Қазақ әдебиеті» пәнінен 1-тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары 1.«Аяз би» ертегісі ертегінің қай түріне жатады?a) Қиял – ғажайып ертегісів) Шыншыл ертегілерc) Шешендік сөзд) Әдеби ертегі [1]2. «Әй, Аяз би, баймын деп аспа, ханмын деп таспа!» деген сөздің иесі кім?a) Ақша ханв) Аяз биc) Кендебайд) Ер Төстік [1]
3.Доспамбет поэзиясының басты тақырыбы
а) табиғат
в) өмір мен өлім
с) заман шындығы
д) жастар тәрбиесі [1]
4. Доспамбет жыраудың «Айналайын, Ақ Жайық» жырына сәйкес келетін қатарды белгілеңіз.
а) туған жерді сағыну
в) елге деген сүйіспеншілік
с) елді жаудан қорғау
д) өткен өмірді аңсау [1]
5. Кілең бұздай кілшейтіп,
Көбелер киген өкінбес.
Жұпарын қардай боратып,
Арулар құшқан өкінбес...- қарамен берілген сөздерге сай қатарды анықтаңыз.
а) теңеу, темір сауыт,теңеу
в) эпитет, сауыт, эпитет
с) сын есім, қару, сын есім
с) теңеу, қару, теңеу [1]
6.Аяз биді сипаттап жазыңыз (5-6 сөйлем)
[2]
7. Ертегінің бас кейіпкері жаман адам ба? Ол хан болуға лайық па?
[2]
8. Әл-Фарабидің «Өрге жүзер өнегелі ісімен, таңда адал дос өз теңіңнің ішінен» деген ойына өз пікіріңізді жазыңыз.
[2]
9. Ғұлама Әл-Фарабидің қасиетін ашатындай 3 сын есім жазыңыз.
[2]
10. «Сарыарқаның бойында, соғысып өлген өкінбес!» деген жолдардан не түсіндіңіз? Жыраудың өмір сүрген заманы қандай, елді кімдерден қорғады ? Өз ойыңызды жазыңыз.
[2]
11. «Аяз би» ертегісіндегі халық арманы. Эссе жазыңыз.
Жалпы «Жерұйық» ұғымының концептілік этимологиясын, мифологиялық тұғырнамасын анықтау маңызды мәселе. «Жерұйық» дегенде біріншіден, құтты мекен ойға оралады, ол қазақ халқының тарихында Асан қайғының философиясымен тығыз байланысты. Себебі, Асан қайғы жел маясына мініп халқына Жерұйық іздейді. Сонда «жерұйық» дегеніміз қандай жер және бүгінгі заманда қазақ халқы өз жерұйығын тапты ма деген сауалдарға жауап іздеу кезек күттірмес мәселе. Орхон-Енисей руникалық жазбаларын негізге ала отырып және оларды археологиялық, этнографиялық, мифологиялық деректермен толықтыра отырып, көне түркілердің дүниетаным түсінігін және олардың космогониялық танымын анықтауға негіз бар. ҚР Президенті, Елбасы Н.Ә. Назарбаев өзінің «Тарих толқынында» атты кітабында: «Бұдан 1,5 мың жыл бұрынғы ғұн нәсілдері – түркілер – Ашина руының түркілері – Ордос алабынан ауған жүнді тайпаларының ежелгі ақсүйек әулиетінен тараған ұрпақтар. Осынау жаңа рухани толқынның тоғысында тұңғыш Түркі қағанаты – Мәңгілік Ел бой көтереді. Бұл үшінші империя жергілікті сақ тайпаларын бұдан арғы мыңжылдықта ғұндардың арынды асау рухының ықпалымен таратып жіберіп, Байкалдан Каспийге дейінгі байтақ өлкені жайлап келген Түркі тайпаларымен біріктіріп, барлығын өз қанатының астына жинаған» [1], – деп атап көрсетуі Қазақ даласының ұлы түркі елінің қара шаңырағы екендігін айқындай түседі.