Қазақ Ұлттық Ғылым академиясы 1938 жылы КСРО Ғылым академиясының қазақстандық бөлімі ашылып, ол 1946 жылы Қазақ КСР-інің Ғылым академиясы болып қайта құрылды. 1990 жылға қарай академия жанында 50- ден астам ғылыми-зерттеу институты болып, оларда ғылымның барлық бағыттары бойынша 10 мыңнан аса ғылыми қызметкер жұмыс істеді. Академияның тұңғыш президенті көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері, танымал ғалым, Лениндік және Мемлекеттік сыйлықтардың иегері, академик Қаныш Имантайұлы Сәтбаев болды. Қазақстан ғылымының ондаған жылдар ішіндегі даму жолында республика ғалымдары әлемдік маңызы бар жаңалықтар ашты. Қ.И. Сәтбаев, М.О. Әуезов, Д.А. Қонаев, Ә. Х. Марғұлан, Ш.Е. Есенов, М.А. Айтхожин, Ө.М. Сұлтанғазин, Ө.А. Жолдасбеков, М.Қ. Қозыбаев, М. Жұрынов, А.Қ. Қошанов және басқалары Қазақстан Ғылым академиясының мақтанышына айналды. Қазақстан Ұлттық Ғылым академиясында 43 ғылыми мекеме, олардың ішінде 38 ғылыми-зерттеу институты жұмыс істеді. Ғарыш, ядролық физика, жоғары энергия физикасы, информатика, радиоэлектроника, гуманитарлық және қоғамдық ғылымдар, тарих пен этнология, әдебиет теориясы салаларында күрделі зерттеулер жүргізілді. Құрамына ғылыми-зерттеу мекемелері, тәжірибе стансалары мен шаруашылықтар енген Ауылшаруашылық ғылымдары академиясы табысты еңбек етті. (Балаларға арналған «Менің Отаным – Тәуелсіз Қазақстан» энциклопедиясынан)
1.Мәтін бойынша мәселені анықтауға көмектесетін3 сұрақтар дайында.
1.
2.
3.
Және негізгі ойды білдіретін сөйлемдерді іріктеп, мәтін негізінде жинақы мәтін жаз.
Болашақты болжай білген бабалар.
Екі миллион сегіз жүз мыңдай шаршы квадратты алып жатқан қазақ елі болмысынынан кеңпейіл,қонақжай,батыр да батыл,дана халық екенін білеміз.Бұл қасиеттермен қатар қазақ халқының болашақты болжаушылық қасиеті де таңқалдырмай қоймайды. «Өткенді білмей,болашақты болжай алмайсың» демекші,әрине,болжау көпті көрген,білген адамның қолынан ғана келеді.Осыдан мындаған жылдар бұрын қазақ халқының басына небір нәубеттер түскенде ел жанашылары,белді тұлғалар елдің болашағын күңірене болжаған еді.Солай елдің ертеңін ойлаған Асан қайғы:
Мұнан соң қилы-қилы заман болар,
Заман азып, заң тозып жаман болар.
Қарағайдың басына шортан шығып,
Бабалардың дәурені тәмам болар,— деп таусылуы орынды еді.Қазіргі таңда он сегіз миллиондай халқымызбен ата - бабамыз тек жақсылыққа болжап кеткен дүниелерді жүзеге асырып жатқандығына мен сенемін.
Сын есім - заттың түрін, түсін сапасын, сипатын, көлемін білдіретін сөздер. Сын есім қандай? қай? деген сұрақтарға жауап береді. Мағынасына қарай Сапалық және қатыстық деп бөлінеді. Тұлгасына карай:Негізгі жане Туынды деп бөлінеді.
Зат есім - дегеніміз заттың,құбылыстың,ұғымның атын білдіріп,кім? не? кімдер? нелер? деген сұрактарга жауап береді.