыстың етек алуына, азғындыққа апарып соқтырады. Кедейлік әлемнің барлық елдерінде бұрын да болған, қазір де бар. Бүкіл әлемде азаматтардың көпшілігі өзін және өз отбасын жеткілікті деңгейде қамтамасыз ете алатын жағдайға жетті. Алайда, халық санының артуына байланысты мұқтаждықта өмір сүретіндер саны, кедейлікпен күрес жөніндегі екіжақты және к ты бастамаларға қарамай, сол күйінде өзгермей отыр.
Әлемде кедейліктің сипаты әртүрлі: ашаршылық, таза ауыз судың және қарапайым санитарлық жағдайдың жоқтығынан жапа шегуші балалар, өз отбасын қамтамасыз ету мүмкіндіктері жоқ ересектер. 1,2 миллиардтан астам артық адам бір күнде бір доллардан кем ақшаға өмір сүруде, 800 миллион адам аштық зардабын шегуде. Кедейлік мәселесі қара ниетті басқарудың, саяси тұрақсыздықтың, қақтығыстардың, жұқпалы індеттердің және табиғи апаттардан қорғансыздықтың негізінде қоғамның әлеуметтік-саяси құлдырауы салдарынан қиындай түсуде. 1990 жылы әлемнің көптеген аймақтарында кедейлік деңгейі біршама төмендегеніне қарамастан, Африкада (әлемнің ең кедей 20 елінің 18-і осында орналасқан) кері үрдіс байқалуда. 2010 жылы қарай 435 миллион африкандықтар азық- түліктің жетіспеушілігіне ұшырауы мүмкін деген болжам бар. 2000 жылы әлемдік қауымдастық 2015 жылға дейін кедейлікті жартысына дейін қысқарту міндеттемесін қойды. Бұл мақсатқа жету үшін 2005 жылы «Үлкен сегіздік елдері» Африкаға қажетті ресурстарды бөлу жөнінде саяси міндеттемелер қабылдады.
Берілген фразалардың мағынасын өз сөзіңізбен түсіндіріңіз.
Фразалар
Мағынасы
Қолданылу мақсаты
кедейлік
тұрмыстық қажеттілік
қанағаттандыру
мұқтаж
міндеттеме
Мәтінге жоспар құрыңдар
I.Кіріспе бөлім
а)
II. Негізгі бөлім
а)
ә)
III. Қорытынды бөлім
3.Мәтінді мұқият оқып, 5 сұрақ құрастырыңдар.
кедейлік-ештеңелері жоқтар
Тұрмыстық қажеттілік-күнделікті өмірде пайдаланылатын заттар
Қанағаттандыру-бар нәрсені пайдалану,соған қанағат ету
Мұқтаж-көмекке зәру
Міндеттеме-ойлап қойған істі іске асыру