Қазақ әдебиеті» пәнінен 1-тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары 6 - сынып
1.Аяз би неліктен өзін «жаманмын» деді?
А) Уәзірлерге көмектескені үшін
В) Ханның жұмбағын шешу үшін
С) Далада мал бағып жүргені үшін
Д) Өмір бойы біреудің босағасында жүргені үшін
[1]
2. Жаманның Аяз би аталу себебі неде?
А) әділеттілігінде
В) көрегендігінде
С) тапқырлығында
Д) ақылдылығында
[1]
3.Тіршілікте ... бол төзімді,
Сан мәртебе алдаса да өзіңді.
... еш уақытта жазғырма,
Тіпті кейде болса әзәзіл азғырған, - көп нүктенің орнына қойылатын сөздер қатарын белгілеңіз.
А) болаттай, өміріңді
В) құрыштай, тағдырыңды
С) құрыштай, өміріңді
Д) болаттай, тағдырыңды
[1]
4. Доспамбет жыраудың «Айналайын, Ақ Жайық» жырына сәйкес келетін қатарды белгілеңіз.
А) туған жерді сағыну В) өткен өмірді аңсау С) елді жаудан қорғау
Д) елге деген сүйіспеншілік
[1]
5. Кілең бұздай кілшейтіп, Көбелер киген өкінбес. Жұпарын қардай боратып,
Арулар құшқан өкінбес...- қарамен берілген сөздерге сай қатарды анықтаңыз.
А) теңеу, қару, теңеу
В) эпитет, сауыт, эпитет
С) сын есім, қару, сын есім Д) теңеу, темір сауыт,теңеу
[1]
6. «Аяз әліңді біл, құмырсқа жолыңды біл» дегенді қалай түсінесіз?
[2]
7. Осы заманда кімдерді «жаман» деп айтуға болады?
[2]
8. Әл-Фарабидің «Өрге жүзер өнегелі ісімен, таңда адал дос өз теңіңнің ішінен» деген ойына өз пікіріңізді жазыңыз.
[2]
9. Ғұлама Әл-Фарабидің қасиетін ашатындай 3 сын есім жазыңыз.
[2]
10. «Сарыарқаның бойында, соғысып өлген өкінбес!» деген жолдардан не түсіндіңіз? Жыраудың өмір сүрген заманы қандай, елді кімдерден қорғады ? Өз ойыңызды жазыңыз.
[2]
11. ««Аяз би» ертегісіндегі халық арманы» Эссе жазыңыз.
[5]
Қаныш Сәтпаев.
Қазақстан геологтары ғылыми мектебінің негізін қалаған, геология-минералогия ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Ғылым академиясын ұйымдастырушылардың бірі әрі тұңғыш президенті, академик Қаныш Сәтпаев 1899 жылы 12 сәуірде Теңдік ауылынан 1 километр қашықтықтағы Айрық деген жерде дүниеге келді.
Шын есімі - Ғабдулғани.
2019 жылы атақты ғалымның туғанына 120 жыл жыл аталып өтті.
Сауатын ауыл молдасынан ашқан болашақ ғалым, кейін Шорман ауылында орналасқан мектепке қатынай бастайды. Төрт жылдық бағдарламаны үш жылда аяқтап, 1911 жылы Павлодардағы 2 - сыныпты орыс - қазақ училищесіне аттанады. Аталған білім ордасын да мерзімінен бір жыл бұрын бітіріп шығады.
1914 жылы Семей мұғалімдер семинариясына түсіп, оны төрт жылда аяқтап, бастауыш мектептерге орыс тілінен сабақ беруге құқық беретін куәлікке ие болады.
Қаныш Сәтбаевтың геологиядан басқа ғылымдарда, мәдениет саласында, тарихта қалдырған еңбектері мол.
Ғұлама ғалым Ұлытау өңіріндегі басты-басты тарихи, мәдени, археологиялық ескерткіштерді зерттеді. Жезқазған – Ұлытау өңірінен көптеген этнографиялық мұраларды жинап, «Жезқазған ауданындағы көне заман ескерткіштері» атты еңбегін жазған.
Бұл кісі нағыз «жеті қырлы, бір сырлы» тұлға болған екен...
Қаныш Сәтпаев атында Қазақстан Ғылым академиясының Геология ғылымдары институты, Сәтпаев қаласы, Сәтпаев ғаламшары, Сәтпаев университеті, Сәтпаевтың мұздығы, Қаратаудағы ваннадий кен орнынан табылған «Сәтпаевит» минералы, «Академик Сәтбаев» гладиолиус гүлі, еліміздің қалаларында Сәтпаев көшелері бар.
2,Тамақты қалай қабылдау керек? Тамақты асықпай ішу керек,. Егер тамаққа зейін салмаған жағдайда, адам тойғанын білмей қалып, артығымен тамақтанады.
3,Тамақтын режимын қалай сақтау керек? Тамақтану режимін сақтау керек. Тамақты жиі және аз мөлшерде қабылдау дұрыс (күніне 5 рет). Ұйықтар алдында екі сағат алдында тамақтанған жөн, онда тамақ жақсы қорытылып, ұйқы тыныш болады;
4 Тамақтан кейін неге шәй ішуге болмайды? Тамақтанған соң дереу шай ішуге болмайды. Шайдың құрамында темірді ыдырататын заттар болады. Шайдың орнына шырын ішкен жөн;
5,Таңертеңгі асты неге мұқият қабылдау керек? Таңертеңгі асты мұқият қабылдау. Егер организм 10-12 сағат тамақ қабылдамаса, онда организмдегі қант азайып кетеді. Ертеңгі асты әшпесе,түсте артығымен қабылдайсың, нәтижесінде асқазанға ауыртпалық түсіресің.