Қазіргі таңда әлемде энергия тапшылығы байқалатындықтан, электр қуатын үнемдеу – қоғамдағы басты қажеттіліктердің бірі болып отыр.
Қуат көзін үнемдеудің келесідей жолдары бар:
1. Алдымен, бөлмеден немесе үйден шығарда шамның барлығын
сөндіріп тек қажет уақытында қосып жүру керек.
2. Шам демекші, қазір электр энергиясын аз пайдаланатын, яғни энергия
үнемдегіш шамдар жетерлік.
3. Кір машинада киім жуған кезде мүмкіндігінше жақсы ұнтақ таңдап,
салқын суда жуу, себебі кіржуғыш машина жұмсайтын электр қуатының
шамамен 90 пайызы суды ысытуға кетеді екен.
4. Тоңазытқышты таза ұстау. Тоңазытқышты тұрақты түрде тазалап
отырсаңыз, моторының жұмысы жеңілдейді. Осылайша электр қуатын
үнемдеп қана қоймай, тоңазытқышыңыздың өмірін ұзартасыз.
Мәтіннің тақырыбын анықтаңыз
баламалы энергетика
қуат көзін үнемдеу
қуат көзі
Қыс. Аяз. Қалың қар, үскірік, боран. Адам мен жануарларды қыспаққа алатын бұл мезгілдің өзіндік сұлулығы мен жақсылығы да бар. Тек соны көре білсең. Бойыңды сергітер, денеңді шымырлатар қыстың суығынан тазалық лебі еседі. Шынында да қыс — ең таза маусым. Жер бетін айқара жапқан ақ қар — тазалық символы.Әлемдегі ең табиғи ақ нәрсе — ақ қар. Сондықтан кейде адамдардың шынайы ақ ниетін жаңа жауған кіршіксіз ақ қарға теңеп жатады. Қыстың табиғаты — теңдессіз әсем көрініс. Айнала аппақ, көз жетер жердің бәрін алып ақ көрпемен қаптап қойғандай. Ақ жамылғы сонымен қатар қансонар кітабы тәрізді. Аң мен құстың іздері анық сайрап жатады. Аңшылар ізбен жазылған бұл кітапқа қарап із кеседі. Қар — береке. Қыста қар мол жауса, жазда егін мен шөп бітік шығады.
Бәрінен де қыстық ойындарды айтсаңшы! Шанамен сырғанап, шаңғы, коньки теуіп, қар атысып, аққала жасау ерекше қуанышқа бөлейді. Қыстың ызғарынан жасқанып үйде отырған баланы көрмейсің,бәрі де шаттана, мәз-мейрам сыртта ойнауда. Бұл әрі ойын, әрі балаларды шынықтырады, денсаулыққа да өте пайдалы. Мен өскен туған өлкемнің қысы да әсем. Күрті жазығында ақ көрпе жамылып, көсіліп жатқан кең дала. Халқымыздың пейілі қыстың күнгі ақ қардай кіршіксіз, таза бола бергей