Қазақ ұлттық мәдениетінің ең байырғы, аса құнды салаларының бірі – қолөнері, оның ішінде ою өрнек болып табылады. Ою өрнектер әсемдікпен,
сәнділіктің белгісі ғана емес, сонымен бірге халықтың арман- ойының, тілек
мүддесінің нышаны, осы тұрғыдан алып қарағанда ою өрнектің мазмұндылық
ерекшеліктері сан алуан. Бүгінгі ұрпақ өзінің ұлттық сезімдерін, өнерін
жоғалтпауы қажет. Өнер адамға жақсы әсер ететін және оны тәрбиелейтін
нәзік дүние. Оның құндылығы орасан зор. Сонау жазу-сызу шыға қоймаған
ерте заманда адам өз ойын тасқа, сүйекке, ағашқа ойып, кашап түсіріп
отырған. Қазіргі қолөнер саласындағы «сүйек ою өнері», «ағаш ою өнері»
деген сөздер сол ерте заманда қатыптасқан ұғымдар. Қолөнердің сала-
саласында кең қолданылып келген, өнердің өте көне әрі күрделі түрі- ою-өрнек
өнері. Қазақтың қол тума сәндік өнерінің барлық түрлеріне де оюлар мен
өрнектер алғашқы элемент ретінде қолданылады. Ою мен өрнек қолөнер
бұйымдарының тұтынушылық және эстетикалық мәнін аша түседі. Сондықтан
да қолөнер заттарының әр қайсысындағы оюлау мен өрнектеуге, әшекейлеуге
жіті зер сала білу керек. Бір кезде тасқа, ағашқа , сүйекке түсірілген ою-
таңбалар келе-келе киізге, алаша, кілем тағы басқа заттарға салынатын болған.
Ол белгі таңбалар арқылы халық белгілі бір ұғым түсініктерді аңғартып, біліп
отырған.
.Берілген тұжырымдардан екі «шын» ақпаратты анықтаңыз.
Тұжырым
1)Өнер адамға жақсы әсер беретін және оны
тәрбиелейтін нәзік дүние.
2)Қазақ ұлттық мәдениетінің ең байырғы, құнсыз
салаларының бірі – қолөнері.
3)Ою мен өрнек қолөнер бұйымдарының
тұтынушылық және эстетикалық мәнін аша түседі.
Шын,Жалған
Правильные отвкты
Екі «шын» ақпарат:
1) Өнер адамға жақсы әсер беретін және оны тәрбиелейтін нәзік дүние.
3) Ою мен өрнек қолөнер бұйымдарының тұтынушылық және эстетикалық мәнін аша түседі.