Қазақ халқы ежелден мал шаруашылығымен айналысқан халық. Кезінде ата-бабаларымыз төрт түлікке жайлы қоныс іздеп кең даламызда көшіп-қонып жүрген. Малдың сүті, жүні, терісі, мүйізі, сүйегі тіпті тезегіне дейін өз қажетіне пайдаланып отырған. Мал қазаққа жесе - асы, кисе - кисе киімі, мінсе көлігі, жапанда серігі - болған. Ата-бабаларымыз «мал-жан аман ба?» деп амандасқан. Қазақтар малды тек пайдаланып қана қоймаған, оларды бағып, күтіп, қасиетін, ерекшелігін жақсы білген. Ерте заманнан бері осы төрт түлік малдың пірлері бар. Түйе пірі - Ойсыл қара деп жүрген Увайс Қарани шын мәнінде өмірде болған адам. Пайғамбар дәуірінде өмір сүрген өмірін түйе бағумен өткізген. Ол өз елінің түйелерін бағып өзінің кәсіпке адалдығымен, тақуалығымен, қанағатшылдығымен көпке үлгі болған.
Сиыр пірі - Зеңгі баба. Бұл да өмірде болған адам. Халық ауыз әдебиетінде Зеңгі баба өмірін сиыр бағумен өткізген, түркілер арасында пір болған адам. Мазары Ташкент қаласының түбінде.
Жылқы атасы - Қамбар ата туралы халық арасында әр түрлі дерек бар.
Жылқы атасы - Қамбар ата. Кейбіреулер оны «Қамбар батыр» жырының кейіпкері дейді. Ол атқа мініп жауға шапқан нағыз батыр адам. Сондықтан халық елін жаудан қорғаған ерін, пір тұтады.
Қой атасы - Шопан ата. Ол - ХІІІ-ХІV ғасырларда өмір сүрген аңыздық тұлға. Халық арасында Шопан ата туралы аңыз-әңгімелер көп.
Ешкі пірі - Сексек ата. Дерек бойынша Қазығұрт тауының бауырында жерленген Исмайыл атаның баласы. Бірақ аз зерттелген.
1. Мәтін не туралы?
2. Қандай тақырып қоюға болады?
3.Қандай қызықты мәлімет бар?
4. Мәтіннің негізгі ойы, идеясы?
5. Сенің қорытынды ойың?
Қардың түрлері мен мағынасы
Ақша қар — жаңа жауған таза қар.
Алақанат қар — бір аумаққа жауып, бір аумаққа жаумай, жерге ала түскен қар.
Анжыр — қардың еріп қатуы. Қарғынға аралас қатқан қарлы мұз.
Боз қырау — күзгі күні тоңазудан болатын щық.
Жапалақ қар — ірі түйіршікті жапырақтап жауған қар.
Жылбысқы қар — ери жауған қар.
Көбік қар — жерге түскенде астыңғы қабаты ери беріп, беті көпіршіген жұмсақ қар.
Күпсек қар — қалың жауған ұлпа қар.
Күртік қар — беті қатқан, жаяу жүргенде ақсақ ойылатын қалың қар.
Қасат қар — ұзақ жатқан қалың қар.
Қиыршық қар — жентектелген түйіршік қар.
Қылау — ауадағы су буынан немесе салқын тұман тамшыларынан түрлі зат бетіне, ағаш бұтақтарына қонатын мұз қабаты.
Қырау — суық күзде тоңазыған дымқыл ауаның бір нәрсеге қар тәрізді ағарып қонған түрі.
Қырбық қар — жұқа жауған қар.
Мұздақ қар — үстін мұз торлаған, көкшіл түсті, беті жылтыр сырғанақ қар.
Омбы қар — ат бауырлайтын қалың қар.
Сонар қар — алғаш жауған қалың қар.
Сүрі қар — ерте түсіп, ерімей, қыс бойы қалыңдаған, тозаң топырақ сіңіп, беті күлгін тартқан нығыз қар.
Сіреу қар — ұзақ мезгіл мызғымай жатқан аяқ бастырмас, көлік жүрісіне бөгеу қатты қалың қар.
Ұлпа қар — түйіршіктері үлбіреген жеңіл үлпек қар.
Үйме қар — боранды жел сырғытып, бір жерге тау-төбе болып үйілген қар.
Үрме қар — жел үрлеп, жиынтықтанған тығыз қар.
1. 1909ж
2. «Қазақ салты», «Қазақ, қалпы», «Досыма хат», «Жиған-терген», «Тілек батам», «Жауға түскен жан сөзі», «Бақ»
Объяснение:
1. Ақынның алғашқы өлеңдері «Қырық мысал» атты аударма жинағында 1909 ж. Санкт-Петербургте жарық көрді. Бұл кітабы арқылы қалың ұйқыда жатқан қараңғы елге жар салып, олардың ой-санасын оятуға бар жігер-қайратын, білімін жұмсайды. Ақын әрбір аудармасының соңына өзінің негізгі ойын, айтайын деген түйінді мәселесін халқымыздың сол кездегі тұрмыс-тіршілігіне, мінезіне, психологиясына сәйкес қосып отырған.
2. Байтұрсынұлының екінші кітабы — «Маса» (1911). Бұл кітапқа енген өлеңдерінде ақын қараңғылық, надандық, шаруаға енжарлық, кәсіпке марғаулық сияқты кемшіліктерді сынады. Көптеген өлеңдері сол кездегі ағартушылық бағытпен үндес болды. Ол Шоқан, Абай, Ыбырай қалыптастырған дәстүрлерді, гуманистік, демократиялық бағыттағы өрісті ойларды өзінше жалғастырушы ретінде көрінді. Қоршаған ортаға ойлана, сын көзімен қарайды, қоғам қалпына көңілі толмайды. «Қазақ салты», «Қазақ, қалпы», «Досыма хат», «Жиған-терген», «Тілек батам», «Жауға түскен жан сөзі», «Бақ» т.б. өлеңдерінің мазмұны осыны танытады. Кітаптың ішкі сазы мен ой өрнек, сөз орамы қазақ поэзиясына тән өзіндік жаңалық, ерекше өзгеріс әкелді.