Қазақ әдебиеті» пәнінен 4-тоқсан бойынша тоқсандық жиынтық бағалау тапсырмалары. Барлығы- 1.Ол – менің ... ,
ұлдарыма оны дарыттым.
Тәуелсіздік – мен,
ол – менің ... аңызым,
Болмысы ол ұлдың өзіңнен туған, Жарық Күн!- көп нүктенің орнына қолданылатын сөздер қатарын белгілеңіз.
А) жүрегім, биік
В) тегім, асқақ
С) тілегім, биік
Д) тірегім, асқақ [1]
2. «Менің Дағыстаным» шығармасында көтерілген басты мәселе қандай? А) туған жерден кету В) ата-ана сағынышы мен арманы
С) ана сүтімен берілген тілді ұмыту Д) баланың ата-ана, туған жер алдындағы парызы [1]
3.«Прописка» шығармасындағы басты кейіпкердің елге оралуындағы басты мақсаты қандай?
А) тіркеуге отыру В) ауылда жұмыс істеу
С) ауылда уақыт өткізу Д) ағасының жанында болу [1]
4.«Егер тілім ертең болса құрымақ, Мен дайынмын өлуге де бүгін-ақ...» - осы өлең жолдарында автор қандай мәселені алға тартып отыр?
А) тіл тарихы туралы
В) өзге тілді меңгеру қажеттігі С) шет тілдерінің басымдылығы
Д) ана тілінің жойылып бара жатқаны [1]
5.«Ана тілім» өлеңінің негізгі идеясы қандай? А) Өнер алды – қызыл тіл. В) Тіл – қарым-қатынас құралы. С) Тіл жойылса, ел де жойылады. Д) Бірнеше тіл білу - ел болашағы. [1]
6.«Құлыным, сенің тарихың басқа...» тек деген...- деген өлең жолдарынан не түсіндіңіз? Өз ойыңызды жазыңыз. [2]
7. «Прописка» шығармасындағы негізгі кейіпкер желтоқсан оқиғасына қатысқанына өкіне ме? Қалай ойлайсыз? Шығармадан дәлел келтіріңіз. [2]
8.«Менің Дағыстаным» шығармасының негізгі идеясына қатысты өз ойыңызды жазыңыз. [2]
9.«Менің Дағыстаным» шығармасындағы ананың сөзімен келісесіз бе? [2]
10.Тәуелсіздік сөзінің мағынасын ашып жазыңыз, көркемдегіш құралдарды орынды қолданыңыз. [2]
11.«Ана тілі ана сүтімен беріледі, ана тілін ұмыту - анаңды ұмытумен бірдей» тақырыбында эссе жазыңыз. Оқылған шығармалардан дәлел келтіріңіз. Сөз саны- 100.
1. В)
2.а)
3. В)
4. Д)
5. С)